Мазмұны III. Мектеп қызметі – Үрдіс 19



бет1/17
Дата10.07.2017
өлшемі3,35 Mb.
#20999
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
МАЗМҰНЫ

III. МЕКТЕП ҚЫЗМЕТІ – ҮРДІС 19

1. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының орындалуы туралы 19

2. «Білім туралы» Заңын орындау 21

3. Әлеуметтік педагогтың жұмысы 25

4.«Ақпараттандыру бағдарламаны» жүзеге асыру 27

8. СӨС қалыптастыру бойынша жұмыстары 75

IV. Оқыту мен тәрбиелеуді тиісті 82

деңгеймен қамтамасыз етудегі жағдай 82

2. Мектепті басқару 85

Ата-аналармен жұмыс 2015-2016 оқу жылы 88

1.Кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқықбұзушылығын алдын алу бойынша жұмыс жоспары 108

2.Кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқықбұзушылығын алдын алу бойынша жұмыс жоспары 109

МЕКТЕПIШIЛIК БАҚЫЛАУ ЕСКЕРТУ: 113


І. АҚПАРАТТЫҚ АНЫҚТАМА
«Павлодар қаласының №43 жалпы орта білім беру мектебі» Мемлекеттік мекемесі 1973 жылы негізі қаланған. Жобалық қуаттылығы – 960 оқушы.

Мектеп үшқабатты, ғимаратың жалпы аумағы 6122,1 ш.м. құрайды. Оның ішінде - 38 оқу кабинеті, 3 – компьютерлік сынып, 10 кабинет интерактивті құралдармен жабдықталған, барлық 148 компьютер Интернет желісіне қосылған. Спорт залы, 1 оқыту шеберханасы, 1 еңбек кабинеті, 70 орынға арналған мәжіліс залы, 140 орынға арналған асхана, 8 орынды оқырман залы бар кітапхана, АӘД кабинеті мен қару-жарақ сақтайтын бөлме, 4 арнайы кабинет, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кабинеті, 4 медициналық кабинет бар.

Заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 140006, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі - 95.

Мектеп қызметі:

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті, «Павлодар облысы Білім саласындағы бақылау департаменті» мемлекеттік мекемесі 2013 жылғы 01 сәуірдегі берілген №13004786 мемлекеттік лицензиясы, жалпы орта білім беру саласында білім беру қызметін жүргізу құқығын беру және 2012 жылғы 23 қарашада электронды түрде расталған негізде;


  • Павлодар қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 5 шілдедегі №753 қаулысымен бекітілген, «Павлодар қаласының №43 жалпы орта білім беру мектебі» Мемлекеттік мекемесінің жарғысы;

  • 2006 жылғы 31 наурыздағы жылжымайтын мүлік және мәмілеге тұру жөніндегі Мемлекеттік қайта тіркеу құқығы туралы куәлігі № СГРП 2006/11890;

  • 2003 жылғы 20 наурыздағы № 0001541 Жер қолдану құқығы актісі (Павлодар облысы, Павлодар қаласы әкімдігінің 1999 жылғы 19 қаңтардағы шығарған шешім негіздемесі №15);

- Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасымен 2005 жылғы 14 қыркүйектен берілген №00096DS медициналық қызметпен айналысу лицензиясы.

II. 2015-2016 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ЖҰМЫС АНАЛИЗІ
1. Жыл тақырыбы, мақсаты мен міндеттері
Мектепті дамыту бағдарламасына сәйкес, 2015-2016 оқу жыл ағымында «Жаңа білім беру құзыреттілігі саласында мектепті дамыту және жұмыс жүйесі» тақырыбы бойынша жұмыс жалғасты.

2015-2016 оқу жылының негізгі мақсаты – 12 жылдық оқытуға көшу дайындығы, мемлекеттік тілде оқытылатын сыныптарды ашуды жалғастыру, негізгі орта буын сыныптарында мемлекеттік тілді тереңдетіп оқытуды жалғастыру (5-сыныптар), орта буындағы гимназиялық сыныптарды оқыту (3,7 сыныптар).

ҚР Білім дамыту Бағдарламасының ережесіне сәйкес, мектеп ұжымы оқыту құзіреттілігінің теориялық негіздерін үйренуді аяқтап, оны әрі қарай тәжірибеде қолдануды жалғастырмақ. 2015-2016 оқу жылындағы әдістемелік жұмыстың негізгі мақсаты – «Жаңа білім беру саласын дамытуда педагог құзіреттілігін кәсіби жетілдіру» болып табылады.

Педагогикалық ұжымның назарындағы басты мәселесі – заманауи білім беру технологиялар, электронды құрал-жабдықтарды толық игеру, сондай-ақ білім беру және тәрбиелеудегі тұлға бағыттылығына жол табу.

2015-2016 оқу жылы құзіреттілік бағыттылығы тәсілдерін игеру мәселесі бойынша мектеп қаланың ЖОО-мен серіктестік етті, «Оқу мен Жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасы аясында USAID-тың қолдауымен Оқу бойынша Қазақстан Қауымдастығымен облыстық ұйымы үшін негізгі болып қалды.

Аталған мақсатты жүзеге асыру үшін міндеттер қатарын орындау қажет. Осы міндеттер көптеген жылдар аралығында дәстүрлі және өзекті болып табылады.

Осы мақсат 9 блок арқылы жүзеге асырылды.


I блок. Оқыту мақсатының жүйесі.

Орындау деңгейінің анализі және орындамау себептері

1.Сабақты жоспарлау және модульдеу, міндеттерді орындау барысында оқытудың құзыреттілік тәсілдерін толық меңгеру;


Алға қойылған міндеттер толық мөлшерде орындалмаған, мектепке жас мамандар келген соң, келесі жылға өзекті болып табылады.

2.Сабақ мақсаты жүйесіне дарынды балалармен жұмыс және үлгерімі төмен оқушылармен түзету жұмыстарын жасауды жоспарлау және енгізу;

Осындай жоспарлауды барлық мұғалімдер орындамайды. Сабақта және сабақтан тыс кезде дарынды балалар және үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты бақылауды күшейту қажет.


  1. Біліктілік санаты жоқ мұғалімдер, сондай-ақ екінші біліктілік санатты мұғалімдер тақырып стандарттарын толық мөлшерде құрастыру қажет; мониторинг және диагностика жүргізу қажет;

Алға қойылған міндеттер толық мөлшерде орындалған жоқ, сондықтан келесі оқу жылына өзекті болып қалады.

II блок. Оқыту технологиялары




1. Жоғары және бірінші біліктілік санатты мұғалімдерге: (бірінші әдістемелік топ):

    1. Қазіргі заманға сай білім беру технологияларын толық меңгеру, таңдалған технология жүйесі аясында жұмысты жалғастыру;

Жоғары және бірінші санатты мұғалімдер арасында оқушылардың даму және оқудағы жоғары нәтижелерге мүмкіндік туғызатын қазіргі заманға сай оқыту технологиялары шеңбері жүйесінде 60% жұмыс істейді, оның ішінде 10 мұғалім (12%) деңгейлі курстардан өтті. Деңгейлі курстардан өткен мұғалімдер дарынды балалармен жұмыс барысында бағалау критерийлері бойынша коучинг өткізілді. Бірақ бұл тапсырма келесі оқу жылына өзекті болып қала береді.


1.2 Меңгерілетін технологияларға сәйкес сыныптар және пәндер бойынша оқу-әдістемелік кешендер болу;

1.3 Оқытудың құзіреттілік тәсілдерін практика жүзінде іске асыру.

2.Қалған мұғалімдерге (екінші әдістемелік топ):

2.1 Өз педагогикалық практикасында білім беру технологияларын қолдану;



2.2 Меңгерілетін технологияларға сәйкес сыныптар және пәндер бойынша оқу-әдістемелік кешендер құру.

  1. Сынып жетекшілерге: оқу-тәрбие үрдісіне «Мектеп оқушы тұлғасының өзіндік даму технологиясы» Г.К.Селевко және оны белсенді қолдану.




«Мектеп оқушысы тұлғасының өзіндік даму технологиясы» бағдарлама тәрбие жұмысының жүйесіне енеді.


III блок. Бақылау және өзіндік бақылауды ұйымдастыру




  1. ІБ негізгі бағыты – оқыту нәтижесін бақылау, сондай-ақ одан әрі оқу үрдісі технологиясы және профильалды және профильдік оқытуды ұйымдастыру болып табылады.




Қала мектептерінің рейтинг көрсеткіштері сәйкестігі бойынша қалалық Білім беру бөлімінің талаптарына сай мектеп жұмысы қорытындысын тексеру белсендірілді. 2014-2015 оқу жылында рейтинг қорытындысы бойынша мектеп 15-ші орында. (2013-2014 оқу жылында – 10-шы орын, 2014-2015 оқу жылында - 15 орында).

11-сыныптарда ҰБТ және 9-сыныптарда ОЖСБ өткізуге байланысты педагогикалық қызмет нәтижесі арқылы мұғалім жауапкершілігін арттыру.

ҰБТ-2016 нәтижесі бойынша мектебіміз қала мектептері арасында 19 рейтингтік позицияда (2014-2015 оқу жылында 23 позицияда) орын алады. Мектептер арасында орташа - 81 баллды құрайды (2015 жылы орташа балл – 79,05), қала бойынша орташа – 84,4 баллмен орын алды, демек ҰБТ, ОЖСБ дайындық бойынша жұмысты жетілдіру қажет екендігін растайды, ҰБТ, ОЖСБ дайындығы бойынша педагогикалық қызмет нәтижесін жетілдіру бойынша шаралар кешенін ойлап табу болып табылады.

  1. Сабақ барысында мұғалім және оқушылардың бақылау-бағалау қызметін жүйелі түрде жоспарлау.

Сабақ барысында сын тұрғысынан бағалауды игеруге қойылатын жаңа талаптар келесі оқу жылында өзекті мәселе болып қалады.


  1. Мектеп құжаттарын ресімдеуге қойылатын бірыңғай талаптарды ұстануда бақылауды күшейту.




ҚР БжҒМ негізге алынатын құжаттарына сәйкес, мектеп құжаттарын ресімдеуге қойылатын бірыңғай талаптарды орындау бойынша сараптама тобын құру.

IV блок. Оқушылардың зияткерлік даму деңгейін анықтау




1. Оқушылардың зияткерлік даму мониторингін жалғастыру:

1.1 1-2 сыныптарды МЭДИС әдістемесі бойынша мектепке даярлық диагностикасын өткізу мен түзетуді енгізу;

1.2 «Дараны таңдау», «Бейнелеп есте сақтау» және т.б. әдістемесі бойынша 3-4 сынып оқушыларының танымдық өрісінің динамикасын анықтау;

1.3 ГИТ әдістемесі бойынша 5-9 сыныптардың негізгі ойлау операцияларын зерттеу;



1.4 Медник, Векслер, Будасси әдістемесі бойынша 10,11сыныптардағы оқушылардың жеке тұлғасын зерттеу;

2. Үлгерімі төмен оқушылардың үлгерім динамикасын зерттеу.

3. Нәтижелер бойынша салыстырмалы талдау жүргізу.


Тапсырмалар орындалды. Аталған бағыттар бойынша мониторинг жалғасты. Нәтиже қорытындысы сынып жетекшілердің Әдістемелік бірлестігі және пән мұғалімдерімен талқыланды, оқушылармен жұмыс жасау кезінде пайдаланады.

2015-2016 оқу жылы ағымында үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жетілдіру шаралары өткізілді, дегенмен 13 оқушы жазғы қосымша сабақтарға қалдырылды (2013-2014 оқу жылында 12 оқушы күзге қалдырылды, 2014-2015 оқу жылы 7 «Б» сынып оқушысы Парвизи Владимир екінші жылға қалдырылды). Әр түрлі аспектідегі психологиялық мониторинг нәтижесінің салыстырмалы талдаулары білім беру тиімділігін арттыру мақсатымен педкеңестерде, сынып жетекшілерінің ӘБ-де талқыланады.



V блок. Оқушылардың жеке ерекшеліктерін дамыту және ескеру




  1. Факультатив және үйірме сағаттары арқылы дарынды балалармен жұмыс күшейту және ОҒҚ жұмысы бойынша үлкен нәтижеге қол жеткізу;




Тапсырма толығымен орындалды. Факультатив және үйірме сағаттарында дарынды балалармен жұмыс жасау жүйелілігі бақыланды. 2015-2016 оқу жылындағы ОҒҚ жұмысы төмен нәтиже берді: оқушылар ғылыми-зерттеу жұмысына қатысқан жоқ. «Дарынды балалар» бағдарламасы, сондай-ақ оқушылардың ғылыми-зерттеу қызмет бойынша жұмысты барлық мұғалімдер толық мөлшерде жүзеге асырады.


2.Математика және физика пәндері бойынша оқушылардың қалалық пән олимпиадаларына қатысу жұмысын арттыру;


Алға қойылған міндет орындалмады. Мектеп олимпиада командасындағы 11 қатысушысы арасыныан 2 оқушы жүлделі орынға ие болды: Бабец Алина (орыс тілі - 3 орын, Плотникова Иргина (ағылшын тілі – 3 орын), математика және физик пәндері бойынша орташа балл нәтижесін көрсетті.

  1. Тәрбие орталықтары, үйірмелер және спорттық секциялар жұмысын жетілдіру және жалғастыру;

Алға қойылған міндет орындалды. Тәрбиелеу орталығы, үйірмелер және спорттық секция жұмыстарына жоғары талаптар қойылды, олардың өткізілуі бақыланады (шығармашылық байқау, жарыс жүлдегерлері, спорт жарысы жүлдегерлері).


  1. Г.К. Селевко өзін-өзі тану технологиясы бойынша сынып жұмысын арттыру;

Алға қойылған міндет толығымен орындалмады. Осы технологиямен жаңадан келген жас мамандарды таныстыру қажет.

  1. Үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыс нәтижесін арттыру.

Жазғы демалыс кезінде қосымша оқыту курсына қалған оқушылардың санына қарап, үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты жетілдіру қажет екендігі байқалады, педагогикалық қызмет нәтижесіне жетуде мұғалімдер жауапкершілігін арттыру үшін өткізілетін шаралар кешенін ойлап табу.

  1. Орта деңгейде оқитын оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру, бірақ білім сапасы жоғары оқушыларды одан әрі ынталандыру.

МІБ нәтижесі білімі жақсы және нашар оқушылардың үлгерімі (8-10 сыныптар) төмендегенін көрсетеді. Балалардың оқуға деген қызығушылығын арттыра білетін сынып жетекшілері мен пән мұғалімдерінен үлгі алып, оны тәжірибеде қолдану. Осы мәселелер мұғалімдер отырысында (әр тоқсанның аяқталуына 14 күн қалғанға дейін) талқыланды. Осы отырыста сондай-ақ оқушыларды алдын-ала аттестаттау және 9-11 сынып оқушыларының рейтинг бағалауы да сөз болды. Осы мәліметтер сараланып, оқушылар мен ата-аналар мәліметіне жеткізіледі.

VI блок. Оқу үрдісін басқаруда ынталандыруды қамтамасыз ету




1. 9,11-ші сынып оқушыларының кәсіби қызығушылықтары бейімділігін анықтау;

2. 8-ші сынып оқушыларының кәсіби бейімділігін қалыптастыру үрдісін анықтау;

3. 9-11 сынып оқушыларының аттестаттауына рейтингтік тәсілді енгізуді жалғастыру;

4. 5-6 сынып оқушыларын аттестаттауына рейтингтік тәсілді енгізуді жалғастыру;



  1. Гимназиялық сыныптар және

мемлекеттік тілді тереңдетіп оқытылатын сыныптардың оқу үлгерімін және оқуға деген қызығушылығын бақылау.

Алға қойылған міндеттер орындалды.



VII блок. Оқу үрдісін әдістемелік қамтамасыз ету




1. Мұғалімдермен әдістемелік саралап оқыту жұмысты жалғастыру;

1.1 Оқытудың құзіреттілік тәсілін игеруді іс жүзінде қолдану;

1.2 Оқытудағы құзыреттілік тәсілді үйрену және меңгеру бойынша мұғалімдердің шығармашылық тобын құру;

1.3 Игерілген технологияларға сәйкес (ТИСО, RWCT, ЛОО, Step by step техникалары және т.б.) пәндер мен сыныптар бойынша оқу-әдістемелік кешенді ӘБ-ке құруды жалғастыру;


1.4 Мұғалімнің әдістемелік құзыреттілік мониторингін және ӘБ әдістемелік жұмысын жалғастыру;

1.5 Мектепте мұғалімдердің шығармашылық топ жұмыстарын жалғастыру, оған қоса сертификаты бар мұғалімдер;

1.6 Бастауыш сынып және орта буын мұғалімдерінің сабақтастығы бойынша бірлескен жұмыстың жоспарын толық жүзеге асыру;


Алға қойылған міндеттер орындалды.

Саралап оқыту әдістемесі жұмысты одан да тиімді ететінін көрсетеді.

Алға қойылған міндеттер жеке мұғалімдермен орындалды. Алға қойылған міндеттер жартылай орындалды. Шығармашылық топ жұмысын жалғастыру.

Алға қойылған міндеттер жартылай орындалды. Қорытынды шығарылып, ӘБ және шығармашылық топ отырысында талқыланды.

Алға қойылған міндеттер орындалды.
Алға қойылған міндеттер орындалды.

Жоспар жүзеге асты.



VIII блок. Мұғалімдердің ғылыми-танымдық әрекетін ұйымдастыру




2015-2016 оқу жылы аттестациядан өтетін мұғалімдердің баспа жұмыстарын дайындау.

Бойко А.Ю.



  • Зиневич А.В.

  • Долголевец А.К.

  • Нечвиенко Е.Б.

  • Санко И.Б.

  • Хасанова Г.Н.

Алға қойылған міндеттер жартылай орындалды.

IX блок.

Мектептің материалдық-техникалық базасын дамыту міндеттері




  1. Видеокамера мен ауыз су фонтандарын орнату;

  2. Мектеп канализациясына жөндеу жұмысын жасау;

  3. Мектеп қоршауы мен дәретхана кабинкаларын жаңарту.

Алға қойылған міндеттер жартылай орындалды.

Алға қойылған міндеттердің басым көпшілігі орындалды. Көптеген мәселелер келесі оқу жылына өзекті болып қалады. Оларды жүзеге асыру үшін:



  • ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында алға қойылған міндеттерді орындау жұмысын басты мәселе деп қарастыру;

  • 12-жылдық оқу жүйесіне көшуге дайындықты жалғастыру;

  • Оқытудың құзіреттілік тәсілін жүйелі түрде ұйымдастыру және практика жүзінде іске асыру;

  • Жаңа білім беру технологияларын меңгеруінде мұғалімдердің әдістемелік құзыреттілігінің айтарлықтай өсуіне, «2013-2015 оқу жылына мектептің ақпараттандыру бағдарламасын» енгізуге, сондай-ақ оқытудағы құзыреттілікке бағытталған тәсілдерді жүзеге асыруға қол жеткізу;

  • Мемлекеттік тілде оқытылатын сыныптарды оқытуды, мемлекеттік тілді тереңдетіп оқытылатын сыныптарды (7-сыныптар), сонымен қатар гимназиялық сыныптарда (3-сыныптар) оқытуды жалғастыру;

  • Көптілділікті игерудегі облыстық сараптама жүргізу аясында, көптілділікті игеру бойынша инновациялық қызметті 7 «Б» сыныптарында (Қазақстан тарихы қазақ тілінде, Қазақстан географиясы қазақ тілінде), 6 «Д» сыныптарында (Қазақстан тарихы қазақ тілінде) өткізуді жалғастыру;

  • Ағылшын тілі тереңдетіліп оқытылатын сыныпты ашу – 5 «Б» сыныбы;

  • Дарынды балалармен жұмысты жалғастыруды күшейту, негізгі орта және жалпы орта деңгейдегі ОҒҚ жұмысы бойынша үлкен нәтижелерге қол жеткізу;

  • Игерілетін технологияларға сәйкес ӘБ-де оқыту-әдістемелік кешендерді құруды жалғастыру;

  • Мұғалімдердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту.

  • Оқушылардың бастапқы деңгейін анықтау және оларды одан әрі дамыту мақсатымен диагностика жүйесі мен мониторингін жетілдіру;

  • Бағдарламалар сабақтастығына өңдеу жасау арқылы сабақтан тыс қызмет жүйесін жетілдіру;

  • «Сабақтан тыс қызметі»;

«Мектеп дәстүрі»;

«Пән бойынша сабақтан тыс қызметі»;



  • Үйірме, факультатив сағаттары, жеке сабақ желісі арқылы мұғалімнің сабақ барысындағы және сабақтан тыс қызметін сабақтастыру;

  • Оқушыларды психологиялық тұрғыдан қорғау, кәмелетке толмағандар арасында қыдырымпаздықтың алдын алу жұмыстарын жүргізу;

  • Оқушылар бойында білім, білік және дағды сияқты жауакершіліктерді қалыптастыру;

  • Мектеп құжаттарын жүргізуде бақылау жүйесін қалыптастыруды жетілдіру.


2. Оқу көрсеткіштері
2015-2016 оқу жылындағы оқу жұмысының нәтижесі: 1124 оқушының ішінде 145 оқушы «үздік» деген бағаға 13 % оқиды, 403 «жақсы» және «үздік» деген бағаға 35,8 % оқиды, оқуда үлгеретін бала - 99,9%.

2 жыл ішіндегі мектептегі оқу нәтижесі мынадай:



Оқу жылдары
Көрсеткіштер

2014-2015

2015-2016

Үлгерім %

99,8

98,9

Сапа %

45,1

54

Кестеден оқыту сапасының жағымды көрсеткіш динамикасы нәтижелер тұрақтылығы 8,9% құрайтынын көрсетеді.


Оқу жылының аяғына 1-4 сынып оқушылар саны


Оның ішінде

Келесі сыныпқа көшті

«4» пен «5»-ке бітіргендер

«3» пен «4»-ке бітіргендер

2014-15

2015-16

2014-15

2015-16

2014-15

2015-16

2014-15

2015-16

539

542

539

542

362

381

177

161

Каталог: files -> loader
loader -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
loader -> №23 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
loader -> Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сандықтас қонысы көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған
loader -> Сабақтың тақырыбы: Абай шаңырағы Сабақтың мақсаты
loader -> Рассказ. Б. Комеков, С. Утениязов. «Шокан Уалиханов». Рассказ. Ж. Касымбаев. «Абылай хан»
loader -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ақын өмірбаянымен
loader -> Ануарбек Дуйсенбиев «Зима в лесу»
loader -> Қарағанды тарландары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет