Дәріс тақырыбы: К.Қуатбаев әндері.
Дәріс мазмұны: 1.К.Қуатбаев өмірі
2.Сазгер әндеріне сипаттама.
Мақсаты: Сазгердің әндерімен таныстыру.
Шығармаларының көбін балалар әндеріне арқау еткен композитордың бірі - Күнсайын Қуатбаев. Оның мектептегі пәндерді таныстыруға арналған «Ән сабағы», «Сурет сабағы», «Есеп сабағы», «Әлі оқып жүр ақылдың» әндері бар. Табиғат, Отан, жыл мезгілдеріне арнаған «Моншақтар», «Көктем», «Біз –туған ел баласы», «Ел қорғауға әзірміз», «Саяхатта», «Жарқын жаз» әндерін айтуға болады.
Өзіндік бақылау сұрақтары:
Сазгердің әндерін ата?
Әндерінің тақырыптық мазмұны қандай?
Әндеріне аннотация бер.
Әдебиеттер: [2 ]; [14 ]; [ 15];
№13 Дәріс сабақ
Дәріс тақырыбы: Интегративтік оқыту технологиясы
Мақсаты: Интеграция сөзін ашып, интеграцияланған сабақтарды оқыту.
Кілттік сөздер: Интеграция.
Дәріс мазмұны:
1. Интегративтік оқыту технологиясына сипаттама
2. Өнер пәндерін интеграциялап оқыту технологиясы
Латынша «integratio» сөзінің қазақша мағынасы қайта құру (восстановление), толықтыру (восполнение), педагогика және психологиялық қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде «қалпына келтіру»/ / дегенді білдіреді.Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында: «отандық дәстүрлер, әлемдік тәжірибе және тұрақты даму қағидаттары негізінде білім берудің мазмұны мен құрылымын жаңғырту» міндеттері көзделген /10, 2б/.
Білім берудің құрылымы мен мазмұны жаңартылып, оқу орындарының жаңа түрлері мен үлгілері пайда болуымен қатар, білім берудің саралануы мен интеграциясы күшеюде.
Мемлекетіміздің болашақ дамуына арналған «Қазақстан-2030» бағдарламасында жоғарғы білімнің сапалығы, адам сүйгіштігі және ғаламдануы арқылы мәдениет жасауға, интеграцияға ерекше мән бергені белгілі /11/.
Интеграциялық оқытуды жүзеге асыру, оның ғылыми деңгейін арттыру, тұтастай алғанда оқушылардың танымдық әрекетіне тән дағдыларды қалыптастыру міндеті күн тәртібіне қойылған ділгір мәселелердің бірі.
Оқыту мен тәрбиелеудегі сабақтастық, пәнаралық байланыс мәселесін және білім берудегі интеграцияны әртүрлі негізде жасауға ұлы педагогтар Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский, Н.К.Крупская т.б. бастау салып, әрі қарай ғалымдар М.Н.Берулова, Н.К.Виноградова, Л.С.Выготский, М.А.Данилов, В.В.Давыдов, И.Д.Зверев, В.Н. И.А.Лошкарева, И.Л.Лернер, В.Н.Максимова, Н.В.Малахов, Н.Н. Светловская, Ю.С.Тюнников, т.б. зор үлестерін қосты. Бұл педагог-психолог ғалымдардың еңбектерінде интеграция жан-жақты қарастырылып, пәнаралық байланыстың оқу-тәрбие үрдісіндегі ролін көрсетіп, оқушылардың танымдық қасиеттерінің дамуына тиімді әсер беретін жақтарына тоқталып, шәкірт қызығушылығын тудыратынын дәлелдей білді.
Қазақстандық педагогикада жалпы білім беретін оқу – тәрбие үрдісіндегі интеграция мәселесінің педагогикалық негізін А.А.Әбдиев, Р.К.Аббасова А.Р.Бектениярова, А.А.Бейсенбава, А. Ерімбетова, Б.Т. Нәбиева, т.б. сипаттаса, жаңа үлгідегі мектептердің ғылым мен тәжірибе интеграцияның педагогикасының негізін Г.К.Меңдіғалиева, бастауыш білім мазмұнын интеграциялау мәселесін К.Жүнісова, Ә.М Мұханбетжанова және т.б. қарастырған.
Өнер-ой мен сезім бірлігі арқылы әлемнің тұтастай көрінісін жасайтын адам әрекетінің бір түрі, өнер және оның түрлері өзінің жақсы үлгілері арқылы адамның рухани мәдениетін байытып, дүниетанымын кеңейтеді. Өнердің қай түрі болмасын ең алдымен түйсік, қабылдауға баса көңіл аудару қажет .
Өнер пәндері арқылы жеке тұлғаны рухани әлеміне мақсатты түрде әсер ету үшін, алдымен оқушылардың өнер шығармасына деген қызығушылығын оятып, оны көре, әсерлі тыңдай, қабылдай білуге, көркемдікті, әдемілікті сезіне білуге баулу қажет.
Әдебиеттер:
1. Педагогикалық психологиялық сөздік
№ 14 дәріс
Достарыңызбен бөлісу: |