«Қарсақбайлықтардың Ұлы жеңіске қОСҚан үлесі»



Дата05.12.2016
өлшемі95,65 Kb.
#3222
«ҚАРСАҚБАЙЛЫҚТАРДЫҢ ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ»
Ерманов Б.С – 11 оқу тобы

Макажанова С.К – ғылыми жетекшісі

«Қарсақпай агротехникалық колледжі» КММ-сі

Ұлытау ауданы, Қарсақпай кенті
Шексіз де, шетсіз астық теңіз толқиды. Сұрғылт – сары құм төселіп жылжып жатыр. Көгілдір өзендермен көлдер айнадай жарқырайды. Шындарын қар мен мұз құрсаған асқар таулар көгілдір аспан күмбезіне тіреледі. Міне, осынау көріністердің бәрі – Қазақстан жері, еркіндікті сүйген қазақ елі еді. Ертеде, қазақтар өз халқының бақыты үшін жоңғар басқыншылары мен Қоқан хандығы жортушыларына қарсы күресте ержүректілігін көрсетумен қатар, Емельян Пугачев бастаған көтерілісшілер отрядына қатысып, өздерінің бостандығын қорғады. Амангелді Имановтың ержүрек жігіттері Торғай даласында шетінен батырлық көрсетіп, халқы оны «қазақтың Чапаевы» - деп атады. Коммунист Әліби Жангелдин Ақтөбе майданының қызыл әскерінің қару – жарақ тиелген керуенді жеткізсе, әйгілі Чапаев дивизиясының құрамында болған ерікті қазақ бригадасы қаһармандықпен шайқасты. Ия, еркіндікті сүйген өз ұлтының жарқын өмірін аңсаған қазақ елі, бүгінгі күні ұрпақтары қол жеткізіп отырған тәуелсіздікті де аңсаған еді. 1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия опасыздықпен Совет Одағына қарсы тұтқиылдан шабуыл жасады. 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кеңістік дәуір кеңістігінде өмір сүрген халықты шығысқа қарай көшіреді, жау қолында қалған қазақ даласы пана болып, жетімін бауырына басады. 1418 күн мен түн созылып гитлерлік Германиямен болған Ұлы Отан соғысының Кеңестер одағының жеңісімен аяқталғаны, тарих парағына алтын әріптермен жазылып қалдырылды.

Осы ұмытылмас шақта Қарсақбай қалашығының да қосар үлестері баршылық. Кешегі Қарсақбай бүгінгі Жезқазғанның кіндігі. «Туып – өскен ел қымбат, кіндік кескен жер қымбат, бабалар кешкен із қымбат » - демекші, әрбір қазақ азаматы, тарихы тұнған туған жерінің байлығымен мақтануы қажет. Мен өз туған жеріме келер болсам алып жатқан жер көлемі – 618705 га, халық қоныстанған аймақ көлемі – 2380 га, шабындық жері – 4505 га, егістік жер үлесі – 25,0 гектарды құрайды. Қарсақбай қыраты – Ұлытау – Кішітау сілемдерінің жалғасы, ірі өзен Қалмақ – Қырған. Климаты қоңыржай, континетті. Жезқазған аймағынан табылған Қарсақбай мысы, Жанай адырының ізбесі, Байқоңырдың көмірі орыс инженерлеріне сонау І - Петр тұсынан бастап белгілі болған. Кен көзін ашу үшін ағылшындықтарға завод салу қажет болғандықтан, олар Қарсақбай деген байдың қыстағын сұрап, осы жерді сатып алады. 1913 жылы зауыт пен байыту фабрикасының құрылысы басталып, Жосалыдан басталып рельс төселеді. Енді бас көтеріп келе жатқан Қарсақбай, 1918 жылы Халық Комиссарлары Кеңесі Байқоңыр, Қарсақбай, Жезқазған кеніштерін ұлттық меншікке өткізу туралы қаулы қабылданып, елде азамат соғысы жүріп жатқандықтан, бұл жүзеге аспай қалады. Зауыт құрал – жабдықтарын И.Деев, П.Холмецкий, Н. Саусақовтар 1925 жылға дейін сақтап қалып, осы жылы 10 маусымында «Атбасартүстіметалл» терісі құрылып, оны басқару Степан Степанович Дыбецке міндеттеледі. Мүшелері болып Игнатий Игнатьевич Логин, Иван Васильевич Деев пен Қаныш Имантайұлы Сәтбаев тағайындалады. Бұлар алдымен ағылшындар суға толтырып кеткен шахталарды ашудан бастайды. Қумола өзенін бойлай Бәрекеге дейін жағалай бөгет салып, 1926 жылы электр станциясының құрлысын аяқтап, үйлерге жарық береді. Сонымен 1928 жылы толық жабдық жеткізіліп, қыркүйектің 16 күні шағылу пеші іске қосылады. Осы жылы 19 қазанда түнгі 23.00. сағатта тұңғыш Қарсақбай мыс құймасы алынды. Сөйтіп, Қарсақбай комбинаты КСРО – дағы тұңғыш мыс өндіретін кәсіпорын болды. Қарсақбайдың өркендеуіне елеулі үлес қосқан Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың ізі ешқашан өшпейді және ол кісі осы өңірді «геологиядағы Эльдорадо» деп атады.

Қарсақбай сонау Ұлы Отан соғыс жылдарында жеңісті жақындатуға көмектесті. Зауыт әкімшілігі алғашқы күннен бастап жұмысты соғыс жағдайына бейімдеп ұйымдастыру ісіне кірісті. Зауытты басқару тәртібі бірнеше аралық буындар қысқартылып, негізгі участіктарға өндірісте тәжірибелі жұмысшылар, мамандар, коммунисттер жіберілді.

«Жауды талқандауға металды көп берейік» - мыс қортушылар осындай ұранмен күндіз- түні жұмыс істеді.

Атап айтар болсақ зауытымызда құпия түрде миналар құйылды. Естуімізше әрбір он оқтың тоғызы осы Қарсақбай зауытында жасалған. Қарсақбай пионерлері атынан майданға көмек ретінде Одақ көлеміне үлгі болған акциялар өткізілді. Осынау ел басына күн туған шақта мыңдаған қазақстандықтар соғыс коммисариатына келіп еріктілердің қатарына майданға аттандыруды сұрады. Сол бір кезеңінде біздің қалашықтан да, яғни Қарсақбай кентінен да соғысқа аға – әкелеріміз атанды. Жерлестеріміздің мақтанышына айналған көптеген майдангер аталарымыз ел есінде. Атап айтсақ: М.Құлыбеков, А.Лисота, А.Ербусинов, С.Махамбетов, Қ.Әлкеев, Ш.Еділбаев, Б.Өтеш, С.Аубакиров т.б. Соғысқа Қарсақбай қалашығынан 143 – тен астам ер азамат майдан даласына аттанды. Елге аман – есен оралғандар да, іс – түссіз кеткендер де өте көп. Соғыстың өртін көріп,от кешкен тірі куәгер адагерлеріміз бұл күндері ортамызда саусақпен санарлықтай ғана сиреп қалған. Ия, енді майдан жорықтары жайлы соғыс ардагерлерінің өз аузынан емес, артынан қалған құжаттармен ғана «сөйлесіп» қалатын шақ туындап келе жатқандай. Неге десеңіз, соғыс басталған жылы майданға жарамды 16 жастағы азамат бұл күндері тоқсанның төрінен де асып кетіпті – ау ...

Әрине, алланың қуат бергендері ғана тіршілікте ұзақ өмір сүріп, немере – шөберелерінің қызығын көріп отыр.

Осы ардагерлеріміздің асқан ерлігінің арқасында біз бейбіт күнге жетіп отырмыз. Шағын ғана Қарсақбай кентінің өзінен майданға аттанған азаматтар арасынан қазіргі таңда саусақпен ғана санарлық. Олардың көпшілігі Қарсақбай мыс зауытында еңбек етіп жүріп майданға аттанды. ҰОС жылдары зауытта «майданға» деп оқ- дәрілер, минометтер шығарылды. Әр 10 оқтың 9 – ы осы жерден шыққан. Ұлы Отан соғысы жылдарында Қарсақбай мектебінің ұстаздары мен оқушылары және кенші, металлургтермен қатар жеңіске өз үлестерін қосқан. Ол жайлы мұрағат құжаттарында былай делінген. «Мәскеулік пионерлердің үндеулеріне жауап ретінде Қарсақбай мектебінің оқушылары «Қазақстан пионері» танк колоннасын жасауға 6 мың сом қаржы жинады». 1943 жылғы 21 сәуірдегі «За медь» газетінде Бас қолбасшы И.Сталиннің жеделхаты жарияланып, Бас қолбасшы Қарсақбай мектебінің оқушылары мен мұғалімдеріне алғысын білдірген. Елін жаудан қорғаған жауынгер ерлеріміз әр аймақта өте көп болса, алайда қазіргі таңда олардың саны кемуде. Тарихи шайқастардың көзі тірі ардагерлерін құрметтеу, оларға қамқорлық жасау әрбір азамат үшін міндет. ҰОС – ның жеңіс күнін көрген жауынгерлер өмірден озып, жыл сайын жауынгерлердің саны қысқарып, қара тізімі ұзарып барады. Сол сұрапыл соғыс заманын көзімен көрген куәгерлермен бірге тарихтың маңызы егжей – тегжейлі естеліктерді де жоғалып бара жатқан сыңайлы. Сондықтан да біз ешқашанда жауынгер аталарымыздың ерлігін ұмытпауымыз керек.

Өзіміздің туған жеріміздің майдангер ардагерлерімізге тоқтап өтсек. Айтар болсақ біздің Қарсақбай кентімізде не бары екі ардагеріміз қалды. Сұм соғыста аман - сау елге оралып, қазіргі таңда Қарсақбайда ұрпақтарының қызығына кенеліп отырған, тоқсанның төріндегі адагерлеріміздің бірі Ербусинов Абдрахман. Ол кісі 1926 жылы Ұлытаудағы «Большевик» колхозында дүниеге келген. Әбекеңді ауылдың атқамінерлері екі – үш жылдан соң ғана құжатқа тіркеп, ол кісі сондықтан да әскерге кештеу алыныпты. 1944 жылы Қарсақбайдағы соғыс комиссариатынан шақыру қағазын алған өрімтал азамат бір ай бойы комиссариатты күтіп жатып, қазан айында ғана майданға жіберіліпті. Бұл кез неміс фашистерінің ойсырай жеңіліп, алды – артына қарауға мұршасы келмей, шегініп бара жатқан шағы екен. Ол кісі негізінен Венгрияның Будапешт қаласына жіберілді. Айтуы бойынша: - Будапештегі 259 – полк штабында бір батальон конвойшылар жасағы құрылып жатса керек, Әбекеңді сонда қосып жіберіпті. Соғыс тұтқындарын бір қаладан келесі қалаға жеткізіп, Чехословакиядағы Бруно қаласына барса, одан кейін қайта Будапешке оралып, тұтқындарды тасымалдаумен жүрген. Осылай жүргенде Жеңіс күнін осы қалада естіп, сол жерде мерекелеген. Жеңістен соң 1948 жылға дейін Воронежде әскери міндетін атқарып, алыста қала берген. Соғыс дауылы тыншыған соң туған ауылына таяу жақтағы әскери бөлімшеге ауысып, Жезқазған төңірегіне келген соң, мұндағы басшылар Әбекеңді Балқашқа жіберген. Әскери борышын 1949 жылдың күзін аяқтап, әскери қатардан босап Қарсақбайға келген. Бұл жылдары Рудник, Жезқазған, Қарсақбай бір орталыққа бағынатын. Әскерден оралған соң Қарсақбайда учаскелік милиция қызметінде жұмыс істеп, кейіннен әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімінде жұмыс атқарған. 1950 жылы Нәбира Томпақовамен отбасын құрып, 12 бала тәрбиелеп – өсірген. Қарт майдангер, Ұлытау ауданының құрметті азаматы. Ә.Ербосынұлы қазіргі кезде немере – шөберелерінің ортасында бақытқа бөленіп отыр. Атамыз соғыс ардагері белгісімен, Германияны жеңгені үшін, Жеңістің 60 – 70 жылдығына арналған медальдармен марапатталған.

Ал екінші соғыс ардагерімізге келер болсақ, ол кісі Лисота Адам Анисимұлы. Бұл кісі наурыздың сегізінші жұлдызында 1927 жылы Карецк районындағы Морозовка кентінде дүниеге келген. Ол кешкі сынып оқуын бітірген. 1944 жылы мамыр айында Донецк қаласындағы Бутилов әскери зауытына жұмысқа қабылданады.

1944 жылы қараша айында Донецк ауданындағы Авдеевск военкоматына совет әсер қатарына шақырылды. Соғыстан кейін 1945 жылы шілде айында оны 7518 әскери бөлімшесіне ауыстырады. Одан кейін 1949 жылы Бежеце қаласындағы Запорожсталь заводына ауыстырып, ол тұтқындарды күзетіп, тұрғын үй тұрғызып және жолдар салу сияқты қызметтер атқарды. 1951 жылы сәуір айында өз Отанына оралды. 1951 – 1954 жылдар аралығында Ровенск ауданында учаскелік инспектор қызметін атқарды. Осы ауданда, өзі туған жерінде 1955 жылы ақпан айында отбасын құрады. 1955 жылы наурыз айында зайыбымен Қазақстанға келіп, осы жерге тұрақтап, Қарсақбай металлургиялық зауытына жұмысқа тұрады. Осы жерде 1987 жылдың наурыз айына дейін қызмет атқарады. Лисота Адамның қазіргі таңда төрт ұлы, жеті немересі мен төрт шөбересі бар.

Келесі ардагеріміз айтарға тұрарлық, қазіргі таңда осы өмірде болмаса да, ізі қалған ардагеріміз Құлыбеков Мұханбетқали. Ол 1923 жылы Қарағанды обылысы Коммуна колхозында кедей отбасында дүниеге келген. Ол кісінің жауынгерлік ерліктері жайында мағұлматты, көзі тірісінде өзі жазып кеткен күнделік деректерінен алуға болады. Бұл күнделік 1977 жылы жазылған екен. Осы күнделікте Қарсақбайға 1925 жылы келіп, зауытта еңбек ете бастаған. Ол 1939 – 1941 жылдары №1 орта мектебінде оқып, білім алған. 1942 жылы шілде айында Ақмола қаласына келіп әскер қатарына 387 – атқыштар дивизиясының 949 артиллерия полкына алынып, бірден Сталинград майданына келеді. Мақсаттары, егерде неміс танкілері көрінер болса, я болмаса жаяу әскерлері алға шығып кетсе, міне соған қарсы тойтарыс беру болды. Ардагеріміз Мұхамбетқали осы соғыс барысында Сталинград, Перекоп, Миус, Қырым жерлерінде болған. Сталинград шайқасы – екінші дүниежүзілік соғыстағы басты шайқастардың бірі. Ол қорғаныс 1942 жыл 17 шілде – 18 қараша және шабуыл 1942 жылдың 19 қараша күні таңғы сағат төртте дайындық болып, қарсы шабуыл басталды. Ол үш операциямен іске асырылды: «Уран» - Сталинградтағы неміс әскерлерін қоршап алу; «Кіші Сатурн» - Сталинградта қоршауға түскен неміс әскерлеріне батыстан және оңтүстіктен келетін көмектің жолын кесіп тастау; «Шеңбер» - Сталинградта қоршауға түскен фельдмаршал Ф.Паулюстің армиясын талқандау. Осы зор шайқас 200 күн мен түнге созылды. 1943 жылдың 2 ақпан айында қала түгел немістерден азат етіліп, немістер пленге түсіп, фельдмаршал Паулюс қалған әскерімен тұтқынға алынып, бұл соғыс аяқталады. Мұханбетқали ақсақал болған 387 – атқыштар дивизиясы көптеген қала мен деревнияларды азат етті. Ол кісі өз жазбаларында: «1945 жылдың басында бізді Австрия жеріне жіберді. Бірнеше қалаларды алғаннан кейін 1945 жылы 13 – сәуір күні орталық қаласы Венаны алдық. Бұл шайқас өте ауыр болды. Себебі, нағыз немістер шоғырланған жер осы болатын. Бұл майдан аяқталғаннан кейін Болгария жерінде болып, Югославияда шамалы шайқастарына қатысып, Чехославакия жеріне ауыстық».

Атамыз елге 1947 жылы 30 сәуірде оралды. Басынан көптеген қиыншылықтарды өткізіп, оқ пен оттың арасында жүріп елге оралған ардагер атамыз туған жеріміз Қарсақбай кентінде қайтыс болды.

Байтенов Өтеш қазіргі Жезқазған облысы, Жезді ауданы, Қарсақбай кентінде 1918 жылы дүниеге келген. Бастауыштан білім алған, 6 кластық білімі бар. Соғысқа дейін Қарсақбай мыс қорыту зауытында еңбек етіп, 1939 жылы желтоқсан айында әскер қатарына шақырылып, қазіргі Қарсақбай кенті Қарағанды облысының армия қатарына аттанған. Чудов қаласында 114 полкте әскери қызметін атқарып жүрген жылдары 1940 жылы Фин компаниясына жіберілді. Содан Выверго жерінде Фин шығанағында болды. Сол 1940 жылдың жазында Ленинград қаласына қайта оралып, әскери қызметін одан әрі жалғастыра берді. 1941 жылдың жазында соғыс басталғаннан кейін Псков қаласына атқыштар курсына жіберіліп, оны аяқтаған соң ұрысқа араласқан. Сол қанды шайқаста жараланып, госпитальға түсті. Госпитальдан шыққаннан кейін Ленинград қаласына жіберілді. Онда небәрі 3 күн болып қайтадан Карель перечейкіге жіберілді. 1943 жылы соғыста 118 полкте соңғы рет болып, ауыр жараланып, осы жылы елге қайта оралады. Соғыстан кейін медзаводта горновой болып қызмет істеген. Үш соғысқа қатысқан Фин соғысы, Жапон соғысы, Ұлы Отан соғыс жылдарында алған медальдары мен ордендері бар.

«Ешкімде, ештеңе де ұмытылмайды» - демекші, тарихта ізі, таңбасы қалған ҰОС естеліктері әр ардагер жадында да ұмытылған жоқ. Жеңістің жолы ауыр болды. Бұл жолда көп ата – ағаларымыздан айырылдық. Сондықтан, бүгінгі күні біз ең алдымен майдан даласынан қайтып оралмаған, жерін, елін, Отанын қорғау жолында қаза тапқан қаһармандарды еске алуымыз керек. Келешек ұрпақ үшін, өз Отан үшін құрбан болған жауынгерлерге адамзат қоғамы мәңгі қарыздар. Болашақ өмір, ұрпақ үшін жанын қиған ата – бабаларымыздың ерліктері жылдар тұрмақ ғасырлар өтсе де ұмытылмастай тарихта жазылып қалады.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. С.Н.Акдаулетова. Қандай көркем – туған өлкем.

  2. Ұлытау өңірі. Майдангерлерге мың тағзым», №16,2013 ж


Заявка

Фамилия, имя, отчество участника: Ерманов Бекарыс Сейітбекұлы



Название работы: «Қарсақбайлықтардың Ұлы Жеңіске қосқан үлесі»
Год рождения участника: 22.09.1998
Местожительство участника: пос.Карсакпай, ул.Сатпаева 3
Учебное заведение и учебная группа: КГУ «Карсакпайский агротехнический колледж»
Фамилия, имя, отчество научного руководителя: Макажанова Саяна Капановна
Номер контактного телефона, факс, электонная почта: 87056349992; 8(71034)23107; sayana1988mmm@mail.ru
С правилами проведения конкурса ознакомлен ________________
Дата заявки

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет