Бөж тақырыбы: Буын және дыбыс үндестігі Қабылдаған: Абдуллина Гүлжан Орындаған: Қаратаева Айсана Тобы: ппм-312 Буын және дыбыс үндестігі Жоспар Кіріспе



бет2/4
Дата03.11.2023
өлшемі162,3 Kb.
#189168
1   2   3   4
Байланысты:
тілдік 1

Негізгі бөлім:
Фонациялық ауаның кілт үзілуі не кедергіге ұшырауының нәтижесінде пайда болатын бір не бірнеше дыбыс тобын буын деп атайды.



  1. Жеке дауыстыдан тұратын немесе дауыссыздан басталып дауыстыға бітетін буынды ашық буын деп атайды. Оның дыбыстық құрамы: А-ВА: ә- ке, а-на, ба-ла.




  1. Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталған буынды тұйық буын деп атайды. Оның дыбыстық құрамы: АВ: ат, ай, ән, ой-лан, әл-ден. АВВ: ант, ұлт, өрт.




  1. Ортасы дауысты болып, екі жағы дауыссыз болған буынды бітеу буын деп атаймыз. Бітеу буын қазақ сөздерінде үш дыбысты да, төрт дыбысты да болып келе береді. Буын құрамы: ВАВ: бір, бас-тар, бас-тық, тай. ВАВВ: тарт, қант, қарт.

Буын үндестігі
Дауыстылардың бір сөз көлемінде не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып ыңғайласып, үйлесіп келуін сингармонизм дейді немесе тіл үндестігі (буын үндестігі) деп те атайды. Түркі тілдерінде, әсіресе қазақ тілінде сингармонизм заңы алдымен тіл үндестігі түрінде танылып келді, сондықтан бұл екеуі (сингармонизм мен тіл үндестігі) бір-біріне синоним болып та қолданылады.
Тіліміздегі байырғы сөздер (түбірлер) бірыңғай жуан буынды немесе жіңішке буынды болып келеді. Бұл – бұлжымайтын сингармонизм заңы.
Қазақ тіліндегі қосымшалар түбірдің соңғы буынына толық тәуелді болады. Яғни түбірдің соңғы буыны жуан болса, қосымшалар да жуан болады: жұмыс-шы-лар-ымыз-дың, той-ымызға, қала-мыз-да т.б.
Соңғы жіңішке буынды түбірге жалғанатын қосымша да жіңішке буынды болып келеді: ән-ші-лер, өнер-лер-ің, ес-іміз-де.
Қосымшалардың ішінде түбірдің соңғы буынына тәуелді болмай, өз қалпын сақтап, өзгеріссіз жалғанатын қосымшалар да бар. Олар төмендегідей:
қар, -гер: қаламгер, сәулеткер, саудагер, майдангер, айлакер, тәлімгер

  • көй, гөй: ақылгөй, қаскөй, батагөй

  • қой: сәнқой, әзілқой

  • кеш: арбакеш, кірекеш

  • қор: бейнетқор, еңбекқор, дүниеқор, мансапқор.

  • паз: өнерпаз, әсемпаз, білімпаз, аспаз, келісімпаз.

  • хана: кітапхана, емхана, дәмхана

  • нікі, -дікі, -тікі: баланікі, қаланікі, сонікі

  • тал: сезімтал, өсімтал.

  • бен, -пен, -мен: атпен, қағазбен, қаламмен, жырмен.

Дауыстылардың бір сөз көлемінде еріннің қызметі жағынан ыңғайласып, үйлесіп келуін ерін үндестігі дейді. Бұл туралы акад. І.Кеңесбаев былай дейді: “Қазақтың ауызекі тілінде аздап болса да ерін үндестігі байқалады. Ерін үндестігінің күші үш буыннан аспайды: әсіресе екі буынды сөзде ерін дауыстымен келген алғашқы буынның еріндік ықпалы анық сезіліп тұрады; үшінші буында солғындау сезіледі. Яғни қазіргі қазақ тілінде бірінші буында еріндік дауыстылар (о, ө, ұ, ү) келіп, екінші буында езулік е, ы, і әріптері жазылса, онда олар (е, ы, і) сөзсіз еріндік (ө, ұ, ү) болып айтылады. Мысалы: орын (орұн), құлын (құлұн), көрік (корүн), күдік (күдүк), көріктің, күдікті — дегенде (үшінші буында) ү емес, і-мен айтылады (көмескі түрде). Немесе, өлең (өлөң), күрек (күрөк).
Сөзбен сөз арасында, түбір мен қосымша арасындағы дыбыстардың бір- біріне ықпал етіп, өзгеріп, айтылуын немесе жазылуын үндестік заңы дейді. Үндестік заңы 2-ге бөлінеді: буын үндестігі, дыбыс үндестігі.
Буын үндестігі сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан немесе бірыңғай жіңішке болып келуін айтады. мысалы: Әже, инелік. Ата, инабат, уақыт.
Дыбыс үндестігі сөз ішіндегі қатар келген 2 дыбыстың бір-біріне ықпал етуі. Дыбыс үндестігі 3-ке бөлінеді:

  1. Ілгерінді ықпал,

  2. Кейінді ықпал,

  3. Тоғыспалы ықпал.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет