Бм музыка үйрету тәрбиесінің теориясы мен технологиясы


Дәріс тақырыбы: Жалпы білім беретін қазақ мектептеріндегі музыка бағдарламалары



бет29/91
Дата05.02.2022
өлшемі1,28 Mb.
#14086
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   91
Дәріс тақырыбы: Жалпы білім беретін қазақ мектептеріндегі музыка бағдарламалары.
Дәріс мазмұны:
1. Жалпы білім беретін мектепте /1-8 сыныптар/ музыкадан Д.Б.Кабалевскийдің басшылығымен жасалған бағдарлама.
2. Жалпы білім беретін қазақ мектебіндегі музыкадан «Мұрагер» бағдарламасы
Мақсаты:Музыка бағдарламалары ерекшеліктерін ұғындыру.


Д.Б.Кабалевский бағдарламасының басты ерекшелігі: музыканы оқушыларға жеке-жеке музыкалық әрекеттерге (ән салу, ән тыңдау, музыкалық сауат) бөліп оқшаулап ұсынудан бас тартып, барлық музыкалық әрекет кешенді түрде белгілі бір тақырыптарға топталған музыкалық шығармаларды оқыту барысында біртұтас атқарылады. Сөйтіп оқу бағдарламасы тақырыптар бойынша түзіліп, сол тақырыпты меңгеру барысында музыкалық қабілеттер практикалық дағдылар мен біліктердің дамуы көзделеді.
Музыкалық шығарманың көңіл-күй, сезімдік, адамгершілік-эстетикалық болмысына табан тірей отырып, оны интонациялық – бейнелілік тұтастықта талдауды ұсынады. Мұнда музыкалық нақыштың кез-келген құралын (әуен, ырғақ, лад, тембр т.б.) сезіну, кез-келген орындаушылық дағдыны дамыту музыканың өмірмен байланысын, мазмұн мен түр бірлігін ашуға бағытталған өзінің төл көркемдік қызметтері ретінде атқарылады. Бағдарлама оқу материалдарының қайталануынан арылған музыка пәні оқытылатын барлық сыныптар арасында және бастауыш оқыту сатысы мен негізгі мектеп сатысы арасында сабақтастық сақталып отырады. Онда сабақтарды өткізу жағдайларына, оқушылардың музыкалық өмір тәжірибесінің деңгейіне, ерекшеліктеріне және оқытушының мүмкіндіктеріне қарай біршама еркіндік берілген, тек жалпы тенденциядан ауытқымау шарт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет