БҚО, Казталов ауданы, Әбіш ауылы Әбіш негізгі мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Ерекешова Назгүл Темірболатқызы



Дата09.02.2017
өлшемі57,76 Kb.
#8954
БҚО, Казталов ауданы, Әбіш ауылы

Әбіш негізгі мектебінің тарих

пәнінің мұғалімі

Ерекешова Назгүл Темірболатқызы
Күні: 14.02.2015 жыл

Сыныбы: 5 сынып

Пәні: Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сабақтың тақырыбы: §41. Қазақ халқының музыка өнері

Сабақтың мақсаты:


  • Білімділік: қазақ халқының ұлттық музыкалық мәдениетінің ерекшелігін аша отырып, оқушыларға қазақтың ұлттық ән-күй өнері мен оның дамуы туралы нақты мағлұмат беру.

  • Дамытушылық: рухани мәдениетке деген көзқарастарын қалыптастыру, өз беттерінше мәдени құндылықтарды түсіне білу және оларды бағалай білу қабілеттерін дамыту.

  • Тәрбиелік: рухани құндылықты құрметтеуге үйрету, халқымыздың ұлттық мәдениетіне деген сүйіспеншілігін ояту, адамгершілікке, парасаттылыққа, білімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, Жигсо әдісі, топпен жұмыс, топтастыру, инсерт әдісі,

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, музыка, бейнелеу өнері

Сабақтық көрнекілігі: Жаяу Мұса, Құрманғазы, Ақан сері, Қорқыт суреттері және домбыра, қобыз суреттері, слайд материалы, музыкалық аспаптар,

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқу құралын тексеріп түгелдеу

2. Оқушы зейінін сабаққа аудару

а) Психологиялық дайындық: Тренинг

«Амандасу – сәлемдесу».



Мақсаты: Балаларды біріктіріп, өзара сенім жағдайын құру.

Барысы: - Қайырлы күн, Ердәулет! (күліп, басын изеу)

Қайырлы таң, Ақерке!



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 1. «Зымыран сұрақтар»:

1. Қазақ халқының ұлттық салт – дәстүрлерін атап шық?

2. «Ұлыстың ұлы күні» деп қандай күнді атайды, неліктен деп ойлайсың?

3. Наурыз мейрамы қалай тойланады?

4. Наурызға қатысты қандай бата – тілектер бар?

5. Қазақ халқының қандай дәстүрлі ұлттық ойындарын білесіңдер?



2. Тарихи диктант: Наурыз күнін жұрт бар ............. киіп, үлкен ............. қарсы алған. Бір – біріне өкпелі ................. барлық реніштерін ұмытып, ................ , төс қағысып, ......... болған. Бір – біріне жақсы, игі ............ айтып, ақ ниетпен .......... беріскен.

І. Қызығушылығын ояту:

Музыка дегенде ойларыңа не келеді? (үнтаспадан музыка ойнату). Көздерін жұмғызып қойып, жауап алу. (ән, өлең, күй, күйші, әнші) Тыңдаған музыкаларың ән бе, әлде күй ме? Сонда біздің бүгінгі сабағымыз не туралы болады екен? (Балалардың жауаптары тыңдалады)



III. Жаңа сабақ: §41. Қазақ халқының музыка өнері

Сабақтың жоспары: «Әнге әуес, күйге құмар бала – жаны сұлу, өмірге ғашық болып өседі»

1. Дала әуендері М.О.Әуезов

2. Күй өнері.



  • Қазақтың ұлттық ән-күй өнері жайлы не білеміз?

Музыка өнері - халқымыздың дамыған ежелгі рухани мәдениеттерінің бір саласы болып табылады. Халқымызда ежелден қалыптаскан дәстүр бойынша адам дүниеге әнмен келіп (Бесік жыры) о дүниеге әнмен (Жоқтау) аттанған. Осының өзі музыканың қазақ халқының арасында алатын орнының жоғары екенін айғақтайды. Қазақ халқында барлық той-думан, мерекелері ән-күйсіз өтпеген.

Сынып оқушыларын екі топқа бөлемін:



І топ: Әншілер тобы ІІ топ: Күйшілер тобы

Оқулықпен жұмыс: «Жигсо әдісі». Мәтінді мұқият оқып, талдап, келесі топқа түсіндіреді. ІІ топ та солай оқиды.

Топтастыру: Ұлттық музыка аспаптары: домбыра, қобыз, сыбызғы, дауылпаз, жетіген т.б.

Сол таңдап алған аспап туралы әр топ ақылдаса отырып қандай жағдайда қолданатынын, жасайтынын атап шығу керек. Бұдан әрі осы аспап жайында әр топ бір-біріне сұрақ қояды.



  • I топ - II топқа

  • II топ - Iтопқа

Ертеден келе жатқан музыка өнерінде әншілер мен күйшілердің алатын орны ерекше. Қазақ халқы оларды қай заманда болсын қадірлеп өткен.

Әнші-сазгерлер: Ақан сері, Біржан сал, Жаяу Мұса, Естай, Мәди, Майра, Әсет т. б.

Күйшілер: Құрманғазы, Дәулеткерей, Ықылас, Тәттімбет, Дина, Қорқыт ата т. б.

Шығармашылық жұмыс: мазмұны жағынан бір – біріне үйлесетін кесте ұяшықтарын сәйкес сандармен белгілеп, бірдей түспен боя.

Құрманғазы

40 – тан астам күй

«Қосбасар»

Тәттімбет

Қорқыт

«Кішкентай»

Дина Нұрпейісова

Жиделі жері

Қобыз

Бақсылардың қамқоршысы

«Жалғыз аяқ»

Ықылас


ІҮ. Сабақты бекіту: Тапсырма: (үш жақты түсіндірмелі күнделік)


Ең ұнаған нәрсе

Не себепті ұнады?

Сұрақ

1. Дала әуендері







2. Күй өнері







3. Ән – күй өнеріндегі белгілі тұлғалар







Мұғалім: Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең.

Өмірдегі бар қызығың өлеңменен,

Ойласаңшы бос қақпай елең - селең, - деп ұлы Абай атамыз айтқандай, ән өнері өмірге сән беретін қоғамдық сипаты бар құбылыс. «Ездің басын қаңғыртып, ердің көңілін жаңғыртатын» табиғатын саралап келгенде айтар тағылым ән де, өлең сияқты еріккеннің ермегі емес, жанның айнасы, өнер құбылысының көрінісі.



Қорытынды: «Инсерт әдісі» картасын толтыру


Не білемін?


Не білдім?

Не білгім келеді?







Біржан салдың «Көкек» және Ақан серінің «Маңмаңгер» әндерінен үзінді келтіру.



Ү. Бағалау: оқушылардың сабаққа қатысуын ескере отырып, білім деңгейін бағалаймын.

ҮІ. Үй тапсырмасын беру: §41. Қазақ халқының музыка өнері 141 – 144 бет

1. «Егер мен әнші болсам немесе күйші болсам» тақырыбында эссе жазу.



2. Туған өлкеміздің әншілері мен күйшілерін жазып келу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет