БөЖ 1 Қазіргі Қазақстандағы саяси режим түрін анықтау және өз таңдауын дәлелдеу. «Саяси режим»


БӨЖ 2 Қазіргі Қазақстандағы саяси партиялар бағдарламаларының күшті және әлсіз жақтары



бет2/3
Дата13.12.2021
өлшемі33,34 Kb.
#100020
1   2   3
Байланысты:
саясаттану БӨЖ 1,2,3

БӨЖ 2 Қазіргі Қазақстандағы саяси партиялар бағдарламаларының күшті және әлсіз жақтары.

Қазақстандық партиялық жүйенің дамуындағы маңызды мәре парламенттік сайлауларды өткізу кезінде тепе-тең сайлау жүйесінің қолданысқа енгізілуі болды. Екпінді мажоритарлық жүйеде үстемдікке ие болатын жекелеген персоналардан саяси саланың басты институттары ретінде партияларға көшіру партиялардың сайлауалды тұғырнамаларының мазмұнына сарапшылар қоғамдастығының да, сондай-ақ елдің қарапайым азаматтарының да аса қызығушылық танытатынын айқындап берді.

Қазақстандық қоғамды дамытудың негізгі мәселелері бойынша іс үстіндегі саяси партиялардың әрекет ету ерекшеліктерін айқындау, басымдықтары мен ұстанымдарын анықтау мақсатында 2016 жылғы парламенттік сайлауды өткізу барысында жарияланған партиялық бағдарламалардың мәтіндеріне талдау жүргізілді.

Партияның мақсаттары партиялық бағдарламалардың айқындаушы бөлігі болып табылады. Мақсаттар әдетте болашаққа бағытталады және көбінесе абстрактілі сипатта түзіледі.

Партиялардың бағдарламаларында белгіленген мақсаттары ұқсас, тек тұжырымдауында ғана айырмашылыққа ие. Партиялар мемлекет дамуының барлық бағыттары бойынша мәселелерді кеңінен қамтуға тырысады: әлеуметтік, саяси, экономикалық және рухани.

Саяси партиялардың іс-қимылдарының басымдықтары өздеріне қатысты және мүдделерін қорғайтын әлеуметтік базаны айқындап тұрады. Партиялық бағдарламаларда жекелеген әлеуметтік топтардың мүдделеріне екпін берілген, десек те, сонымен қатар партиялардың бәрі дерлік саяси белортадағы біркелкі топтарды назарға ала отырып, «жалпыхалықтық» болуға ұмтылады (батыс терминологиясында «жалпықамтушылық») (3-кесте).

Саяси партиялар бағдарламаларының басқа бір ерекшелігі өздері шешімін табуды бағдарға алған қоғамның өзекті проблемаларын белгілеу болып табылады. Төменде бірқатар партиялар тарапынан ұсынылған, елдің одан әрі ілгері басуы мен әлеуметтік қуаттылығына қол жеткізу үшін араласуды қажетсінетін, мемлекеттік саясаттың қандай да бір салаларын реформалаудың негізгі бағыттары мен жолдары туралы түсінік ұғымдары берілген.

Аталған партиялар Қазақстанның қазіргі замандағы дамуының проблемалары ретінде мыналарды көрсетеді: қоғамның мүліктік жіктелуі, әлеуметтік көңіл күйдің нашарлауы, мемлекеттік құрылымдар қызметін бақылаудың жетімсіздігі.

Партиялық бағдарламалар негізінен қоғамның тыныс-тіршілігінің түрлі салаларына сай тараулар бойынша құрылымдалады: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени. Партиялық бағдарламалардың аталған тарауларының мазмұнымен танысу сайлаушыға партияның саяси ұстанымдары мен басымдықтарын анықтау мүмкіндігін береді.

Бірқатар партиялар бағдарламаларының «саяси сала» тарауында белгіленген ұсыныстардың көпшілігі мемлекеттік басқару жүйесін реформалаумен байланысты .

Саяси партиялар көбінесе биліктің заң шығарушы тармағының ролін күшейту, мемлекетті басқарудың парламенттік-президенттік жүйесін орнату және сайланудың шекті деңгейін 5%-ға дейін шегеру талабын ұстанады.

Қолданыстағы саяси құрылымды басқарудың парламенттік-президенттік түріне өзгерту жөніндегі ұсыныстар атқарушы биліктің таразы басын басып тұратындығынан, сондай-ақ партиялардың ықпал ету құзыретін ұлғайтуға ықыласты болуы себепті қисынды көрінеді, өйткені, олар мемлекеттік басқару жүйесіне тек қана заң шығарушы билік позициясынан қатысады.

Жалпы алғанда, партиялардың барлығы мемлекеттілікті нығайтуға мүдделі және демократиялық даму жолын ұстанады.

Кешенді ұсыныстардың жекелеген блоктары ұлттық экономиканың проблемаларына арналған. Олар агроөнеркәсіп кешені мен кен өндіруші өнеркәсіпті дамыту, шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау, жекеменшікті қорғау және басқа да бағыттардағы мәселелерді қамтиды.

Аталған проблематика бойынша партиялардың көпшілігінің ұстанымдары бір-біріне сәйкес келеді. Кәсіпкерлікті қолдау саласында салықтарды жеңілдету және мемлекеттік қолдау механизмдерін жетілдіру, оның ішінде несиелеу көлемдерін ұлғайту шаралары ұсынылады.

Агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселесінде партиялардың пікірлері біртектес – ауыл шаруашылығына арналған жерлер ауыл шаруашылығымен шұғылданатын Қазақстан азаматтарының пайдалануына берілуі керек. Сондай-ақ, барлық ауыл шаруашылығы жерлеріне инвентаризация жүргізу қажеттілігі аталып өтіледі. Аграрлық секторды қолдау шаралары субсидиялар бөлу, салықтық преференциялар ұсыну, заманауи инновациялық технологияларды енгізу, экотуризмді дамыту, бұған қоса әлеуметтік инфрақұрылымды жетілдіру мен ауылдық жерлерге жастарды тарту тәсілдері арқылы ұсынылады.

Осы ретте, партиялық бағдарламалардың экономикалық блоктарында келесі аспектілерді бөліп көрсетуге болады. «Нұр Отан» партиясы шағын және орта бизнесті қолдау қажеттілігін негіздеуге айрықша көңіл бөледі. «Ақ жол» ҚДП өз бағдарламасында мемлекеттік бағдарламалардың (Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы, «Бизнестің жол картасы – 2020») тиімді жүзеге асырылуы мәселелеріне назар аударады. ҚХКП меншік үлгілерінің көптүрлі болуын алға тарта отырып, ол жерде «адамның адамды қанауы» орын алмауын ескертеді. ЖСДП орны қайыра толмайтын ресурстар – мұнай, газ, көмір, қара және түсті металдар өндірумен шұғылданатын салаларды мемлекет меншігіне алу, оффшорлық экспортқа тыйым салу, мұнай өңдейтін кәсіпорындарды модернизациялау ұстанымын алға шығарады.

«Азат» ҚДП шикізаттық бағытты еңсеруді және инвестициялық климатты салықтық алымдар көлемін шегеру жолымен жетілдіруді экономика саласындағы негізгі міндеттер деп есептейді. «Ауыл» экономикалық салада инновациялық және тиімді технологияларды кеңінен енгізуге, импорт алмасуға екпін береді. «Бірлік» партиясы тиімді инвестициялық саясат жүргізуді және ғылымды қажетсінетін экономиканы енгізуді қолдайды.

Саяси партиялардың бағдарламаларында мемлекеттің әлеуметтік саясатын жетілдіру шаралары туралы ұсыныстаржеке тарау ретінде көрініс береді. Партиялық бағдарламалардың әлеуметтік блоктарында өмір сүру сапасын арттыру мен жетілдіруге қатысты ұсыныстар жалпы тезистер арқылы берілген.

Төменде жекелеген партиялардың партиялық бағдарламаларындағы сандық көрсеткіштері ұсынылып отыр.

Бағдарламалардың әлеуметтік блоктарының мәтіндерін талдау әлеуметтік кепілдемелердің белгілі бір тізбегі қалыптасқанын айғақтайды, олармен азаматтарды қамтамасыз етуге барлық партиялар уәде береді. Бұл тізбеге жұмыссыздықпен күрес, зейнеткерлерді, жастарды, тұрғындардың әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған бөлігін қолдау және ТҮКШ, білім беру мен денсаулық сақтау мәселелері кіреді.

Бірқатар қазақстандық партиялардың бағдарламаларында рухани және мәдени салаларды дамыту жайы да көрініс тапқан. Олар, әсіресе, мәдениет саласын мемлекеттің айрықша бақылауға алуына қатысты ортақ пікірде.

ЖСДП мен «Ақ жол» тұрғындарды шоғырландыру факторының бірі ретінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтудің маңыздылығын атап өтеді. Бұдан тысқары, екі партия да патриотизм идеясы мен оның құндылықтарын насихаттау қажеттілігіне назар аударады. Осы ретте, «Ақ жол», «Алаш» қайраткерлерінің идеялық көзқарастарының танымалдығы артуына айрықша ден қояды.

«Бірлік» партиясы халықтың дәстүрлі құндылықтарына бейімділігін сездіреді және мәдениетті дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу қажеттілігі туралы мәлімдейді.

Саяси партиялардың бағдарламаларының құрылымы үнемі айқын болмайды және қоғам дамуының барлық бағыттарын толық қамти алмайды, өйткені, саяси партиялардың өздерінің идеологиялық дискурсы, мақсаттары және міндеттері тұрғысынан қарастырғанда өзара айтарлықтай айырмашылықтары бар.

Қазақстанның саяси партиялары өз риторикасына жекелеген әлеуметтік топтардың көңіліне жағымды элементтерді енгізе отырып, электоралдық базаны кеңейту ұстанымын бүкпесіз білдіреді. Партияның «философиясына» байланысты бизнесті қолдау, ауылды дамыту, патриотизм құндылықтарын ілгерілету және басқа да міндеттер басымдық сипатындағы бағыттар ретінде көрініс береді. Алайда, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері дерліктей барлық партиялар үшін партиялық бағдарламаларының базисі болып табылады.

Осы тарауда қарастырылған мәселелер өткен кезеңге тән саяси үдерістердің партиялардың қазіргі таңдағы іс-қимылының негізгі векторлары мен күштерінің орналасуына қатысты ролі туралы жалпы түсінікті қалыптастырады.

Тәуелсіздіктің үш онжылдығы енді ғана толысар уақыт аралығында Қазақстанның партиялық жүйесі бірқатар негізгі кезеңдерді басынан өткерді, соның нәтижесінде сандық және айтарлықтай сапалық өзгерістер орын алды. Жалпы алғанда, түрлі саяси трендтер мәжбүрлеген, дамудың қазіргі замандағы ішкі және сыртқы факторлары ықпал еткен партиялық жүйенің жаңғыру үрдісі өзін-өзі ақтады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет