Бөж тақырыбы: Биология пәнін ағылшын тілінде оқытудың қиындықтары мен мүмкіндіктері


Биология пәнін ағылшын тілінде оқытудың кемшіліктері



бет3/3
Дата22.12.2023
өлшемі0,58 Mb.
#198716
1   2   3
Байланысты:
биология ағылшынша Турсинбек Аружан

Биология пәнін ағылшын тілінде оқытудың кемшіліктері:

  • Ұстаздардың жеткілікті деңгейде тілді білмеуі;

  • Оқушылардың біразы тілді біліп, өз ойын еркін жеткізе алып, сөздердің айтылуын дұрыс айтса, енді біразы тілді жақсы білмейтін, дұрыс оқи алмайтын оқушылар болды;

  • Қос тілде жазылған кітаптардың жеткіліксіздігі;

  • Пәнді екі тілде оқыту барысында, сабақты жартылай ағылшын, жартылай қазақша жүргізілуде уақыттың жетіспеушілігі.

CLIL технологиясы
Биология пәнін ағылшын тілінде оқыту CLIL технологиясы арқылы іске асады.
CLIL технологиясы – пән мазмұны мен тілді бірлесе оқыту технологиясы.
Пән мен тілді ұштастырып оқыту (ағылшын тіліндегі атауы – Content and Language Integrated Learning – CLIL) жоғары мектеп қабырғасында пәннің мазмұнын оқыту үдерісі екінші немесе шет тіл есебінен жүргізілетін инновациялық педагогикалық технология болып табылады. Бұл жағдайда тіл оқыту бағдарламасының ауқымды бөлігіне ұштастырылған күйде болады.

CLIL технологиясының артықшылықтары мен кемшіліктері

Биология пәнін ағылшын тілінде оқыту оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, үлкен ізденіспен, шығармашылыққа жетелеуге де болады.


Нәтижесінде оқушы:

  • тіл байлығы жетіледі;

  • еркін ойлауға мүмкіндік береді және өз ойын еркін жеткізе алады;

  • жаңа оқыту үрдісін қалыптастырады;

  • өздігінен ізденімпаздық қабілеті артады, жан-жақты ізденеді;

  • ақпараттық сауаттылығы мен ақпараттық мәдениеті қалыптасады.

  • ақыл-ойын дамытады;

  • шығармашылық белсенділігі артады.


Қорытынды:

Қорыта келгенде, өз тіліңді құрметтей отырып, өзге тілді үйрену, білім ғылымда тиімді қолдану, әрі қарай дамыту, оларды болашақ ұрпақтарымыздың меңгеруіне, ағылшын тілін жаратылыстану бағытындағы пәндерімен кіріктіре оқуына мүмкіндік жасалып, тілдер гармониясының бірлігіне жол ашылуына орасан зор жұмыс жасалып жатыр.


Егемен еліміздің еңбасты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан – жақты дамыған рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Қазіргі білім берудің басты мақсаты да сол жан – жақты, бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастыру болып отыр. Биология пәнін ағылшын тілінде үндестіре отырып оқыту - өмірден өз орнын тандай алатын өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап, кез - келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласында білімі мен білігін көрсете алатын, өзге дамыған елдермен білім бәсекелестігіне түсе алатын, еліміздің биология саласын дамытуға үлес қоса алатын, көптілді және көпмәдениетті құзіреттіліктерді игерген полимәдениетті жеке тұлға қалыптастыруға ықпал етеді. Мектептерде көптілді білім бере отырып тілді терең меңгерген шәкірттер білім алып шығуы тиіс. Бір жағынан мемлекеттік тілдің қызмет аясын кеңейту болса, екінші жағынан ағылшын тілін жаһандану экономикасындағы ғылыми - ақпарат алудағы желісін кеңейту болып табылады.
Менің ойымша, жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқыту жаңа мағлұматтарға жол ашады. Жастар заман көшінен қалмай бірге жүре алады деп санаймын. Бүгінгідей ақпараттық технология өркендеп тұрған заманда оған толық мүмкіндік бар.


Пайдаланылған әдебиет

  • «Биология сабағында ағылшын тіліндегі терминологиясы», Орал –2017 ж, 4 бет.

  • Biology Grade 8, билингвальный учебник, Астана -2017, первое издание.

  • Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академисы Кіріктілген пәндерді оқыту бойынша әдістемелік құрал Астана 2016.

  • https://bilimainasy.kz


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет