БҚО ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
«БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ИНДУСТРИАЛДЫ КОЛЛЕДЖІ» МКҚК
ҚАРАЛДЫ:
«Токарлық ісі және металл өңдеу» ЦӘК отырысында
№ ___ хаттама «___»____2015ж
ЦӘК жетекшісі:
________ Д.Сариева
|
КЕЛІСІЛДІ:
БҚИК әдіскері
_________ Е.Мергенбаева
|
БЕКІТЕМІН:
БҚИК директорының
ОІЖ орынбасары: _______М.Сисенгалиева
|
Ашық сабақтың
әдістемелік дайындамасы
Тақырыбы:
«Кертпелерді және ойықтарды дискілі фрезамен фрезерлеу»
Құрастырған:
Арнайы пәндер оқытушысы – Сариева Д.А
Орал қаласы
2015-2016 оқу жылы
Пәні: арнайы технология
Топ: №6К
Күні: 21.10.2015ж
Сабақтын тақырыбы: Кертпелерді және ойықтарды дискілі фрезамен фрезерлеу
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік:
- Оқушыларға фрезерлік станокта орындалатын кертпелер мен ойық түрлерін таныстыру;
- дискілі фрезаларды қолданып ойықтар мен кертпелерді орындау технологиясымен таныстыру;
- материалды оқыту барысында негізгі анықтамаларды жаттату;
2) Дамытушылық:
- техникалық ойлау, жүйелеу, байланыстыру қабілеттерін арттыру;
- Фрезерлеу процесінің мүмкіншіліктері туралы білімдерін жоғарылату;
- Оқушылардың зейінін, ойлау, зерде процестерін дамыту. Қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау, шығармашылық қабілетін дамыту.
3) Тәрбиелік:
- оқушылардың бір-біріне деген қарым-қатынасын, кішіпейілді, үлгілі, ұқыпты болуға тәрбиелеу;
- аспаптар мен материалдарды күтіп, ұстауға тәрбиелеу;
- жұмыстарды орындау кезінде дәлдік пен ұқыптылыққа тәрбиелеу;
- Дидактикалық, логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың ақыл-ой белсенділігін тәрбиелеу, ұйымшылдыққа, мәдениеттілікке, тиянақтылыққа баулу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтын әдісі: Сұрақ –жауап, сұхбаттасу, түсіндіру, көрнекілік, демонстрация, ойын элементтері.
Құрал-жабдықтар: слайдтар, сызбалар, интерактивті тақта, таблица, үлестірме материалдар, макеттер
Пәнаралық байланыс: өндірістік оқыту
№
р/с
|
Сабақ барысы
|
Уақыты
|
Оқушылар міндеті
|
Ескерту
|
І
|
Ұймдастыру бөлімі.
|
3
|
|
|
|
Топ жетекші есебі
Сабаққа дайындығын тексеру
Сабақтың жоспары мен мақсатын хабарлап, оқушылардың белсенділігін қалыптастыру.
О
Топтар өздерін таныстырады
қушыларды 3 топқа бөлу
Сабақты бағалайтын әділ қазы мүшесін таныстыру
І тур. Таныс болайық
|
|
Сабаққа дайындалу
3 топқа бөлініп отыру
|
-Топты түгелдеу
-сабақ құралдарын шығарту
-жаңа сабақтың мақсаты
Слайд №1,2,3,4
|
ІІ
|
Үй тапсырмасын сұрау
|
12
|
|
|
|
«Кім жылдам» ойыны сұрақтарға тез жауап беру «Кертпелерді және ойықтарды фрезерлеу»
ІІІ тур. Ең үздік теоретик
«Аспаптарды танисыңба»
|
|
Сұрақтарға ауызша тез жауап береді.
Өткен тақырыптарды еске алады
Берілген аспап туралы топтан бір оқушы шығып аяндайды, қалғандары тыңдайды
|
Сұрақтар слайд түрінде интерактивті тақтада көрсетіледі
Слайдтар №5,6,7
Тақта алдында аспаптар орналастырылады.
Слайд №8
|
ІІІ
|
Жаңа сабақты түсіндіру
|
15
|
|
|
|
Сабақ тақырыбын, мақсатын, жаңа түсініктерді хабарлау.
- Дискілік фрезалардың арналуы
- Дискілік фреза құрылысы
- Дискілік фрезаның түрлері
- Дискілік фрезаның түрлерінің кертік және ойық фрезезерлеуде қолданылуы
Жаңа материалдарды дәптерге жаздыру.
-интерактивті тақтадан бейне материал қосу
|
|
Оқытушыны тыңдайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Түсіндіруді тыңдап, слайдты қарайды.
Анықтамаларды дәптерге жазады.
Бейне материалды қарау.
|
Презентация
Слайдтар №9
Слайд № 10
Слайды № 11
Слайд № 12
Слайд № 13
Бейне материал №1,2
|
ІV
|
Жаңа сабақты бекіту
|
10
|
|
|
|
«Не білдім» компютерлік тест
|
|
Тақтада көрсетілген сурет атауларын атау.
Тест орындау
|
Слайдтар № 1-12
Тестер бағдарламасындағы тест жұмысы
|
V
|
Қорытындылау, оқушыларды бағала.
|
3
|
|
|
|
Топтардың қорытынды ұпайын шығарып, жеңімпаз топты хабарлау
Оқушыларды бағалау
|
|
Оқытушыны тыңдайды
Әділ қазыны тыңдайды
|
Слайд № 15
|
VІ
|
Үй тапсырмасын беру:
Үй тапсырмасын хабарлау. Ф.А.Барбашов «Фрезерное дело», §17, 44-46 бет
|
2
|
|
|
Сайыс бағдарламасы
Тур №
|
Сайыс атауы
|
Сайыс тапсырмасы
|
Бағалау шкаласы
|
1.
|
Капитанды таңдап, топ атауын қою
|
Топ мүшелерінің сөзі
|
1 ұ.
|
2.
|
Марафон «Кім жылдам»
|
«Кім жылдам» үй тапсырмасы сұрақтарына тез арада жауап беру
|
1 ұ- тезділікке
1 ұ- әр дұрыс жауапқа (барлығы-10 ұ)
|
3.
|
Ең үздік теоретик «Аспаптарды танисың ба?»
|
Әр топтан бір оқушы шығып, бір-бірден аспапты таңдап, ол аспаптың атауын, қолданылуын баяндап береді.
|
Дұрыс жауап үшін 1 ұ.
( Барлығы 3 ұ.)
|
4.
|
«Ойлан тап»
|
Күрделілік деңгейге байланысты балл таңдап, сол ұпайды иелену.әр топтан сабаққа аз қатысқан топ мүшесі шығып таңдайды. Жауап болмаған жағдайда топ мүшелері көмектесіп, толықтыруға болады. Мүлдем жауап болмаса немесе дұрыс емес болса, қарсы топ жауап беріп, ұпайды иеленеді.
|
Әр дұрыс жауап үшін -1-3 ұ.
|
5.
|
Ең үздік зияткерлер тобы
«Не білдім?»
|
Компютерлік тест
|
Компютер бағалайды
|
2-тур. Марафон «Кім жылдам» тапсырмасы
Кертік деген не? (Кертік деп екі өзара перпендикуляр жазықтықта шектеліп, қалыптасқан сатылы белгіні айтады)
Ойық деген не? (Ойық деп жазықтықтың немесе фасонды беттердің шектелген бөлшек белгісі)
Бөлшекте неше кертік болуы мүмкін? (бөлшекте бір, екі, үш және оданда көп кертік болуы мүмкін)
Ойық белгісінің пішініне байланысты қандай түрлері болады? (Ойық белгісі пішініне байланысты тікбұрышты, Т-тәрізді және фасонды)
Ойық түріне байланысты жіктелуі? (Ойық түрлеріне қарай өтпелі, ашық немесе шығысты және жабық болып жіктеледі)
Кертік және ойықтарды қандай станоктарда өңдейді? (Кертік және ойықты фрезерлік станокта орындайды)
Фрезерлеу арқылы өңделген кертік және ойықтар қандай техникалық талаптарды қамтамасыз етуіқажет? (Фрезерлеу арқылы өңделген кертік және ойықтар тағайындалуына байланысты өндіріс сериясына, өлшемдердің дәлдігігіне, орналасу дәлдігіне, беттің кедір бұдырлығыны сияқты әр түрлі техникалық талаптарға тәуелді)
Кертіктер мен ойықтарды қандай фрезалармен орындайды? (Кертіктер мен ойықтарды дискілік, шектік, дискілік фрезалар жинағы, сонымен қатар кертіктерді бүйірлік фрезалармен фрезерлейді)
Берілген ойық түрлерін атаңыз? (а, б,в, г, фасондық д-Т-тәрізді, е-өтпелі )
Берілген ойық түрлерін атаңыз? (а-өтпелі, б-ашық, в-жабық)
Достарыңызбен бөлісу: |