Бм музыка үйрету тәрбиесінің теориясы мен технологиясы


Бағдарламаның елеулі жаңашылдығы



бет30/91
Дата05.02.2022
өлшемі1,28 Mb.
#14086
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   91
Бағдарламаның елеулі жаңашылдығы – оның нысаны – оқшау музыка емес, тұтас өнер: музыка әдебиетпен, бейнелеу өнерімен тікелей байланыста қаралады. Оқушыларға музыка сабақтарында музыканың өнердің басқа түрлерімен жан-жақты байланыс, өмірдегі ортақ негіздері, өзара ықпалы, бірін-бірі толықтыруы туралы түсініктер ұсынылады.
Сөйтіп, музыканы әдебиетпен, бейнелеу өнерімен байланыста оқыту бұл бағдарламаның тақырыптық мазмұнының іргетасын құрайтын маңызды ерекшелігі болып табылды. Музыка сабақтарының басты мақсаттарының бірі- оқушыларының музыкалық ғана емес, сонымен бірге тұтас көркемдік ой-өрісін қалыптастыру белгіленген. Бұл өз кезегінде музыканы қабылдауды, танып-білуді байытады және ең бастысы – музыка сабақтарының неғұрлым терең де, тиімді тәрбиелік ықпалдығына негіз құрады.
Д.Б.Кабалевскийдің «Музыка» бағдарламасының негізгі ерекшелігі болып табылатын өнер түрлерін біртұтастықта оқыту жүйесі бейнелі түрде 1-суретте көрсетілген. Мұнда музыка, әдебиет, бейнелеу өнері, театр, кино туындыларының бәрі де ортақ бір топырақтан-өмірден өніп жетілетіні бейнеленген. Олар бірін-бірі суреттемейді және алмастырмайды, әрқайсысы өзінше өмірдің басты құбылыстарын, тарихи оқиғаларды, табиғат көріністерін, адам мінезі мен ішкі күйін т.б. ұқсастықта бейнелейді. Музыканы оқушыларға жеке-жеке музыкалық әрекеттерге (ән салу, ән тыңдау, музыкалық сауат) бөліп оқшаулап ұсынудан бас тартып, барлық музыкалық әрекет кешенді түрде белгілі бір тақырыптарға топталған музыкалық шығармаларды оқыту барысында біртұтас атқарылады. Сөйтіп оқу бағдарламасы тақырыптар бойынша түзіліп, сол тақырыпты меңгеру барысында музыкалық қабілеттер практикалық дағдылар мен біліктердің дамуы көзделеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет