Бөж тақырыбы: Қытайдың әскери стратегиясы Орындаған: Алданазаров А. Қабылдаған: Cаурбаев А. Тобы: зхк-012 Түркістан 2022 Мазмұны Кіріспе Екінші дүниежүзілік соғыста ауыр жарақаттанған жапон генералы өлері алдында



бет2/5
Дата02.12.2022
өлшемі51,57 Kb.
#160946
1   2   3   4   5
Байланысты:
Азия мен Қытай 2-булок (1)
Махбал (1), Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 8 30сұрақ-жауап, Методика 30 сұрақ-жауабымен, 1 k shablon 9, Азиза 10 апта бож.docx.pptx, molchanov, Вопрос 1, Antaev-Zh-T-Menedzhment-v-sisteme-obrazovaniya, слайд Абдумавленова Т 2 db9c01bf439d8958587b3cecd08322dc, Способы связи, пСИХ ТЕСТ, 4 лекция ККЗТ, 4 лекция ККЗТ
3. Армияға шыдай тұруға тура келеді
1985 жылы маусымда Дэн Сяопин әскери істер комитетінің кезекті бір жиналысында төртті осы замандандыру мен әскери істердің қатынасы жөнінде сөз сөйлеп, армияның біраз жыл шыдай тұруы қажеттігін айтқан болатын. Оның шыдай тұру дегендегісі – Үкімет әскери шығынды қысқартуды жоспарлар отырғандығын айтқысы келгендегісі еді. Дэн Сяопин шынында солай істеді. 1971 жылы Қытайдың әскери шығыны жалпы халықтық кірістің 17,5%-ын құраса, 1985 жылы 7,5% ғана болды.
Әскери шығындарды қысқарту армияның ішінде өкпе-ренішті тудыратындығы сөзсіз. АҚШ-тың әскери стратегі Джон Коллинс: «Мемлекеттің қауіпсіздік мүддесінен туындайтын қаржылық, адами және саяси ресурстарға қажеттілік ел ішіндегі басқа да қажеттіліктер мен арман-мұраттарға үнемі қарама-қарсы келіп отырады. Қайткенде экономика деп аталатын осы бір күлшені ең үйлесімді етіп бөлу ежелден бері, тіпті, мәңгілік талас пен тартыс тудыратын мәселе болып қала береді», - деген болатын.
Дэн Сяопин оны түпкілікті шешудің жолы - экономика деп аталатын осы күлшені барынша үлкен етіп жасау керек деп шешті. Олай болмаса, бәрі де түлкі құрсақ тірлік кешуге мәжбүр. Ешкімнің де қарнын тойдыра алмайсың. Сол кездерде Жапонияның әскери қаражаты салыстырмалы түрде айтқанда жалпы ұлттық кірістен ұстайтын бөлігі көрініске мардымсыз ғана болатын. Бірақ олар осы қаржыны жалпы ұлттық кірістің бір пайызына жеткізген күннің өзінде олардың әскери шығыны Қытайды бес-алты есе орап алар еді. Қытайдың 1992 жылғы бүкіл бір жылдық әскери бюджеті ядролық қозғалтқыш орнатылған авиатасымалдағыштың біреуін сатып алуға да жетпейтін. Ал әскери шығындарды 15, тіпті 20% көбейткен күннің өзінде де, экономиканың өзіндік қуаты әлсіз болғандықтан айтарлықтай нәтиже бермейтін еді. Бұл туралы Дэн Сяопин: «Армияны жабдықтауды шынайы осы замандық деңгейге көтеру үшін тек қана халық шаруашылығының біршама жақсы негізін қалыптастырғанда ғана мүкін болады», - деген болатын.
Сол кездегі жағдайды дұрыс пайымдай алған Дэн Сяопин мемлекеттің экономикалық қуаты тым әлсіз болғандықтан, шекті қаржылық мүмкіндіктерді экономикалық құрылыс пен ғылым-техниканы дамытуға жұмсаудың бәрінен де маңызды екендігін сезіп-біле алды.
Англияның әйгілі тарихшысы Пол Кеннеди: «Мемлекеттің қорғаныс шығынын екінші орынға сырғыту Қытайдың барлық күш-жігерін экономиканы дамытуға бұрған айнымас шешімінің ең маңызды дәлелі саналады. Оны Кеңес Одағының әскери қауіпсіздікке жанын сала кірісу идеясымен, және Рональд Рейган үкіметінің көл-көсір қаржыны армияны қаруландыруға жұмсауымен айқын салыстырып, түсінуге болады», - деген еді. Көптеген сарапшылар Қытай экономикасының сол кездегі өсімін алып қарағанда, осымен ұқсас мезгілдегі қорғаныс шығынынан әлдеқайда көп қаржы жұмсауға қауқары жетер еді деп топшылады. Бірақ Қытай олай істеген жоқ. Сол кездегі Дэн Сяопиннің сенімі бойынша, тек қана ішкі жалпы өнім мен қоғамдық байлықты бірнеше еселегенде ғана Қытайдың ұлттық қауіпсіздігі ұзақ жылдарға кепілдікке ие болады.
Дэн Сяопиннің бұл ойы негізсіз емес болатын. 80-жылдардың орта шенінен бастап, батыс пен шығыс қарым-қатынасы біртіндеп жақсара бастады. Дүниежүзілік соғыстың қаупі сейіліп келе жатқандай болатын. Кеңес Одағының әлсіреуі Қытайдың шекара аймақтарындағы қорғаныс жүктемесін жеңілдете түсті. Қытай осы орайды пайдаланып, барлық қаржылық және материалдық мүмкіндігі мен экономикалық құрылысты қарқынды дамыту арқылы мемлекеттің күш-қуатын еселей түсуге мүмкіндік алды. Бұл ХХІ ғасырдағы дамуға негіз қалау үшін болатын. Бұл жөнінде Дэн Сяопин: «Сол заманға барғанда біздің экономикалық қуатымыз күшейеді. Біз де ақшаны аямай жұмсап, армиямызды ең озық қарулармен жасақтайтын боламыз. Мемлекеттің қуаты артқанда ғана атом бомбаларын, зымырандарды жасап, қару-жарағымызды жаңартып, аспанда, жерде, теңізде болсын, өз қорғаныс-қуатымызды озық деңгейге көтеруге мүмкіндік аламыз», - деп армандайтын.
Дэн Сяопиннің бұл саясатын батыс басылымдары мен беделді сарапшылар да жоғары бағалады. Олар: «Қытай армиясы экономикалық реформаның тұтас барысында ерекше төзімділік танытты. Мұның қарымтасын олар күндердің күнінде қайтарып алатын болады. Былайша айтқанда, егер Дэн Сяопин мырзаның экономиканың жалпы даму жоспары сәтті іске асатын болса, Қытай өндірісінің жалпы өнім мөлшері 1980 жылдардан 2000 жылға дейінгі аралықта төрт еселенеді. Демек, 10-15 жылдың ішінде Қытай экономикасы жеткілікті қаржылық қуатты жинап үлгереді. Содан соң, барлық күш-қуатымен армиясын жасақтап-жарақтандырып, қорғаныс қабілетін қуатты деңгейге көтеруге мүмкіндік алады. Сол кезге барғанда Қытайдың көршілері мен алпауыт елдер Қытай армиясы туралы мықтап ойлануына тура келеді. Бұл тек уақыт мәселесі ғана», - деп болжаған еді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет