Қызығушылық пен белсенділік пр-і. Сабақ қызықты өту үшін мұғалім оның жан-жақты әдәс-тәсілдерге бай, түсінікті болуын қадағалап, үйретілетін ән немесе тыңдатылатын музыкалық шығарманың ерекше құндылығын ескеруі тиіс. Егер балалар сабаққа қызықса, олардың белсенділігі артады.
Ұғымдылық пр-і мұғалім өтілетін материалдың балаға қаншалықты ұғымды болатынын білуі тиіс. Сыныпта бір шығарманы 20 оқушы үйренер болса, 5-і тез, 10-ы біраз қиындықпен қабылдаса, 5-і тіпті қабылдамауы мүмкін.
Жас және жеке ерекшелігін ескеру принципі. Әрбір үйрететін ән баланың жас ерекшелігіне қарай таңдалып алынады. Ерекше қабілетті балалар хорға, вокальдық үйірмелерге тартылады. Дауыс мүмкіншіліктері шамалы, бірақ қызығушылығы бар балаларды өнердің басқа түрлеріне тартуға болады.
Әдістері. Синтез және анализ. Шығарманың айырмашылығы мен ұқсастығын ажырата білу оны талдау . Екі сипаттағы шығарманы алып, екеуін салыстыру.
Қорытындылау - балаларды ойлауға тәрбиелейді, жетілдіреді, ойын тұжырымдай білуге дағдыландырады.
Достарыңызбен бөлісу: |