БөЖ №1 Тақырыбы: «Бидай дәнінің сұрыптары,кластары және олардың химиялық құрамы» Орындаған: Молдабекова Қ.Қ. Тобы: тх-19-12 Тексерген: Байысбаева М. П. 2021 жыл Жоспар



бет4/7
Дата20.12.2021
өлшемі113,37 Kb.
#103938
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ТХ-19-12 Молдабекова Қ. БӨЖ №1

Физикалық-химиялық көрсеткіштер.
Бидай ұнының ылғалдылығы 15% аспау керек. Ұнның ылғалдылығы  жоғары болса, оның су сіңіру қасиеті  төмендейді. Ол шығарылатын өнімдердің мөлшерін азайтады.

Ұнның күлділігі сорттың  қосымша көрсеткіштері болып  саналады. Төменгі сорттқа қарағанда, жоғарғы сорттың күлділігі төмен  болады. Өйткені жоғарғы сорт ұнының дәні негізінен эндосперма бөлшектерінен  тұратындықтан, бөлек дән ұлпаларында  минералды заттардың бір текті  таралмауы байқалады. Жоғарғы сорт бидай ұнының күлділігі - 0,55, бірінші  сорт – 0,75-тен, екіншісі–1,25-тен аспау  керек.

Ұнның тартылу ірілігі  әр сортында өзіндік белгіленген  бөлшектің мөлшерімен сипатталып, маңызды  технологиялық рөл атқарады. Ұнның  сорты жоғарлаған сайын оның бөлшектері ұсақ. Өте ірі ұнның су сіңімділігі  төмен және пісірілген нанның көлемі жеткіліксіз болып, оның жұмсақ жерінің  ұсақ тесіктілігі қалың, дөрекі болады. Өте ұсақ ұнтақталған ұнның нанының  сырты мен жұмсағы күңгірт, формасы  жайылып кеткен, тез қатып қалатын  нан дайындалады.

Ұнның металомагниттік қоспасы 1кг. 3 мг-нан аспау керек. Металдық бөлшектің ең үлкен мөлшері 0,33 мм-ден  аспау керек. Шикі желімшенің мөлшері  мен сапасы нан пісіру және макарон  дайындауға арналған бидай ұнының қасиетін сипаттайды. Желімшенің эластикалық  және созылмалық қасиетіне байланысты, ол қамырдың ашу кезінде көмірқышқыл  газын сақтап қалып пісіру кезінде  формасын қалыптастырады. Ұн жармасында ішкі желімшенің мөлшері 30%-тен кем  болмау керек. Ал жоғарғы сортта – 28, 1 сортта – 30, 2 сортта – 25, ерекше тартылған  – 20.

 

 БИДАЙ САПАСЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет