Сонымен қорыта, келе азаматтық құқық – Қазақстан Республикасы құқығының саласы. Ол азаматтық құқықтық қатынастар деп аталатын қатынастарды реттейді. Азаматтық құқық нормалармен реттелген қатынастар оның мәнін құрайды. Заттарды сатып алу-сату, сыйлау, заттарды (меншікті) иемдену мүліктік қатынастар.
Сонымен, азаматтық-құқық қатынастарға жеке, заңды тұлғалар қатысады. Сонымен бірге мемлекет, әкімшілік-аумақтық бірліктер де оған қатысушылар болып табылады.
Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар жеке тұлға ретінде танылады. Тұтастай алғанда, азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылардың (субьектілердің) бәрі құқықтарға ие болу мен міндеттемелер атқару мүмкіндіктері бойынша тең болады.
Субьектілер құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігіне ие болғаннан кейін азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысады. Құқық қабілеттілігі азаматтық құқықтарға ие болу және міндеттемелерді алу қабілеттілігі ретінде түсіндіріледі.
Адамның өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарды алу және жүзеге асыру, өзіне азаматтық міндеттерді белгілеу және оны орындау қабілеті әрекет қабілеттілігі деп аталады. Ол толықтай көлемінде кәмелеттік жасқа, яғни он сегіз жасқа толғанда туындайды.