Мазмұны III. Мектеп қызметі – Үрдіс 19


Әлеуметтік педагогтың жұмысы



бет5/17
Дата10.07.2017
өлшемі3,35 Mb.
#20999
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

3. Әлеуметтік педагогтың жұмысы

Мектептегі әлеуметтік-педагогикалық қызмет оқушыға білім беру немесе әлеуметтік қиыншылықтарды жеңу барысында оның жеке жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, көмек көрсетеді, бала құқығын толығымен жүзеге асыру үшін жағымды жағдай жасайды.

Бұл жағдайды жүзеге асыру үшін мектепте 2015-2016 жылы келесі басты бағыттар бойынша жұмыс жүргізілді:


  • Анықтама-ақпараттық;

  • әлеуметтік-профилактикалық;

  • кеңес беру-түзету.

Анықтама-ақпараттық бағыт. Қосымша әлеуметтік-педагогикалық көмекке мұқтаж оқушылар санын анықтау мақсатымен, оқу жылының басында мектептің әлеуметтік картасы құрылды. Сонымен, 2015-2016 оқу жылында мектепте 1127 оқушы 45 кабинетте білім алды. Баланың тәрбиесімен айналысатын, әрі жұмыс істейтін жалғыз басты аналар немесе жалғыз басты әкелер қатарының саны 35% құрайды. Отбасылық жағдайы нашар – 4, оның ішінде Клецкова Е. Мемлекеттік унитарлық кәсіпорын есебінде тұр. Оны жасөспірімдер жұмысы бойынша бөлім есебіне қою себебі: ата-аналардың кәмелеттік жасқа толмаған балаларын тәрбиелеуден бас тарту болып табылады. Әлеуметтік жағдай бойынша аз қамтылған отбасыдан 78 оқушы болып саналады. Осы оқушылар Жалпыға міндетті оқыту қоры қаражатынан жыл бойы тегін тамақпен, кеңсе заттарымен және киіммен қамтамасыз етіледі.

Мектепте жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған – 3 бала, көп балалы отбасылардан - 6 бала білім алуда. Осы оқу жылында Жасөспірімдер жұмысы бойынша бөлім есебінде - 1 оқушы, 9-сынып оқушысы Клецкова Елизавета тіркелді. Мектепшілік бақылауда тұрғандар - 9 оқушы (Клецкова Елизавета, Рябко Анна, Каверин Т., Каримов Д., Бойе И., Исломова С., Яковлев-Кривоперстов И., Лапаев О., Медведев Н.. Тәуекел топта 2 оқушы (Третьяков В., Пунтусов В.) тұр. Педагогикалық ұжым тарапынан ерекше бақылауды талап ететін оқушылар – сабақты жиі босататындар, құрбы-құрдастар немесе мұғалімдермен ортақ тіл табыса алмайтындар, үйден қашып кеткен балалар, тартып алу және т.б. құқықбұзушылық сияқты жағдайларға тап болғандар кездеседі. Осы аталған оқушыларға қоғамдық тәрбиешілері тарапынан және ата-аналары жағынан басты назар аударылады. Оқу жылы ағымында 9 «Б» сынып оқушысы Клецкова Елизаветаның ісі екі рет КІБ қарастыруға берілді.

Сонымен қатар мектептің әлеуметтік педагогымен жүйелі түрде сабаққа қатысу, сырт киімді тексеру сияқты рейдтері жүргізіліп тұрады және оқу жыл ағымында, демалыс кезінде балалардың жұмыспен, бос уақытын қамту үнемі бақыланып тұрады.

Кеңес беру – түзету бағыты. Әлеуетке бейімделу және девиантты мінез-құлықтың алдын алу мақсатымен, 2015-2016 оқу жылы мектепте оқушыларға арнап, азаматтық-құқықтық және тұрмыстық өмірдегі қызмет дәрежесін арттыруға бағытталған түрлі шаралар ұйымдастырылып өткізілді. Сондай-ақ құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған кездесулер болып тұрады. Мектепте ата-аналарды және оқушыларды шақырумен құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесі өткізіліп тұрады.

Мектеп комитетінде және жасөспірімдер жұмысы бойынша бөлім есебінде тұрған, отбасылық жағдайы нашар оқушыларға әлеуметтік педагог, мектеп инспекторы, Ішкі істер басқармасы жалпы қауіпсіздік бөлімінің жасөспірімдер жұмысы бөлімі бойынша учаскелік полиция инспекторы, сынып жетекшілер, мектеп психологы үнемі рейдтік шараларын қолданып отырды. Есеп беру кезеңінде қалалық Білім беру бөлімімен бірге үш рейд шаралары жүргізілді.



Кеңес беру – түзету бағыты. Осы бағытта әлеуметтік педагогтың қатысуымен ғана шешімі табылатын отбасымен және жеке оқушылармен жұмыс жүргізіледі. Бұл оқу жылында мұндай жұмыс Клецкова Елизавета, Исломова Севара, Щачин Влад, Яковлев-Кривоперстов Иван, Рябко Анна, Лапаев Олег, Медведев Никита, Бойе Илья, Каримов Донн, Каверин Тимофей, Демьянов Владимир, Пунтусов Владимир отбасыларымен жүргізілді.

Оқу жылы ағымында оқуға, сабаққа қатысу, сынып ұжымындағы мәселе және тұлғааралық қатынас мәселесі бойынша сынып жетекшілермен және оқушылармен жеке жұмыстар жүргізілді. Сынып жетекшілердің ұсынысы бойынша ата-аналар жиналысында болған тренингтер («Команданың қалыптасуы», «Есеңгіреуге қарсы тұрақтылық»), сынып сағаттары ұйымдастырылып өткізілді.

Жиналыстың негізгі тақырыптары: «Школа первоклассного родителя», «Адаптация учащихся к условиям обучения в средней школе: проблемы и задачи», «Родители меня не понимают, или как услышать подростка», «Стрессоустойчивость, как помочь ребенку успешно сдать ЕНТ», «О поощрении и наказании», «Отражение семейных отношений на обучении и поведении ребенка в школе», «Я на свете не один», «Проблема отцов и детей в подростковом возрасте», «Умение жить среди людей», «Роль родителей в процессе выбора профессии и самоопределения подростков», «Роль семьи в формировании личности ребенка».

Күн сайын мектеп шағын ауданы бойынша ата-аналардың қатысуымен рейттер өткізіліп тұрады. Ата-аналар 2-ші ауысымдағы оқушыларды және Темір жол кентінде тұратын оқушыларды үйіне шығарып салады (барлығы 198 рейд шаралары). Сонымен қатар сынып жетекшілігі жоқ педагогикалық қызметкерлермен аптасына 2 рет мұғалімдер рейді ұйымдастырылады. 2015-2016 оқу жылында мектеп шағын ауданы бойынша 87 жорық шаралары болды. Демалыс және мереке күндері қосымша рейдтер педагог құрамынан ұйымдастырылады, олардың бақылауына Лермонтов көшесі бойынша орналасқан ойын-сауық орындары, «Ласточка» базары және мектеп ауданына қарасты «Новая волна» аумағы жатады.

Осыған байланысты оқу жылының жұмыс анализі мектептің әлеуметтік-педагогикалық қызметі мектептің алға қойған мақсаты мен міндеттерге сәйкес жұмыс жоспары орындайтынын көруге болады. Мектептің педагогикалық ұжымымен «Білім туралы» Заңын орындау бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп отырады. Әр түрлі категория қатарына жататын оқушылар қажетті көмектерін алып тұрады. Аудан және мектеп оқушыларының әрқайсысы бақылауда. 9-шы сынып түлектері үшін оқуды жалғастыру мәселесі өзекті болып қала береді. Олармен бірге мектеп әкімшілігі, әлеуметтік-психологиялық қызмет және сынып жетекшілер жеке кәсіби бейімделу жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ мектепшілік бақылауда және Жасөспірімдер жұмысы бойынша бөлімде тұрған оқушылардың сабақтан тыс уақытын өткізу мәселесі өзекті болып қала береді.

  1. «Ақпараттандыру бағдарламаны» жүзеге асыру

Қазақстанда орта білім беру жүйесін ақпараттандыру Мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатымен «Павлодар қаласының №43 жалпы орта білім беру мектебі» ММ 2015-2016 оқу жылында мектепте оқыту үрдісін Ақпараттандыру бағдарламасы өңделіп және қызмет барысында қолданылады. Осы бағдарлама келесі бағыттардан тұрады:



  1. Әкімшілік қызметінің приоритеттік бағыты.

  1. Ұйымдастыру-тәртібі қызметті автоматтандыру.

  2. Оқыту сапасын өткізу мониторингі.

  3. Электронды құжаттар айналысы.

  4. Білім беру үрдісінде ақпараттық технологияны игерту бойынша семинар-практикум өткізу.

  5. Пән кабинеттеріне компьютер қою.

  6. Педагогикалық кадрлардың электронды базасы.

  7. Оқушылар мәліметі бойынша электронды базасы.

  8. Мектеп сайты

  9. Білім беру мекемесінің локальды құжаттарын мектеп сайтына орналастыру.

2. Мұғалім қызметінің приоритеттік бағыты.

1. Мұғалімнің жалпы ақпараттық мәдениеті ретінде интернет-технологияны игеру.

2. Сабақ барысында оқушылардың танымдық қызығушылығын ұйымдастыруда интернет желісінің ақпараттық ресурстарын пайдалану.

3.  Интернет–ресурстарды гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерде және ақпараттандыру курсын пайдалану.

4. Мектептегі орта және жоғары буындағы сыныптарда өткізілетін дәстүрлі сабақ түрлерін Интернет желісі ресурстарына және ақпараттық технологияларды енгізу.

5. Интернет-сабақтар мен интеграциялық сабақтар құру.



3. Оқушы қызметінің приоритеттік бағыты.

1. Интернет-технология – оқушының жалпы ақпараттық мәдениеті.

2. Өзін-өзі тану барысында Интернет желісінің ақпараттық ресурстарын пайдалану.

3. Интернет–технология – балаларға қосымша білім беруде.

4. Сабаққа дайындалу үшін компьютерлік технологияны пайдалану.

5. Сабақтан тыс қызметі: компьютерлік  технология негізінде үйірме және факультатив қызметтерін ұйымдастыру.

6. ҰБТ бағдарламасы бойынша жаттығу тестілеу өткізу.

4. Ата-аналар қызметінің приоритеттік бағыты.

1. Мектеп сайтында орналасқан мектептің әлеуметтік-психологиялық қызметінен ақпараттар мен ұсыныстар алу.

2. Білім үрдісінің нормативтік-құқықтық құжаттарымен Интернет арқылы танысу.

5. Мектепте бірыңғай ақпараттық орта құру қызметінің приоритеттік бағыты.

Мектепте бірыңғай ақпараттық орта құру – оқу үрдісіне атсалысатын барлық қызметкерлер: әкімшілік, мұғалімдер, оқушылар және олардың ата-аналары; басқарма саласындағы әкімшілік, оқыту үрдісі қызметін тиімділігін арттыру саласындағы оқытушылар жатады. Сонымен қатар оқыту үрдісіне атсалысатын барлық қатысушылар өзара ақпараттық хабарлар желісінде тығыз байланыста болады.




  1. Мектепте оқыту үрдісін ақпараттандыру.

Мектепте 158 компьютер бар. 2015-2016 оқу жылы 2 ноутбук сатып алынды. Оқыту үрдісінде 149 компьютер қолданылады. 9 компьютерді бухгалтерия қолданады. 2016-2017 оқу жылында істен шыққан жарамсыз компьютерді, 2005, 2006 жылдары мектеп балансына қойылған 15 компьютерді жоққа шығару жоспарланып отыр.

Мектепте 1124 оқушы (1-11 сыныптар) оқиды, жалпы санын шаққанда бір компьютерге 7,5 оқушыдан келеді.

Оқу орнында 2 информатика кабинеті қызмет етеді. Химия, биология, физика, мультимедиялық және лингафон арнайы кабинеттері, сондай-ақ тағы да 4 (№№8,25,18,21) кабинетте мұғалімдер интерактивтік құрал-жабдықтарды қолдана отырып, сабақ өткізе алады.

Қалған кабинеттерде моноблоктар орнатылған.

TP-Link модем желісі арқылы кабинеттердегі барлық компьютерлердің Интернетке қосылу мүмкіндіктері бар. Мектеп сайты қызмет етеді. Осы сайттан мектеп жаңалықтарымен, мектеп туралы ақпаратпен, педагогикалық құрамы, оқыту үрдісінің нормативтік базасы, Мектеп мұғалімдері ұйымдастырған шаралар жұмыстарымен танысуға болады. Сайт аптасына 1-2 рет жаңартылып отырады.

Мектеп екі информатика мұғалімі жұмыс істейді.






Мұғалім аты-жөні

Білімі

Диплом бойынша мамандығы

Өтілімі (ИВТ; 1.09.15; ж. ай)

Кате-гория

Біліктілік арттыру курсы

1

Пирожникова И.А..

Жоғары, ПМУ, 2009 ж.

Информатик және математика мұғалімі

19.02

В(2012)

2010

2

Будкова О.Б.

Жоғары, ПМПИ, 1991 ж.

Информатика мұғалімі

13.08

1 (2013)

2011


Жүйе әкімшілігі Клименко В.О. жүйелі түрде ақпараттық орта материалдарын тексеріп отырады: антивирустық бағдарламалар базасын жаңарту, айырбастау қажеттілігіне қарай антивирустық бағдарламаларды ауыстырып отырады.

  1. Мұғалімдердің педагогикалық қызметіндегі ақпараттандыру технологиясы

Бүгінгі ақпараттық қоғамдағы жағдайға байланысты мектептегі педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыруға және даярлауға жоғары талаптар қойылады.

Мектепте ақпараттық технология саласы жағынан мұғалімдердің біліктілігін артыру мәселесіне басты назар салынады. Мұғалімдердің көбі АКТ қолдану, электронды оқыту және интерактивтік құрал-жабдықтарды қолданумен қайта даярлау курсынан өтті.

Информатика мұғалімдері әр демалыс сайын ақпараттандыру сабағы бойынша курстар жүргізіп отырады.

АКТ қолдану сабақ кезеңдерінің әр бөлімінде байқалады. Компьютерлік және интерактивтік құрал-жабдықтарды қолдану сабақтың келесі кезеңдерінде жиі кездеседі: жаңа материалды түсіндіру, алған білімді қорытындылау және бекіту, білімді тексеру, тестілеу.

Педагогтар журнал баспалары, Интернет сайтында өз жұмыстарын орналастыру сияқты шығармашылық жұмыстарды жалғасуда. «Коллеги», «Педагог - kz», vidiourok.net Интернет – порталы InfoUrok.RU сайтында сыныптан тыс шаралар, әдістемелік сабақтар жинағы орналастырылып отырады.

Біздің мектебіміздің оқушылары әрдайым қашықтықтан тыс Интернет-олимпиада, викториналарға, сондай-ақ түрлі қалалық және облыстық деңгейдегі байқауларға қатысады.

Осы оқу жылы жобалық зерттеу қызметі, тек қана бастауыш сынып оқушыларымен өткізілді. Оқушылар жобалық-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін қалалық байқауға ұсынды, бірақ өкінішке орай, жүлделі орынға ие болған жоқ.

Мұғалімдер www. Mediakurs. kz. лингафондық функциясын басқаратын кабинет жүйесіне басты назар салып, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым миистрлігінің JoyClass және бейне-сабақтар интернет – порталын кеңінен қолданып отырады. Оқыту пәндері бойынша электрондық кітаптар жүйесінің саны 1043 құрайды, оның ішінде: ағылшын тілінде – 203, мемлекеттік тілде – 383, орыс тілінде – 457.


1. Бағдарламалық қамтамасыз ету және құрал-жабдықтарды орнату:

  • информатика және биология кабинеттерінде проектор шамын ауыстыру;

  • оқушылардың ақпараттық мәдениетін арттыру мақсатымен оқыту-тәрбие үрдісінде компьютерлерді пайдалану үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді үнемі жаңартып отыру;

  • мектептің (компьютерлер) материалдық-техикалық базасын сақтау үшін жаңа лицензиялық антивирустық бағдарламалар сатып алу;

  • компьютерлік техника оқыту үрдісінде жоғары деңгейде қызмет көрсету үшін ДК қосымша құралдарын жүйелі түрде жаңартып отыру;

  • мектептің компьютерлік және интерактивтік құрал-жабдықтарды сақтауды үнемі жүзеге асыру.

2. Ақпараттық ресурстар мен жүйелерді өңдеу және игеру:

  • мектеп сайтының жұмысын қолдау (ақпарат және модернизация жаңарту және толықтыру);

  • мұғалімдерге электрондық портфолио құру;

  • Мұғалімдер Интернет порталында сабақ жоспары мен дидактикалық материалдар баспаларын жүйелі түрде жүзеге асыру.

3. Ақпараттық технологияларды пайдалану:

  • оқу жылы ағымында білім сапасының компьютерлік мониторингі жүйелі түрде қолдану;

  • on-line тәртібі бойынша интерактивтік сабақтарды көруге үнемі қатысып отыру (интерактивтік сабақтарды өткізу тәртібі);

  • оқыту үрдісі кезінде дарынды балаларды іздеу және олармен АКТ мүмкіндігін пайдалану негізінде жұмыс жасау.

4. Кадрларды қамтамасыз ету:

  • білім беру жүйесіндегі барлық қызметкерлердің кәсіби қызметі үшін ақпараттық технологияларды қолдану бойынша біліктілік арттыру курстарына қатысуды (кесте бойынша) ұйымдастырып жүзеге асыру;

  • өз қызметінде интерактивтік құрал-жабдықтарды қолданғысы келетін мұғалімдермен интерактивтік құрал-жабдықтарды қолдану курстарына қатысу;

  • АКТ қолдану тәжірибесімен бөлісу бойынша семинарлар, практикумдарды жүйелі түрде өткізу және оған қатысу;

  • мұғалімдер қызметіндегі жағымды жақтарды үйрену, жалпылау және бөлісу жұмыстарын реттеу.



2015-2016 оқу жылындағы №43 ЖОМ әдістемелік жұмыс анализі
Мектептегі оқыту жүйесін біртұтас ететін, мұғалімнің педагогикалық шеберлігін арттыратын негізгі құралы – әдістемелік жұмысы болып табылады. 2015-2016 оқу жылында педагогикалық ұжым «Жаңа білім беру ортасын дамыту жағдайында педагогтың кәсіби құзіреттілігін жетілдіру» тақырыбында қызмет атқарды. Осы тақырып 2014 жылдың тамызындағы педагогикалық кеңес отырысында таңдалды, аяқтау жылы 2020.

Осыған байланысты әдістемелік жұмыс мақсаты анықталды: мұғалімдердің педагогикалық шеберлік деңгейін, оқытудың (оқыту пәндері) тәсілдері және ғылым саласындағы біліктілік пен құзіреттілікті үздіксіз жетілдіріп отыру; оқушыларды жан-жақты қырынан ашуды қамтамасыз ететін жаңа технологияларды меңгеру.

Өткен оқу жылындағы әдістемелік жұмыс алға қойылған міндеттерді орындауға, оларды мектептің оқыту бағдарламалары және оқу-тәрбие үрдісі арқылы жүзеге асыруға бағытталған болды.

Алға қойылған міндеттерды іске асыру үшін мектепте оқу жылы басында қажетті нормативтік-құқықтық базасы, әдістемелік жұмыс жоспары және әдістемелік кеңес құрылған.

Әдістемелік жұмысты жоспарлау барысында педагогикалық ұжым мектептің алға қойылған міндеттері мен мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін формаларды таңдауға тырысты.

Мектеп мұғалімдері үшін таңдалған әдістемелік жұмыс формалары дәстүрлі болды, сондықтан педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес отырысы, баяндама, әдістемелік апталықтар, кәсіби шеберлік байқауына қатысу, мастер-класс, коучинг, семинарлар, тәлімгерлік ету, пәндік ӘБ, ЖММ, әкімшілік жиналысы, өздігінен білім алу сияқты мәселелер мектеп тақырыбына, қажеттіліктерге, шығармашылық топ мұғалімдерінің алға қойылған міндеттеріне сәйкес болады.

Жоғарыда аталған әдістемелік жұмыс формалары мектептің жалпы білім беру бағдарламасы мен оқытудың базистік жоспарын іске асыруға, білім беру мазмұнын түрлі педагогикалық технологиялар арқылы жаңартуға әсер етті.

Ұжымның алға қойылған міндеттерінің басым бөлігі орындалды.

Міндеттерді орындалуына әсер еткен:



  1. мектеп әкімшілігі мен педагогикалық ұжым бірлесіп, білім беру үрдісіне атсалысатын тұлғаларға жағдай жасау;

  2. жеке педагогикалық құбылыстардың себеп-салдар байланысын анықтау және оны түзету.

Педагогикалық қызметкерлер аттестациясы

Мақсаты: біліктілік арттыру нәтижесін, педагогикалық шеберлік пен кадрлардың санатын анықтау.

2015-2016 оқу жылындағы мектептің педагог қызметкерлерін аттестаттау мемлекеттік басшылары және педагог қызметкерлерді аттестаттау тәртібі туралы Ережесіне сәйкес және жеке өтініш негізінде өткізілді.




Санаты

2014-2015

2015-2016

Динамика

Барлық өтініш

18

16

-2

Жоғары

6

8

+2

Бірінші

3

4

+1

Екінші

9

4

-5

2015-2016 оқу жылында аттестаттауға 16 өтініш берілді. Оның ішінде 4- жоғары санатты растау, 4 – жоғары біліктілік санатты алу, 4 - бірінші біліктілік санатты алу, 1 - екінші біліктілік санатты растау, 3 - екінші біліктілік санатты алу.

Мектеп аттестаттаудан өту үшін қажетті жағдай жасалған: уақытында шыққан әкімшілік құжаттар, аттестаттаудан өтетін әр педогогқа дайындалу мерзімі берілген, консультация берілген, МІБ бойынша шаралар өткізу. Аттестаттаудан өтетін педагогтар, уақытында аттестаттаудан өту кезінде қажет негізгі ақпараттық материалдарымен таныстырылды: мемлекеттік басшылары және педагог қызметкерлерді аттестаттау тәртібі туралы Ережесі, ағымдағы жылда аттестаттаудан өтетін педогогтардың тізімі, кәсіби құзіреттілік деңгейі және біліктілікке қойылатын талаптар; барлық құжаттардың тізімі. Әр мұғаліммен ағымдағы жылда біліктілік санатты арттыру (растау) жоспары құрастырылған. Жоғары және бірінші біліктілік санатты иемдену аттестаттауынан өтініш берген барлық педагог өтті.

Шешімі: 3 жылдың қорытындысы бойынша, жоғары және бірінші санатына үміткер мұғалімдердің даму динамикасы тұрақты, сондықтан оқу-тәрбие үрдісін жақсы жүзеге асыруда, педагогикалық шығармашылық, зерттеу жұмыстарын дамытуда тигізетін ықпалы зор.

Педагогикалық кадрлар аттестаттауы


Санаты /оқу жылы

2012-2013

2013-2014

2014-2015

2015-2016

Жоғары (алу/ растау)

5 (3/2)

17 (8/9)

6 (3/3)

4/4

Бірінші (алу/ растау)

5 (3/2)

3 (3/0)

3 (1/2)

4/1

Екінші (алу/ растау)

10 (10/0)

3 (3/0)

9 (9/0)

3/0

Қорытынды

20 (26%)

23(30,3%)

18 (23%)

16(19%)

Біліктілік арттыру және қайта даярлау курстарынан өту.

Мектептегі негізгі бағыттың бірі – мұғалімдерді қайта даярлау курстары болып табылады. Анализге қарағанда мемлекеттік тапсырыс жоспарын орындаудың өсу пайызы тұрақты екендігін көрсетеді.

2015-2016 оқу жылы ағымында қайта даярлау курсынан 16 мұғалім (19%) өтті және 1 мұғалім ҚР педагог қызметкерлері біліктілік арттыру курсын, үшінші деңгей (базалық) бағдарламасы бойынша бітірді; барлығы 24 мұғалім, демек 28% құрайды.


Оқу жылы

Барлық педагог

Динамика

2012-2013

9




2013-2014

6

-3

2014-2015

10

+4

2015-2016

17+5+2

+13


Жағымды жақтары:

  1. Сегіз мұғалім (Бойко А.Ю., Долголевец А.К., Ассанова (Жакенова) Ж.Т., Мукажанова Б.Е., Нечвиенко Е.Б., Санко И.Б., Толегенова Ж.Т., Хузина О.А.) ҚР орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында біліктілік арттыру курсынан өтті.

  2. Білім мазмұнын жаңарту бойынша мектеп жаттықтырушыларын оқыту курсына 2015-2016 оқу жылы сертификатталған мұғалімдер қатарынан Сарсикеева С.К., Кабыкенов А.Х. жіберілді.

Жағымсыз жақтары:

Біліктілік арттыру мәселесіне барлық мұғалімдер жаупкершілікпен қарамайды. Мәселен, 2010-2011 оқу жылында біліктілік арттыру курсынан 9 мұғалім өтті: Ахметжанова Гульнар Сарсембаевна, Жанкарина Салтанат Рахметуллиновна, Зыкова Юлия Анатольевна, Пирожникова Ирина Анатольевна, Порывай Борис Леонидович, Сарсикеева Сауле Каировна, Сороко Юрий Станиславович, Хамитова Сауле Лаззатовна. 9 мұғалімнің ішіндегі 3-еуі (Сарсикеева С. К., Хамитова С. Л., Зыкова Ю.А.) пән бойынша біліктілік арттыру курсынан өткен жоқ, бірақ Кембридж университеті бағдарламасы бойынша курсынан өтті, ал қалған педагогтар алдағы 2016-2017 оқу жылында біліктілік арттыру курсынан өту қажет. Сонымен бірге белгілі бір себептермен «Өрлеу» ҰБАО АҚ базасында өткізілген ағылшын тілі мұғалімдерінің білім мазмұнын жаңарту біліктілік арттыру курсынан өту бойынша 1 бос орын босқа кетті.



Кембридж университеті бағдарламасы бойынша деңгейлік курстардан өту

Оқу жылы

Барлық педагог

1 деңгей

2 деңгей

3 деңгей

2012-2013

1







1

2013-2014

4







4

2014-2015

5




1

4

2015-2016

1







1

Үш жыл ішінде

11

0

1

10

Жағымды жақтары:

  1. 11 педагог бағдарламаның екінші, үшінші деңгейі бойынша оқудан өтті, демек педагогтың жалпы санынан 13% құрайды.

  2. 2016-2017 оқу жылында 1,2,3 деңгей курстарына Шакенова Б.М., Копнышева М.В., Зиневич А.В. жіберілетін болады.

Осы оқу жылы білім беру ұйымына жаңадан келген жас мамандар бөлігінің динамикасы

Оқу жылы

Барлық педагогтар

Жас мамандар саны

Педагогтың жалпы санынан %

2014-2015

76

1

1,3%

2015-2016

85

6

7,1%

Жағымды жақтары:

  1. Мектепке жас мамандардың келу жағы артып келеді.

Мектептің педагогикалық ұжымына жыл сайын жас мамандар және жаңадан бастап келе жатқан мамандар қосылып келеді. Соңғы үш жыл ішінде жас мамандардың қосылу жағынан жағымды диамика бпйқалады.

Мектепте жас мамандарды қолдау бағдарламасы жасалып, жүзеге асырылуда, ол педагогтарға әдістемелік, психология-педагогикалық және ақпараттық көмекке бағытталған жүйе негізінде. Әр жас маманға тәлімгерлер бекітілген, олар сабаққа қатысып, талдау жасайды, кемшіліктерді анықтайды, қиын тақырыптар бойынша бірлесіп жоспар құрастырады, ортақ шаралар өткізеді. Мұғаліммен жеке жұмыс жасау арқылы әрқайсысының потенциалдық мүмкіндіктерін ашуға болады, жұмысқа деген шығармашылық көзқарас қалыптастырады. Мұғалім-тәлімгерлермен оқу жылы ағымында оқушыларды саралап оқытуды ұйымдастыру бойынша сабақтардың жобалау жағынан көмек көрсетілді.

«Жас мамандар мектебі» сабағы айына 1 рет түрлі формада өткізілді: проблемдық семинарлар, іскерлік ойындар, дискуссия, ашық сабақтар. Жас мамандар алған білімдерін сабақ өткізу, сыныптан тыс шараларды ұйымдастыру барысында қолдана алады.

«Жас мамандар мектебі» өткізу аясында дәстүрлі мәселелер қарастырылды: әдістемелік әдебиеттерге шолу жасау, ағымдық мектеп мәселелерін талқылау, нормативтік-құқықтық құжаттар.


Оқу жылы

Барлық педагогтар

Жас мамандар саны

Педагогтың жалпы санынан %

2015-2016

85

Рахпанова З. Ж.

Квиткова Л. А.

Кожан А.Б.

Есимбаева А. К.

Сарымбетова А. К.

Кырыкбес Б. С.



7,1%

Алдымыздағы оқу жылында мұғалім-тәлімгер, ӘК мүшелері жас мамандармен «Постарайтесь не допускать следующих ошибок…», «Как сделать урок эффективным и эффектным?» және т.б. кеңес беру жұмыстарын одан әрі жалғастыру қажет. Жас мамандар мен психологтың бақылауды аса қажет ететін оқушылармен жұмыс жасау ортақ қызметін одан әрі күшейту қажет, әсіресе психологиялық даму ерекшеліктері жағынан, сондай-ақ оқуға деген ынтасы жоғары балалармен жұмыс жасауды күшейту керек, оқыту үрдісін ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалануға басты назар салған жөн.

2015-2016 оқу жылындағы жас мамандар мектебі жұмысының анализіне қарағанда, мектептің әдістемелік жұмысы қанағаттанарлық, демек алға қойылған мақсаттар мен міндеттер іске асырылды.

Келесі оқу жылына міндеттер:



  • үздіксіз білім алуда жас мамандардың қажеттілігін қанағаттандыру;

  • жаңадан бастап келе жатқан мамандардың оқу үрдісіндегі кәсіби, әдістемелік кемшіліктерін анықтау, оларды шешуге ықпал ету;

  • педагогтардың шығармашылық қызметінде жеке стиль қалыптастыруға ықпал ету;

  • жас мамандарға оқыту үрдісінде қазіргі заман технологиялары мен озық тәжірибелерді игеруге көмектесу;

  • тәжірибелі оқытушылардың педагогикалық шеберлігін насихаттау, әдістеме мен педагогика білімін жетілдіруге көмек көрсету;

  • диагностиалау және қайта диагностикалау өткізу дағдыларын қалыптастыру;

  • оқушылардың сабақтарда интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселелерінде жас мамандардың құзіреттілігін арттыру бойынша жұмыс жасау;

- оқушылардың ынтасына қарай оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін үйрену және тәжірибеде қолдану жұмысын бағыттау;

- сабақ өткізу барысында оқушылардың өзін-өзі бақылау және рефлексияны қамтамасыз ету.



Каталог: files -> loader
loader -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
loader -> №23 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
loader -> Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сандықтас қонысы көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған
loader -> Сабақтың тақырыбы: Абай шаңырағы Сабақтың мақсаты
loader -> Рассказ. Б. Комеков, С. Утениязов. «Шокан Уалиханов». Рассказ. Ж. Касымбаев. «Абылай хан»
loader -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ақын өмірбаянымен
loader -> Ануарбек Дуйсенбиев «Зима в лесу»
loader -> Қарағанды тарландары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет