«Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы Адамның үйлесімді даму институты Ата-аналарға арналған нұсқаулық



бет9/17
Дата21.12.2021
өлшемі174,5 Kb.
#104612
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
Байланысты:
Ата-аналарға арналған нұсқау

11-сынып

Оқушылар 11- сыныптың соңында:




  • адам үшін жалпыадамзаттық, рухани-адамгершіліктік құндылықтардың маңызын түсінеді;

  • өзара адами қарым-қатынастарды тани алады және оны бағалай біледі;

  • командада еңбектене біледі, топ пен ұжымда өз мәртебесін анықтай алады;

  • адам өміріндегі отбасын құрудың маңызын саналы түсініп, есею өміріндегі болашағын сезіне алады;

  • өзінің мінез-құлқын, эмоцияларын басқара алады;

  • эстетикалық талғамға, жақсы әдеттерге ие,жақсы әдеттерін көрсете алады, күнделікті өмірде сұлулық заңдылықтарын пайдаланады;

  • өз ойы мен сезімдерін еркін жеткізеді;

  • қоршаған әлеммен үйлесімді қатынас құруға ұмтылады;

  • өзінің ұстанымдары мен нанымдарын қорғай алады;

  • қиянат жасау мен қатыгездікке қарсы тұрады;

  • отбасында, ұжымда денсаулық сақтау ортасы жағдайларын жасау және қолдау үшін білімдері мен іскерліктерін қолданады;

  • өзін-өзі жетілдіру үшін өмірлік жағдаяттарды шығармашылықпен және тиімді пайдалана алады;

  • өзін-өзі қалыптастыруға ұмтылады;

  • жалпыадамзаттық құндылықтарды басшылыққа ала отырып, өмірлік әртүрлі жағдаяттарда жауапты шешімдер қабылдай алады.

  • өзіндегі шынайы көшбасшылық қасиетті дамытуға ұмтылады.



  1. Қашықтан оқыту жағдайындағы Өзін-өзі тану сабағының құрылымы

Өзін-өзі тану сабағының нақты құрылымы бар, ол мұғалімге өзінің педагогикалық ойына сәйкес шығармашылық сабақ құруға көмектеседі. Өзін-өзі тану сабағында баланың өз ашуларын жасауға мүмкіндік алаңы құрылады, өйткені балаларға ешқашан дайын білім берілмейді, дайын шешімдер ұсынылмайды. Ата-аналарға оқу материалын берудің ерекшеліктерін түсіну, оқушының адамгершілік-рухани білім беру үдерісіне қатысу өте маңызды.

Сабақ оқу материалын эмоционалды – бейнелі қабылдауға, оқушылардың танымдық қызығушылығын белсендіруге ықпал ететін Өзін-өзі тану сабағының міндетті компоненті-сабақтың дәйексөзінен басталады. Дәйексөз ретінде белгілі адамдардың ұлағатты сөздері, ой-пікірлері, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, ұлағатты сөздер қолданылуы мүмкін.

Даналық сөздерде оқушылар сабақ барысында түсінетін тақырыптың негізгі идеясы бар. Дәйексөзді айта отырып, мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбына енгізеді, осылайша дәйексөз мазмұны арқылы сабақ барысында жауап табуға болатын басты сұрақтарды анықтауды ұсынады. Ата-аналар оқушылармен өӨзін-өзі тану сабағы туралы әңгімелесе отырып, оған сабақта берілген нақыл сөздерді еске түсіруді ұсынады. Бұл әдіс балаға тақырыптың маңызды идеяларын түсінуге көмектеседі. Оқулықта сабақ дәйексөздері тиісті айдарда ұсынылады және ата-аналар оқушының оқу үдерісіне қатысуын тексере алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет