Бөж тақырыбы: Ислам және қазақ мәдениеті



Дата07.02.2022
өлшемі17,73 Kb.
#97740
Байланысты:
130-28. Арысбай Назым ДОӘ


ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
БӨЖ
Тақырыбы: Ислам және қазақ мәдениеті.


Қабылдаған: Бесбаев М.
Орындаған: Арысбай Н.
Тобы: 130-28.

ШЫМКЕНТ 2020


Еуразия өлкесінің сан ғасырлық тарихы, қазақ халқының этногенезі мен этнографиясын зерттеу бары-сында қазақ мәдениеті мен руханияты Ислам өркениеті мен дүниесінің ажырамас бөлшегі екендігін көруге болады. Өйткені, халық санасына ислам діні бейбіт жолмен сіңісті. Ислам философиясын, құндылықтары мен өнерін дамыту мен жаңғыртуда біздің территориямызды мекен еткен ойшылдар: Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Яссауи, Махмұт Қашқари, Мұхамед Хайдар Дулати, Жүсіп Баласағұн және т.б. мұраларының ислам өркениетінің асыл қазынасына айналуы қазақ халқының дүниетанымында исламның рөлі басымдықты әрі маңызды екендігін дәлелдей түспек. Академик Ғарифолла Есім, «Ұлттық идея – ел санасы» атты мақаласында: «Ұлттық идеяның үшінші тұғыры – интеллектуалды жасампаз қоғам туралы сөз қозғай отырып, діннің адамзат тарихында алатын орны ерекше. Өз тарихында діни санасы болмаған халық жоқ. Сонымен бірге дінге деген көзқарастар да әр дәуірде, әр қоғамда әрқилы болып келген. Сондықтан діннің не екендігін, оның қысқаша тарихын танып, білу – әрбір саналы адамға мәдени қажеттілік», – деп атап көрсеткен болатын.
1858-1931 жылдар аралығында өмір сүрген талантты ақын Шәкәрім Құдайбердіұлы да Алланы тануға шақырады. «Мал жимақ» өлеңінде Алланың алдында таза ниетті адамдардың орны туралы сөз толғайды.
Мысалы:
Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи,
Қазаққа көз сүзбестің қамы үшін жи.
Арың сатпа, терің сат, адалды ізде,
Ғибадат пен адалдық, ар үшін жи.
Ерінбесең еңбекке, дәулет дайын,
Жаратқан жоқ жатсын деп бір Құдайың – деген өлеңі арқылы мақтаншақтық сияқты исламға жат қаситеттерден қазақ болмысының аулақ болуын көксеген.
Әбубәкір Кердері «Насихат толғауы» өлеңінде:Әуелі, Аллаһ, жараттың,
Топырақтан халық етіп.
Қараңғыдан жарыққа – деген сөздерінде қазақ дүниетанымындағы Алла болмысының мәнін аша түскендей ой қалдырады.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы: «Баласы дін мұсылман ояныңдар!» өлеңінде қазақ баласына білім алуды насихаттайды. Ал өлең атауында қазақ халқының балаларын дін Мұсылман деп теңеуі сол кездің өзінде иісі қазақ баласының мұсылмандылығының мықты болғандығын және менталитеттің берік діңгегі мұсылмандық деп көрсеткен. Өзінің «Ғылым» шығармасында: «Ғылым білім немен болады? Ең алды Құдайды, Құдай Тағаланы танымақ. Ол Құдайды қайтсе таниды? Әркім өзін таныса, Сонда тәңірісін таниды – ойлары әлі күнге дейін, атап айтқанда Қазақстанның «Интеллектуалды ұлт - 2020» жобасын жүзеге асыруда да өз маңызын жоймақ емес. Сонымен қатар, оның «Ықылас» сүресі» деп аталатын өлең шумақтары ислам құндылықтарынан терең сыр шертеді. Атап айтсақ,
Құдайға шексіз шүкір, сана сансыз,
Өлім хақ, ол келеді бір күн аңсыз.
Алланың бірлігіне тәсбих айтар,
Жаралған күллі ғалам жанды-жансыз.
Баршасы зікір етер есім сәтін,
Әрбірі, әр Лафызда айтар атын.
Құранда сүре «Ықылас» аятында,
Білдірген құдіретімен өз сипатын.
«Ықылас» атты бұл сүрені әркім көріп,
Оқыса ниет қойып көңіл бөліп.
Дүниеде ризығы көп болады,
Фазылы мен берекетін Алла беріп – дей келе, «Бес қымбат» атты өлеңінде иман, ғақыл, сабыр, шүкір, әдеп құндылықтарын насихаттайды.
Жаһандану дәуірінде басты мақсат Исламның ғылыми толық жолдарын, әл-Фараби, Ибн Сина секілді Ислам ғұламалары ұстанған ғылым жолдарын қайта жаңғырту керек. Қазіргі табиғат ғылым табыстарын ислами негізде қорытып қабылдау керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет