Бөж тақырыбы: Буын және дыбыс үндестігі Қабылдаған: Абдуллина Гүлжан Орындаған: Қаратаева Айсана Тобы: ппм-312 Буын және дыбыс үндестігі Жоспар Кіріспе



бет4/4
Дата03.11.2023
өлшемі162,3 Kb.
#189168
1   2   3   4
Байланысты:
тілдік 1

Тоғыспалы ықпал- әркелкі дыбыстар қатар келіп тоғысып, екеуі де біріні-бірі өзіне еркін ұқсата алмай, басқа дыбыстарға ауысып кетуін айтамыз.

Дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпалын үшке бөліп қарауға болады:



  1. прогрессивті (ілгерінді ықпал) ассимиляция

  2. регрессивті (кейінді ықпал) ассимиляция

  3. тоғыспалы ассимиляция

а) Прогрессивті ассимиляция 
Бір сөз көлемінде немесе бірнеше сөз аралығында алғашқы дыбыстың кейінгі дыбысқа артикуляция жағынан өзіне ұқсата ықпал етуін прогрессивті ассимиляция дейді. Прогрессивті ассимиляция бір сөз көлемінде де (негізгі сөз бен қосымша аралығында), екі сөз көлемінде де, біріккен сөз, қос сөз көлемінде де, негізгі сөз бен көмекші сөз аралығында да ұшырай береді. 
ә) Регрессивті ассимиляция
Бір сөз көлемінде немесе бірнеше сөз аралығында кейінгі дыбыстың алғашқы дыбысқа артикуляция жағынан өзіне ұқсата ықпал етуін регрессивті ассимиляция деп атайды. 
Қорытынды: Үндестік заңы. Үндестік заңы дегеніміз - сөз ішіндегі дыбыстардың бір-бірімен үндесіп, біркелк болып қолданылуы. Үндестік заңының екі түрі бар: буын үндестігі және дыбыс үндестігі.
Буын үндестігі - сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан, не жіңішке болып үндесуі. Буын үндестігін ғылымда сингармонизм заңы деп те атайды. Қазақ тілінің байырғы сөздері не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке буындардан құралған. Сонымен бірге қазақ тілінде сөз ішінде жуан, жіңішке дыбыстар араласып келеді.
Түбір мен қосымшаның, сөз бен сөздің арасындағы дауыссыз дыбыстардың бір-біріне әсер етуі дыбыс үндестігі деп аталады. Дыбыс үндестігі дауыссыз дыбыстар арасында болады. Дыбыс үндестігі дауыссыз дыбыстар арасында болады. Дыбыс үндестігі ассимиляция деп те аталады. Асимилляция – латын тілінің аssimilato «ұқсату» деген мағынаны білдіретін сөзінен шыққан термин.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 1973,1978,1993,2002, 2010
2.Қалиұлы Б. Тіл біліміне кіріспе. А.,1997
3.Хасенов Ә. Тіл білімі. А.,1996,2002.
4."Талапкер" топтамасы. Қазақ тілі: 5-11 сыныптар. "Арман-ПВ" баспасы, 2004 жыл. - 168 бет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет