Бөж галлиполи шайқасы орындаған: Балтабай Жансая Қабылдаған: Оспанова Алия



бет2/7
Дата11.05.2022
өлшемі83,94 Kb.
#142868
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ататурк
суфизм (Яссауи) Ботабекова А.Е., эссе, 113chem10, Бүтін көрсеткішті дәреже , 7-сынып, Қазақстан тарихы1-1
Негізгі бөлім
Галлиполи шайқасы
Дарданелл бұғазын қорғауға арналған 5-ші армияны басқаруға неміс маршалы Отто Лиман фон Сандерс тағайындалды. Мұстафа Кәмәлға сол 5-ші армияның құрамына енгізілген 19-шы дивизияны ұйымдастырып, оған басшылық ету міндеті жүктелді. Ал 1915 жылғы қаңтардың 8-інде Британия соғыс кеңесі «Галлиполи түбегін зеңбірекпен атқылап, Истанбулды қолға түсіру мақсатымен басып алу» үшін соғыс оперциясын бастап жіберді. Дарданелл бұғазының жағалауындағы қорғаныстарды бұзып-жарып өтіп Истанбулға шабуыл жасау тапсырмасын Британия соғыс кемелері орындай алмады. Сол себепті британиялықтар флотының қимылдарына қолдау болсын деп құрлыққа түсу операциясын бастады. Бұл операция 1915 жылғы сәуірдің 25-інен 1916 жылғы қаңтардың 9-ына дейін орын алды. Галлиполиде орналастырылған Мұстафа Кәмәлдің басшылығындағы дивизия түбекті басып алмақ болған Антанта әскерлерімен бетпе-бет келіп соқтығысты. 1915 жылғы сәуірдің 15-інде Аустралия және Жаңа Зеландияның әскерлері (АНЗАК) АНЗАК қойнауында жағалауға келіп түсіп, ішкеріге басып кіруге бет алды. Бірақ көп ұзамай олар Мұстафа Кәмәлдің қолбасшылығындағы түрік әскерінің қарсы шабуылына ұшырады. Мұстафа Кәмәл жау әскерлерімен төбелерде кездесіп, оларды тоқтатып, биіктіктерді қайтадан қолға түсірді. Оның әскери басшылығының арқасында АНЗАК әскерлері тоқтатылып, жағалауға түсуде қарастырылған әскери мақсаттар орындалмай қалды. Екі әскердің соқтығысуының алдында Мұстафа Кәмәл өзінің сарбаздарына мынадай бұйрық берді:«Мен сендерге соғысыңдар деп бұйырмаймын, осы жерде өліңдер деп бұйырамын. Біздің бәріміз өліп болғанша орнымызды басатын қосындар мен басшылар келіп үлгіреді». Түн түскенге дейін АНЗАК әскерлерінің шығыны 2000-ға жетіп, олар енді теңізге ығыстырылып тасталмай, жағалауда қалу үшін ғана соғыса бастады. Содан кейінгі екі аптаның ішінде Антанта әскерлері жағалауда қалып, әскердің үштен бірінен айырылды. Мұстафа Кәмәл операцияның бастапқы кезеңіндегі Чунуқ Баир шайқасында қарсылас әскерін тоқтатып полковник әскери дәрежесін алған болатын. Галлиполи операциясының екінші кезеңі тамыздың 6-сында басталды. Соның кезінде қолбасшы Мұстафа Кәмәл қызметтерін көбінесе алғы шептен 300 метр ғана қашықтықта атқаратын. Осы операцияның Чунуқ Баир, Юсуфчук тепе, Сары Баир сияқты шайқастарында түрік әскерлеріне басшылық етті. Галлиполи операциясының он айында түріктерден қорғанумен болып, тырп ете алмаған Антанта әскерлері үшін бұл операция ауыр жеңіліспен аяқталды. Ақыры Антанта басшылары операцияны тоқтатып, әскерді шығаруға шешім қабылдады. Аман-есен кете алғандарының өзі олар үшін ең зор олжа және табыс болды. Османлы империясының жағында соғысқан 5-ші армияның басшысы Отто Лиман фон Сандерс және бірнеше басқа түрік қолбасшылары зор табысқа жетіп, көзге түсті. Алайда Мұстафа Кәмәл өзінің ерекше үздік әскери қолбасшы екенін іс жүзінде көрсетіп зор даңққа бөленді. Шайқастың кезіндегі ерлігі мен жеңімпаздығы үшін ол өзінің бұрынғы қарсыластарының да құрметіне ие болды. Аустралияның Канберра қаласында өткізілетін АНЗАК әскерлерін еске алу парадында Мұстафа Кәмәл Ататүріктің есімі де зор құрметпен аталады. Оның қаза тапқан мыңдаған түрік және АНЗАК әскерлерінің құрметіне сөйлеген сөзіндегі мына сөздер АНЗАК қойнауы ескерткішінде тасқа ұрылып жазылған: «Қан төгіп, өмірлерін құрбан еткен батырлар... сендер енді дос елдің жерінде жатырсыңдар. Жатқан жерлерің жайлы болсын. Еліміздің топырағында тыным тауып жатқан мына Джоннилер мен Меһметтерді біз бірдей көреміз... Алыстағы елдерден балаларын қиып осында жіберген аналар! Көз жастарыңды сүртіңдер. Сендердің ұлдарыңды біз өз бауырымызға бастық... Осы елде өмірлерін қиған олар енді біздің де ұлдарымыз».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет