«Астана Медицина Университеті» КеАҚ Балалар жұқпалы аурулары кафедрасы
Жоспар:
Кіріспе бөлімі:
Паротитті инфекция немесе эпидемиялық паротит - (parotitis epidemica) – қызба, жалпы интоксикация, құлақ маңы безінің және басқа да безді ағзалардың қабынуымен жүретін жедел вирусты жұқпалы ауру.
Өлім жағдайы өте сирек болғанымен, бедеулік, кереңдік, диабет, панкреатит және т.б. ауруларды шақыруымен қауіпті.
Синонимдері: мысқыл, свинка, құлақ маңы безінің қабынуы
Негізгі бөлім:
Қоздырғышы: Paramyxoviridae тұқымдасының сүзбелі вирусы – Pneumophilis parotitis жатады.РНҚ вирусы, 2 қабығы бар. Қоздырғышты 1934ж. Х.Джонсон мен Е. Гудпастур анықтаған болатын. Сыртқы ортаға төзімсіз, жылытуға, кептіруге және химиялық, дезинфекциялаушы заттардың әсеріне сезімтал. 60°С температурада қыздырғанда 5 – 10 минутта, ультрафиолетті әсерде бірден, ал дезинфекциялаушы ерітінділерде бірнеше минутта өледі. Вирус химиялық препараттар мен антибиотиктерге сезімтал емес, төмен температураның әсеріне төзімді (- 20 °C кезінде 6-8 ай сақталады.); Антигендік құрылымы бойынша біртекті. Паротит вирусы пациенттен инкубациялық кезеңнің соңғы күндерінде және аурудың басталуынан алғашқы 3-4 күнде алынған сілекейде, қанда, ОЖЖ – да анықталуы мүмкін.
Эпидемиологиясы
Инфекция көзі: ауру адам
Жұғу механизмі – тамшылы; Жұғу жолы: ауа – тамшылы.
Контагиозды индекс: 50 – 85%
Жастық құрылым: Эпиедемиялық паротит барлық жаста кездеседі. Көбінесе 7-14 жас аралығында, ер балалар ауырады. 1 жасқа дейінгі, әсіресе 6 айға дейінгі балалар сирек ауырады.
Мезгілдік: барлық уақытта кездеседі, суық кездері ауырулар саны жоғарылайды.
Иммунитет: инфекциядан кейін тұрақты иммунитет қалыптасады.
Патогенез
Классификациясы
Типіне байланысты:
Типті( безді ағзалардың зақымдануы, нерв жүйесінің зақымдануы, аралас формада)
Атипті( субклиникалық, өшірілген)
Ауырлығына байланысты:
Жеңіл
Орташа ауырлықта
Ауыр
Ағымы бойынша: өткір
Асқыну сипатына байланысты
Клиникалық көріністері
Шағымдар: *
дене температурасының 38,0 - 40,0°C дейін көтерілуі;
бас ауруы; эпигастрий аймағындағы ауырсыну;
құсу;
Иррадиацияланатын аталық бездер аумағындағы ауырсыну;
ұйқының және тәбеттің бұзылуы;
әлсіздік, дімкәстік;
ауызды шайнау және ашу кезіндегі ауырсыну;
құлақ аймағындағы ауырсыну; сұйық нәжіс;
бір немесе екі паротитті сілекей бездерінің ұлғаюы;