Бөж тақырыбы: Қытайдың әскери стратегиясы Орындаған: Алданазаров А. Қабылдаған: Cаурбаев А. Тобы: зхк-012 Түркістан 2022 Мазмұны Кіріспе Екінші дүниежүзілік соғыста ауыр жарақаттанған жапон генералы өлері алдында



бет3/5
Дата02.12.2022
өлшемі51,57 Kb.
#160946
1   2   3   4   5
Байланысты:
Азия мен Қытай 2-булок (1)
Махбал (1), Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 8 30сұрақ-жауап, Методика 30 сұрақ-жауабымен, 1 k shablon 9, Азиза 10 апта бож.docx.pptx, molchanov, Вопрос 1, Antaev-Zh-T-Menedzhment-v-sisteme-obrazovaniya, слайд Абдумавленова Т 2 db9c01bf439d8958587b3cecd08322dc, Способы связи, пСИХ ТЕСТ, 4 лекция ККЗТ, 4 лекция ККЗТ
4. «Ісікті қайтару» және «қан құю»
Дэн Сяопиннің армияны жөнге салудағы ең ерекше бір міндеті «ісік қайтару» болатын. Бұл жай ғана армияны тәртіпке салып, жөнге келтіру, машықтандыру мәселесі ғана емес еді. Армия ісіп-кебу ауруына душар болғандықтан, оған үлкен ота қажет болатын.
1975 жылы екінші рет билікті қолына алған Дэн Сяопин армияны жөнге келтіруге күш салғанда, армияның жағдайына қатысты бес ауыз сөз айтыпты. Соның біріншісі – ісіп-кебу болатын. Кейін Дэн Сяопиннің биліктен құлауына байланысты бұл үрдіс тоқтап қалды. Арадағы бірнеше жылдық үзілістен кейін армияның шамадан тыс ісініп кеткендігі байқалды. Армияның басқару құрылымдары тым далиып кетіпті. Армия қатарының көптігі адам шошырлық. Соның ішінде сардарлардың қатары тіпті көбейіп кетіпті. Әрине, бұл армияның қуаттылығының көрінісі емес, көрінбейтін қатердің белгілері болатын. Бұл туралы Дэн Сяопин дөп басып былай деді: «Қолбасшылық құрылымдарының мұндай далиып кетуі егер шын мәнінде соғыс бола қалса, соғысқа қолбасшылық етуді былай қойып, қолбасшылық құрылымдардың өзін бір жерге жасырудың өзі қиынға соғады. Армияның соғыс қуатын арттырып, қолбасшылық шеберлікті шыңдау үшін мұндай далиған құрылымдардың көзін құртпай, болмайды».
Бұдан тыс, тағы екі маңызды мәселе бар болатын. Армия мен қолбасшылық құрылымдардың далиып кетуінің кесірінен мемлекеттік бюджеттің шығыны да жойдақсыз көбейіп кетіпті. Ол өз кезегінде экономикалық құрылыстың дамуына кері әсерін тигізеді. Мемлекеттің қорғаныс шығыны шекті болған жағдайда әскери қосындардың шамадан тыс көптігі ақшаның көбін сол сарбаздардың киімі мен тамағына жұмсауға тура келеді екен. Бұл тағы өз кезегінде армияның қару-жарағын осы замандандыруға да кесірін тигізеді. Дэн Сяопин әскери қосындарды қысқартып, үнемделген ақшаны қару-жарақтарды жаңартуға жұмсауды, одан асқан ақшаны экономикалық құрылымдарға жұмсауды талап етті. Қорытып айтқанда, төртті осы замандандыру құрылысы болсын, армияны сұрыптап соғыс қуатын көтеру болсын – бәрін де ісіп-кебудің көзін құртудан бастау керек. Ісіп-кебу ауруын қалай емдейміз деген мәселеге байланысты Дэн Сяопин ең алдымен оның себебімен күресуді тапсырды. Армияда мемлекеттік әкімшілік құрылымдар сияқты науқастың түп-тамыры офицерлер санының шектеусіз көбейіп кетуімен байланысты болатын. Офицердің дәрежесі оның еңбегінің, лауазымының бірден-бір өлшемі сияқты еді. Офицер болған соң - дәрежең болады. Дәреже болған соң – соған сәйкес жалақы алып, жағдайыңды жасайсың. Оның үстіне, армия пролетариат диктатурасының алтын діңгегі деп әспеттелгендіктен, оның қолбасшылары өзін аспанды тіреп тұрғандай сезінетін. Соғыссыз, бейбіт заманда мұндай жақсы орынға кім қызықпайды?! Қолы жеткендер балаларын армияға жібереді. Тамыр-таныс тауып, шенін көтеріп, дәрежесін өсіреді. Ал мұндай армия ісіп-кеппегенде қайтеді?! Бір қызығы, негізгі сатылардағы, мысалы, рота, взвод деңгейіндегі жүйелі әскери білім алған офицерлер жетіспейді екен. Ал полк, дивизия, әскери құрамаларда басқарушы кадрлар өте көп. Орын жетіспеген соң, түрлі-түсті әскери мансаптар жомарттықпен таратыла беріпті. Мысалға, полковник дәрежелі құпия қызмет өкілі, майор дәрежесіндегі әріп теруші деген сияқты мансаптардан сүрініп жығыласың. Ал мұндай қолбасшылық мекемелер ісіп-кеппегенде, қайтеді?! Жарыларға шақ тұр екен. Дэн Сяопиннің көзі жеткен бір шындық әскери қосындарды қысқартудан бұрын, ең алдымен, офицерлердің қатарын аяусыз тазалау керек екен. Әрине, олардың қатары аз емес. Және бірден лақтырып тастап, қаңғыртып жіберуге де болмайды. Олардың да бағып отырған бала-шағасы, кемпір-шалы бар дегендей. Бәрі де заңға сәйкес болуға тиіс. Бір қызығы, сол кездегі Қытайда қатысты заң – тәртіптер мүлде жоққа тән екен. Көп құрылымдар уақытша әкімшілік бұйрықтармен жұмыс істеп кетіпті. Әр мекеме - өзінше бір парламент. Осының бәрін бір ізге келтіру, осындай жағдай енді қайтып келместей етіп тәртіпке салу және оны шегелей бекіту үшін заң керек екен. Бірақ, оны күтіп отыруға да уақыт көтермейді. Қазір тек барымен базар болып, қолда бар ереже-тәртіптермен жұмыс істей тұру керек.
Әскери құрылымдардың далиып кетуінің тағы бір себебі қарулы күштердің түрінің көптігі де кісі шошырлық жағдайға жеткен екен. Құрылым реформасы барысында аудан деңгейіндегі қарулы күштерді таратып, оны жергілікті әкімшіліктердің құзырына беру. Темір жол армиясын таратып, темір жол министрлігінің құзырына беру. Негізгі құрылыс армиясын таратып жіберу. Зеңбірекшілер қосыны, бронотехникалар қосыны, құрылыс армия қосыны дегендерді лайықты ықшамдап, әрбір армия құрамаларының құзыретіне беру, басы артықтарын қысқарту, тіпті, таратып жіберу қажет. Ал қысқартудан кейінгі армия қосындарына қатаң штаттық режим енгізіп, басы артық бірде-бір адам қабылданбайтындай жағдайға жеткізу керек деп шешті.
Бұл барыста Дэн Сяопин дамыған батыс елдерінің армияны жасақтау тәжірибелерін мұқият зерттеуді тапсырды. Сөйтсе, қуатты экономикасы бар алып елдердің өзі армияның штаттық санын заңмен реттейді екен. Мысалы, Жапонияда 1980 жылғы қорғаныс министрлігіне қатысты заңнамада әуе-теңіз және құрлық армиясының жалпы саны 272 мың 162 адам болып белгіленіпті. Егер осыған 1 адам қосылса немесе кемісе, Жапония парламентіне арнайы заң қабылдауы қажет болады екен. Ал қытайлар штат дегенді ойыншыққа айналдырып жіберген көрінеді. Мысалы бір генералда қанша көмекші, қанша хатшы, қанша жүргізуші, қанша қорғаушы, қанша орынбасар болатындығын ол өзі шешеді. Тіпті, аспаздардың өзіне салық төлеушілердің есебінен ақша төленгенімен, оның мөлшерін белгілейтін де генералдың өзі. Дэн Сяопин мәселені дәл осы арадан заңдастырып, барлығын өз орнына қойды. Ал қысқарылған адамдар қайда кетеді? Әрине, қатардағы сарбаз бен төмен шенді сардарлардың жағдайын шешу онша қиынға түспейді. Олардың көбі жас және еңбегін бұлдай қоятындай қан кешіп, соғысқан адамдар емес. Бұл жердегі ең қиыны осы республиканы құрысқан, еңбегі елеулі қарт генералдардың мәселесі. Олардың көбісі жасы егде адамдар. Оларды басқа салаға ауыстыруға да, немесе қайтадан бір жаңа кәсіпке баулу да мүмкін емес. Лақтырып тастауға тағы келмейді. Амалсыз Дэн Сяопин оларды әкімшілік құрылым реформасындағыдай ақылшылар етіп қайта тағайындауға мәжбүр болды. Ақылшылардың да өз билігі бар. Бұрынғыдай жақсы жалақы алады, жақсы үйде тұрады, жақсы көлік мінеді дегендей. Бірақ оларға нақты жұмысқа билік айтып, шешім жасау құқығы берілмеген. Бір ауыз сөзбен айтқанда, оларды өле-өлгенше бағып-қағу керек. Ал қалғандары бұрын қай жақтан келді – сол жаққа бару керек. Мысалы, өзінің туған ауданына, ауылына деген сияқты. Осыған байланысты жергілікті орындарға да арнайы тапсырма берілді. Мүмкіндігінше осы адамдардың далада қалмауы, жұмыспен қамтылуы мәселесін арнайы қадағалау үшін жауапты болуын өз міндетіне алуға. Әрине, олардың көбіне бюджеттен біржола қол үзу үшін қомақты қаржы да төленді. Мемлекеттен қаржы алған әскери қызметкерлер ендігі жерде өз бетімен кәсіп ашуға және мемлекеттік құрылымдарға ендігәрі масыл болмауға уағдаласты.
Армиядағы шал-шауқандардан құтылу және оларды бағып-қағу қазынаға кәдімгідей салмақ түсіргенімен, тағы бір қырынан олардың орын босатуы осы заманғы жүйелі әскери тәрбие алған жас сардарлардың шынайы қолбасшылық орынға өсіп, сардарлар қосынының осы замандану және жастасу үрдісіне игі ықпалын жасады. Дэн Сяопин де бұл тәжірибені аспаннан алған жоқ, сол баяғы озық, дамыған капиталистік елдердің тәжірибесін қорытындылау негізінде қалыптастырды. Мысалға, аса құдіретті қарулы күштері бар АҚШ-тың өзі әр жылы 10% сардарларын отставкаға жіберіп, қолбасшылар құрамын жаңартып, жасартып отырады екен. Ол елде үнемі тазарып, жастасып отырған соң, 30-40 жастағы генералдың өсіп шығуы да таңғаларлық жағдай емес көрінеді. Осыдан бұрын Қытай армиясында қолбасшылық құрылымы тым қартайып кеткендігі көзге ұрып тұратын. Соғыс көрген, қан кешкен қарт генералдардың тәжірибесі де қымбат шығар, бірақ уақыт өте келе бәрі ескіреді. Қазіргі заман озық қарулардың заманы. Ал қарт генералдар қанша жерден тәжірибелі, данышпан болғанымен, осы заманғы соғыстың қажетінен мүлде кенжелеп қалған. Міне бұл Дэн Сяопиннің армияны ісіп-кебуден арылту операциясының шешуші тұсы болатын.
Армияны сұрыптауда Дэн Сяопин 1985 жылы шешуші қадам жасады. Сол жылы маусым айында шақырылған орталық әскери істер комитетінің кеңейтілген мәжілісінде ол екі жылда армияны 1 млн адамға қысқарту шешімін жария етті. Нәтижесінде, бүкіл Қытайдағы 11 әскери округтың төртеуі қысқарды. Ал корпус дәрежелі әскери қосындардан 31-і қысқарса, дивизия, полк дәрежесіндегі әскери қосындардың 4054-і қысқарды. Оған қоса, армия қатарында қара көбейтіп жүрген нақты әскери істермен қатысы жоқ мәдениет, саяси үгіт-насихат қызметкерлерінен 450,000 адам армия қатарынан шығарылды. Орталық әскери істер комитетіне тіке қарайтын қолбасшылық штабтың тең жарымы жұмыстан босатылды. Осы сұрыптаудан соң армияның жалпы саны үштен бірге қысқарып, 4 млн 200 мың адамнан 3 млн-ға азайды. Бұл сандық мәлімет салыстырмалы түрде алғанда бүкіл Қытайдың жан басына шаққандағы әскерилердің саны 0,3% құрады. Бұл тұрақты армия ұстауға шектеу қойылған Жапониядан (0,27%) сәл-ақ жоғары болып, әлемде алтыншы орынға тұрақтады. Сол кезде Кеңес Одағының армиясы 5 млн 110 мың адам болатын.
Мемлекет болған соң, әскери қорғаныстың қажеттілігі дау тудырмайды. Сол дәуірде әлемдік соғыс қаупі сейіле бастағандықтан, Дэн Сяопин бұл қадамға саналы түрде барғаны шындық. Бірақ ғаламдық жағдай аяқ астынан құбылып, соғыс қаупі қайта төнсе, не істеу керек, Дэн Сяопиннің осы шешімі тым асығыстық болған жоқ па деген сияқты күдік-күмәндар Қытайдың билік элитасында аз болған жоқ. Бірақ Дэн Сяопин мұндай күдік-күмәндарға бір ауыз сөзбен: «Ғаламдық жағдай жаманға бет алып, соғыс қаупі қайта төнсе де армияны сұрыптаудың қажеттілігі дау тудырмайды. Тіпті ол сөзсіз қажеттілік. Соғыс қаупі төне түскен сайын армияны одан бетер сұрыптау керек. Бұл әскери қосындарымызды соғысқа шындап жасақтау үшін қажет», - деп кесіп айтты.
Өткен дәуірлерде Мао Цзэдуң Қытай армиясы көптігімен жеңеді деп ойлайтын. Шынында, Мао «адам теңізі» соғыс әдісімен билікке жетіп еді. Кез-келген диктаторға билік бәрінен қымбат. Ол үшін адам тағдырының, оның өмірі мен денсаулығының, бостандығы мен құқығының құны көк тиын. Сол үшін де Мао «адам көп болса, күш көп болады» деген сандырақты ойлап тауып еді. Ол үшін адамның көптігі соғыста құрбан беру үшін ғана керек. Әйтеуір қара нөпір қытайды ешкім де қырып, тауыса алмайды ғой деген сәуегейлік болатын. Сталин де екінші дүниежүзілік соғыста 27 млн Кеңес Одағының халқын, оның ішінде 600 мың Қазақстандықтың өмірін құрбандыққа шалу арқылы жеңіске жетті. Ал Дэн Сяопин ширек ғасырдан астам әскери қосындарға қолбасшылық еткен тәжірибесі мен Еуропалық білімінің арқасында осы заманғы соғыста жеңіс пен жеңілістің кілті армияның көп-аздығында емес, оның шынайы сұрыпталған соғыс өнерінде екендігін жақсы білетін. Егер Қытай армиясы бұрынғыдай көптігімен қоса қолбасшылық штабтарының ісініп-кепкен, далиған құрылымдарымен соғыспақ түгілі, қорғануының өзі қиынға түсер еді. Бейбіт заманда тұрақты армия тек қана сұрыпталған, соғысқа сақадай сай қосындардан ғана құралуға тиіс. Армияның көп болуы халық шаруашылығының дамуын тежеп қана қалмастан, армияның осы заманғы жабдықталуына да кесірін тигізеді. Ол өз кезегінде мемлекеттің қорғаныс стратегиясын әлсірететіндігі сөзсіз.
Дэн Сяопиннің армияны сұрыптап, әскерді қысқарту стратегиясы бірден үш түрлі нәтиже берді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет