Бөж орындаған: Сүлеймен Айсезім Қабылдаған: Нуритдинов Баховатдин



бет1/4
Дата13.11.2022
өлшемі28,8 Kb.
#157938
  1   2   3   4
Байланысты:
ТЕО



Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
БӨЖ 
Орындаған: Сүлеймен Айсезім
Қабылдаған: Нуритдинов Баховатдин

Түркістан-2022ж


Жоспар



  1. Әл-уәлә уәл бәра

  2. Достық пен қатысы болмау

  3. Әл-уәлә уәл бәра принціпі бойынша дұшпандық пен өшпенділік

  4. Әл-уәлә сөзініңтерминдің нұсқасы

  5. Әл-уәла уәл-бәра принціпін негізсіз жалпылау иман келтіргендер

Біріншіден: Ақида ілімінде және ақида мәселелерін зерттеу тақырыптары ішінде «Әл-уәлә уәл Бара» ақидасы» деген термин немесе түсінік жоқ.


Екіншіден: Түптеп келгенде «Әл-уәлә» достық және бауырмалдық пен «Әл-Бара» ешбір қатысы болмау, алшақ болу ұғымдары тікелей жүрекке қатысты. Басқаша айтқанда, Аллаға, Оның елшілері мен кітаптарына және періштелері мен ақырет күніне әрі жақсылық пен жамандық Одан екеніне иман еткен мұсылман иманшарт жемісі ретінде жүрегінде барша мұсылман баласына деген бауырмалдық, сүйіспеншілік және жәрдемдесу деген сезім орнығады. Сонымен бірге, иманшартқа теріс келетін түсінік пен ұғымнан алшақ болуы заңдылық.
Үшіншіден: «Әл-уәлә уәл Бара» Достық және алшақтық. Егер мұны мұсылман емес адамдарға дұшпандық қарым-қатынаста болу деп қабылдасаңыз қатты қателесесіз. Өйткені, Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) бір қаладан үш еврей руымен бейбіт өмір сүрген. Омар (Алла оған разы болсын) қамқоршысы жоқ басқа діндегі қарияларға зейнетақы берген. Мұндай мысалдар көп. Демек, бұлбасқа дін өкілдерімен қарым-қатынас жасау ережесіне қайшы келмеуі тиіс.
Төртіншіден: Бір мемлекетте тұратын мұсылман емес азаматтарға теріс және дұшпандық көзқараста болу Құран және хадис мәтініне қайшы боп табылады. Құран Кәрімде: «Алла Тағала дін жайында сендермен соғыспаған және жұрттарыңнан шығармағандарға жақсылық қылуларыңа, әділдік етулеріңе тыйым салмайды. Расында, Алла турашылдарды жақсы көреді[1]», - деп ашық айтылған. Сонымен бірге, «Анығында, Алла әділетті және игілікті бұйырады...[2]»,-аяты жалпы адамға ортақ қағида. Қорыта айтқанда, жалпы «Әл-уәлә уәл Бара» ақидасы» әһли сунна уал жамағат ақида ғалымдары еңбектерінде қолданбаған термин. Бұл термин теріс ағым ақидасына тиесілі және олар біз сияқты иман еткендер – досымыз және көзқарасы біздікіндей болмағандар – дұшпанымыз деп ұстанады
Алла ризалығы үшін жақсы көру,және
Алла ризалығы үшін жек көру.
«Иман тірегінің негіздері - Алла үшін жақсы көру және Алла үшін жаман көру». Егер адам Алла үшін біреуді жақсы не жаман көрмесе, иман ләззатын білмей өткені.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (ﷺ) алғашқы мұсылман қоғамының іргетасын Алла үшін жақсы көру, Алла үшін жаман көру принциптері негізінде қалады.
Алла үшін жақсы көру - ақида (сенім) негізінде бірлесу деген сөз. Қоғам мүшелері Алла үшін бірін-бірі жақсы көріп, құрметтесе, олардың арасында ауызбіршілік болады, оларға Алланың рахметі жауады. Ал мұндай түсініктен аулақ болған қоғамда «орман заңы» билік жүргізеді, яғни әлсіздер күштілерге жем болады.
Пайғамбарымыз (ﷺ) Алла үшін жақсы көруді мінез емес иман мәселесі деп қарады.
«Иман келтірмейінше жаннатқа кірмейсіздер. Араларыңда махаббат (сүйіспеншілік) пайда болмағанша иман келтірген болып саналмайсыңдар. Махаббаттың орнығуына әсер ететін күш - сәлемді жаю
«Достық пен қатысы болмау» (әл-уәлә уәл бәра) принципі диструктивті ағымдармен ерікті түрде жалпыланған. Олар қастық пен өшпенділікті насихаттау үшін, сонымен қатар мұсылмандарды күпірлікпен айыптау (тәкфир) мақсатында қолданады. Мәселен, сәләфиттік болып саналатын «Құран мен сүннет айдынындағы негізгі сенім» (Э. Кулиев аудармасы) атты әдебиетте негізгі ұстаным төмендегідей келтіріледі: «Мұсылмандардың бір-бірімен дос болуы мен жауласуы, жақсы көру мен жек көруі тек Алла разылығы үшін болуы керек. Олар мұсылмандарды жақсы көрулері және оларға көмектесулері қажет. Дінсіздермен жауласып, оларды жеккөрулері керек және олармен ешқандай қарым-қатынаста болмауы тиіс». «Жақтаушылық, қорғаушылық» туралы аяттар келтіргеннен кейін авторлар: «Исламда иман келтірушілермен дос болу мен дінсіздермен жауласу аса маңызды орын алады. Бұл – сенімнің ең берік жармасар жіптерінің бірі,»-деп жазады. Сәләфиттік тәпсірші Абдуррахман Әс-Саади Құранға түсіндірмелерінде: «Уа, иман келтіргендер? Сенімсіздерді өздеріңіздің діндеріңізді ұстанғандармен дос болуды және оның ережелерін қадағаламағандармен жауласуды міндеттейді»

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет