Дәрілік заттардың таралуы. Қарт адамдарда май тіні көлемінің салыстырмалы артуы, липофильді заттардың таралу көлемі мен олардың жартылай шығарылуы кезеңінің жоғарылауына алып келеді(Т1/2).Ағзадағы судың салыстырмалы төмендеуі гидрофильді заттардың көлемінің төмендеуі мен қан плазмасындағы концентрациясының жоғарылауына алып келеді. Альбумин концентрациясының жастық төмендеуі қышқыл заттардың(напроксен,фенитоин,варфарин) бос
фракциясының жоғарылауына алып келедí.Ĺ1-гликопротеин қышқылы концентрациясының жоғарылауы(жиі ауыр жағдайдағы науқастарға тән: сепсис, күйік,жарақаттар,қабынуларға жауап және т.б) негізгі препаратардың бос
фракциясының(лидокаин,хинидин,пропранолол) төмендеуіне алып келеді. Жасушалардағы гематоэнцефальды тосқауыл жүйесін құратын P-гликопротеиндердің белсенділігінің төмендеуі, дәрілік заттардың және олардың токсиндерінің орталық нерв жүйесін зақымдау әсерінің жоғарылауына ықпал етеді.