Тақырып: Күй өнері
Мақсаты: Төкпе және шертпе күйлер туралы түсінік беру.
Кілттік сөздер: Төкпе күйлер. Шертпе күйлер.
Дәріс мазмұны: 1. Төкпе күй мектебі
2. Шертпе күй мектебі
Қазақ музыкасы өнерінің халықпен бірге жасасып, тарихи әлеуметтік өмірі мен толғаныс-тебіреністерін үздіксіз баян етіп келе жатқан саласы - ән мен күй. Соның ішінде күй жанрының алар орны бір бөлек.
Күй – бағдарлы мазмұны бар, көркемдігі жоғары аспаптық жанр. Онда табиғат құбылыстары («Алатау», «Саржайлау» т.б.), тарихи оқиғалар («Ел айрылған», «жеңіс» т.б.), халық мерекелері («Тойбастар», «Мереке» т.б.), жан-жануарлар («Аққу», «Ақсақ киік» т.б.) т.б. түрлі оқиғалар мен құбылыстар суреттеледі. Күйлер тақырыбы мен мазмұнына қарай аңыз күйлер, тартыс күйлер, тарихи, арнау, лирикалық және психологиялық күйлер болып жіктеледі.
Төкпе күйлер – бұл күйлер көбінесе Батыс Қазақстанда, кіші жүз қазақтарында қалыптасқан. Бұл күйлердің екпініжүрдек, шапшаң, алай-дүлей шабыс, ат тұяғының сатыры естілгендей болады. «Кіші жүзді найза бер де жауға қой» - дегендей, көрші орыс, қалмақтармен көп қақтығысқандықтан да болар немесе С.Датов, И.Тайманов т.б. көтерілістер де күй мінезіне әсер етуі хақ. Мысалы, «Нарату», «Бөгелек», «Адай», «Төремұрат», «Түрмеден қашқан», «Тартыс» т.б. күйлер.
2. Шертпе күйлер-қазақтың күй жанрының ішіндегі көп тараған күйлерінің бірі. Екі ішектен қос дауыстың мүмкіншілігін жеке-жеке пайдаланып, нәзік нюанстар, әсем қағыстарға, сыршыл лиризмге толы көптеген күйлер топтастырады. Шертпе күйлер мектебін қалыптастырушылар Тәттімбет, Тоқа, т.б. және бұл өнерді әрі қарай жалғастырушылар Ә.Хасенов, М.Хамзин, Т.Момбеков т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |