1. Қашықтан оқытудың мақсаты.
Мектепте педагогикалық үдерісті ұйымдастыруда сапалы нәтижеге қол жеткізу үшін әр түрлі тәсілдер жүзеге асырылады.
Қашықтан оқыту – бұл білім алушының қызметін жылдам және икемді үйлестіруге мүмкіндік беретін заманауи ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, өз бетінше оқыту принципіне негізделген оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру.
Қашықтан оқытудың мақсаты – оқушыларға өзгермелі жағдайда «Өзін-өзі тану» пәні бойынша сапалы білім алуға мүмкіндік беру, оларға осы әлеуметтік-экономикалық жағдайда табысты бейімделуге, жеке тұлғаның рухани-адамгершілік дамуына ықпал ететін қасиеттерді қалыптастыруға көмектесу.
Оқыту ортасы мұғалім мен оқушылардың кеңістікте және уақыт қашықтығымен анықталады, сонымен қатар телекоммуникация құралдарының көмегімен диалогты қолдау мүмкіндігі бар. Сабақта заманауи ақпараттық-компьютерлік технологияларды қолдану оқушылардың қызығушылығын тудырады, танымдық-шығармашылық қызметті белсенді етіп, аналитикалық ойлауды дамытуға ықпал етеді.
Сабақта заманауи ақпараттық-компьютерлік технологияларды қолдану оқушылардың қызығушылығын тудырады, танымдық-шығармашылық қызметті белсендіреді, қажет болған жағдайда ата-аналарға оқу-тәрбие үдерісіне қосылуға мүмкіндік береді.
Оң жақтары:
* оқыту сапасының өсуі;
* оқытуды икемді саралау;
* белсенді танымдық-шығармашылық қызметке тарту;
* зерттеу қызметінде үлкен дербестік көрсету;
* ата-аналармен ынтымақтастық мүмкіндігі;
* таңдау еркіндігі және сабаққа дайындық жылдамдығы
Қашықтан оқыту жағдайында сапалы нәтижелер алуда белгілі бір қиындықтар бар,
бұл:
* мұғалімнің оқушылармен құрған эмоциялық диалогының болмауы;
* ғимараттың географиялық орналасуына байланысты интернет желісінің әлсіз жұмысы;
* оқушының қабілеті мен өзін-өзі тануы; тапсырмаларды орындау кезінде ата-аналардың шектен тыс қамқорлығы, жобалау қызметіне қатысу.
Достарыңызбен бөлісу: |