БӨЖ
Тақырып: “ Бұқаралық ақпарат пен бұқаралық коммуникация, қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар адамның күнделікті өміріне әсері”
Бұқаралық ақпарат пен бұқаралық коммуникация, қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар адамның күнделікті өміріне әсері
Бүгінгі таңда, БАҚ - бұл адамдардың психологиялық және әлеуметтік жағдайына әсер етудің қуатты факторы, жастарға - өзін-өзі тану қабілеті нашар, ,тұрақсыз дүниетанымы бар аудиторияға әсер ету деңгейі - ең үлкені.Медиа ықпалының аспектілері сан алуан, біз оң және теріс факторларды көрсете отырып, ең көп таралған пікірлерді ғана ұсынамыз. Жастар өкілі туралы ақпарат құралдары. бұқаралық ақпарат құралдарының арқасында қоғамдық пікір қалыптасуда - әртүрлі әлеуметтік қауымдастықтардың проблемалар мен оқиғаларға жасырын немесе айқын көзқарасын білдіретін бұқаралық сана жағдайы. Мысалы, экологиялық апаттың алдын алу, термоядролық, биологиялық соғыс және т.б. сияқты адамзаттың ғаламдық проблемаларына қатысты нақты тұжырым бар. Қоғамдық пікір бақылау, кеңес беру функцияларын орындайды.,Осылайша қазіргі кезде сұрау алған балалардың жартысынан астамы ие болатын, ақпараттық тасымалдағыштардың анағұрлым ,кең таралған түрлері ұялы телефондар, компьютерлер жəне, DVD плеерлер болып есептеледі., Осы техника арқылы олар баланың дамуына теріс ықпалын тигізуі мүмкін интернет жəне əр түрлі бейнеақпарат көзіне қол жеткізе алады.. Ұялы телефон өсіп келе жатқан баланың дамуына үлкен зиянын тигізеді.
Мыслаға 2004 жылға дейін туылған балалардың тілі орташа алғанда, 1-2 жасында шықса, қазіргі кезде бпланың тілі тек 3-4 жасын немес одан да үлкен жаста әзер шығуда. Оның себебі бала қоғаммен сөйлесуге тырыспауы, ұялы телефонда көп уақыт отыруы. Зерттеу қорытындылары бойынша, орташа алғанда балалардың 68% əр түрлі жиіліктегі интернетті қолданады. Қалада интернетті қолданушылар ауылға қарағанда біршама көп. Мұнымен қоса, тұрғылықты елді мекен жері облыс орталығынан неғұрлым алыс болған сайын, қол жетімдіктің шектелуі болуына қарай интернеттің балаға тигізетін əсері соғұрлым төмен болуы байқалады. Сонымен, егер облыс орталығында Ғаламдық торға балалардың 80%-ы қол жеткізсе, алыс ауылда бұл үлес 2,5 есе төмен (31%).Осылайша, баланың психофизиологиялық дамуына интернеттің теріс əсерінің анағұрлым жоғары қаупі облыс орталығындағы балаларда байқалады, себебі олар басқаларға қарағанда, көп дəрежеде Ғаламдық тордың ақпаратын тұтынушылар болып табылады. Қыздарға қарағанда, ұлдар көп дəрежеде ақпараттық қауіптілікке ұшырайды, себебі олар үлкендер бақылауға алмайтын, интернет-кафе ,компьютерлік клубтарда көрсететін қызметтерді жиі, пайдаланушылар болып. табылады.
Ақпараттың қолжетімділігі мен қарым-қатынастың ыңғайлылығы үшін пайдалы болғанымен де, ғаламтордың жасөспірім ,денсаулығына зияны өте көп:
1) Ең алдымен, баланың, көру қабілеті төмендейді, себебі, бұлшық еттері қатаймаған жасөспірімнің көздері шаршайды.
2) Компьютер алдында көп отыру жас балдырғанның омыртқа сүйегін зақымдайды. Қозғалыссыз отыру, қолмен ғана бірыңғай жұмыс істеу, содан ағзаға салмақ түсуі баланың жүйке қызметін бұзып, мойнына тұз бен суықтың жиналуына (остеохондроз) әсер етеді.
3) Жамбас сүйектің үнемі қозғалыссыз қалуы қабынуы (простатит) мен тоқ ішектегі тамырдың кеңеюі (геморрой) ауруына ұшыратады.
4) Ми қызметіне де кері, әсер етеді, ойлау қабілетінің төмендейді, көңіл бөлу мен есте сақтаудың кемиді, бас ауруы мен ұйқысыздық, көңіл күйдің құлазуы жиі байқалады.
5) Гормональдық тепе-теңдікті бұзады, иммунитетті нашарлайды.
6) Әр түрлі құмар ойындары, зиянды бағдарламалардың көптігі. Алаяқтар мен хакерлер жастарды ғаламторға ,тәуелді етіп, бұлыңғыр қарым-қатынас, жыныстық байланыс жасауға шақырып, виртуальды ,әлемге қызықтырып, ақыл-ойы әлі қалыптаспаған ұл-қыздарымызды еліктіріп, есінен айырады.
Алайда қазіргі заман цифрландырылуға айналып жатыр, сол себепті баланың ақпараттық желіні жақсы білуінің де өз жағынан жақсылықтары бар.,
Қазіргі ,заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қа,рым-қатынасына ақпараттық — коммуникативтік технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Осы мақсатта негiзгi құрал компьютeр болып табылады. Біраз уақыт бұрын тек байланыс көзі болған бұл ұялы телефондар, да қазіргі уақытта құрылысы, құрылымы жағынан да кез келген компьютерді басып озбаса кем соқпайды.
Қазіргі қоғам мәдениеті - бұл мәдениеттің әр алуан топтарының жиынтығы, яғни ол үстемдік ететін мәдениеттен, субмәдениеттерден және тіпті қарсы мәдениеттерден тұрады. Кез-келген қоғамда жоғары мәдениетті (элитарлық) және халықтық мәдениетті (фольклорды) ажыратуға болады.
Бұқаралық ақпарат көздерінің дамуы тікелей ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты.Ақпараттың бір ғана мезетте бүкіл әлемге таралуына деген мүмкіндік ашылды.Осыған байланысты ақпараттық технологиялар адамдардың, жалпы қоғамның күнделікті өміріне, күнделікті өмірдегі коммуникациясына да зор әсер етті.Адамдардың арасындағы қарым-қатынастың алмасуы бірінен кейін бірі кезегімен сатыларға көтеріле отырып дамыды.Алғашында тек бетпе-бет қарым-қатынас түрі ғана болды.Бұл қарым-қатынас формасының артықшылығына адамдармен бетпе-бет, яғни тірі байланыстың болуы болды.Алайда алыс жер арасындағы, қандайда бір қашықтықтағы адамдардың қарым-қатынасы шектеліп тұрды.Одан кейін адамдар хат арқылы қарым-қатынасқа түсе бастады.Бұл байланысты жанама байланыс деп айтсақ болады. Ақпарат алмасу уақыты тежелді және де ақпарат тікелей емес жанама жолмен іске асырылып отырды.Хат алмасу алыс қашықтықтан қарым-қатынасқа мүмкіндік берді, алайда уақытының ұзақтығы үлкен кемшілігі болды.Келесі саты әртүрлі электромагниттік технологиялар арқылы жүзеге асырылды.Оларға сымтетікті телефондар , телеграфтар және тағы да басқаларын жатқызсақ болады.Ақпараттың алмасуы бұл кезеңдерде алдыңғы кезеңдерден әлдеқайда жылдам, әрі тиімді болды. Алайда адамзат мұнымен тоқтап қалған жоқ.Айтлыған коммуникациялардың бәрі вербалды түрі болса, келесі кезеңде тіпті визуалды түрдегі коммуникацияға мүмкіндік берді.Кез келген дүние бөлігіндегі адаммен видео байланыс арқылы екі немесе бірнеше адамдардың коммуникация жасауы жүзеге аса бастады.Күнделікті коммуникациядан бөлек бұқаралық ақпарат көздері жалпы қоғамда қазіргі уақытта халықты басқару жүйесі ретінде кеңінен қолданылады.Ол дегеніміз кез келген әлеуметтік желі арқылы адамдарға қандай да бір кері немесе сол тұрпатқа ие ақпарат тарату болып табылады.Еліміздегі көптеген БАҚ мемлекеттік болып саналғандықтан, ондағы айтылатын, жарияланатын ақпараттың барығы сүзгіден өткізіледі.Кейде ақпарат халыққа мүлде өзгертілген күйде келуі мүмкін.Мысалы:Солтүстік Кореяда БАҚ арқылы соңғы олимпиада ойындарын ел тұрғындары Солтүстік Корея жеңді деп ойлайды.Бұл елдегі БАҚ таратқан ақпаратына халық мінсіз сенген және ел басшылығы сол бойынша әртүрлі фильмдер түсірген.Бұл фильмдер БАҚ ақпаратына сенуді одан әрі арттыра түскен.
Қорытындылай келе, бұқаралық ақпарат құралдары адамның күнделікті өміріне тікелей әсер етуде.Алайда бұл құрал кейде қоғам пайдасына қолданылса, кейде керісінше зияны тиіп жатады.Кез келген заттың екі жағы болады(жағымды,жағымсыз).Бұқаралық ақпарат құралдары да солай деп ойлаймын.
Қазіргі кезде Қазақстандық қоғамның барлық саласында ақпараттандыру процесі қызу жүруде, оның ішінде саясат саласында да жаңа ақпараттық — коммуникативтік технологияларды қолдана отырып, мемлекеттік қызмет пен әкімшілік — басқару істерін әлемдік стандарттарға сай модернизациялауға барынша күш салынып жатыр.Өркениетті жасаушы да, жоюшы да адам болғандықтан, антропология мәселесін жан — жақты салалы зерттеу қай кезеңдеде толастаған емес. Адамға ең қызықты обьект — ол адамның өзі. Адам адамға әрі объект, әрі субъект. Ешқандай ғылым адамды толыққанды зерттей алмайды. Бір ғылым адамның занын зерттесе, екіншісі биологиялық құрылымын, ал үшіншісі қоғамдағы рөлін зерттейді. Адаммен байланыссыз бірде бір ғылым жоқ. Барлық ғылым адамға тәуелді, себебі ол адам ойының, адам дүниетанымының жетістігі. Ақпараттық қоғам алаңында ақпарат пен білімге негізделген жаңа биліктің түрі басымдыққа ие болып келеді. Жаңа биліктің негізгі сипаты болып-білімнің синтезі ретіндегі интеллект, ақпарат пен коммуникация, әлеуметтік-мәдени құндылықтардың рухани күші секілді ерекшеліктер бейнеленуде.
XXI ғасыр техниканың гүлдену шағы. Техникадағы ең керемет жетістік ақпараттарды сақтау мен беруге қатысты тасымалдау құралдарының эволюциясы: кітаптық басылым, кино, радио хабарламасы, интернет, теледидар. Интернет 1969 жылы АҚШ-тағы қорғаныс министрлігінің компьютерлік орталығын және академиялық ұйымдарды біріктіру мақсатында құрылған болатын. Жүйенің бірінші әрі басты ерекшелігі оның ақпараттарды тасымалдаудағы тиімді әрі әмбебап құрал болуы ғана емес, сонымен қатар, оның шексіз ақпаратты сақтау және тасымалдау қабілеттілігінде. Болашақта ақпараттарды электрондық жүйеде тасымалдау тасымалдау тәсілінің «қағаздық» тасымалды толығымен ығыстырып тастау мүмкіндігі күмәнсіз. Ерте ме, кеш пе біздің бүкіл кітап мұрамыз, сонымен бірге кино қорымыз, музыкалық жазба жинақтарымыз және т.б. электронды түрде ғана болады. Сонда жүйе (NET) бұқаралық қолданыстың жалғыз құралына айналуы мүмкін. Бұл әлемдік прогресс жемісі. Шын мәнінде, қазірдің өзінде әлемдік Интернет жүйесі адамзаттың ақпараттық әулетін айтарлықтай дамытып, әлемнің барлық бұрышындағы миллиардтаған адамдардың тең әрі оңай бірігуінің басты себебі болып отыр.
Адам ақпаратқа үш деңгейде ие болады деп айтуға болады. Бірінші-биологиялық яғни генетикалық; екінші-әлеуметтік орта арқылы; үшінші-техника арқылы ақпаратты қабылдап, оның өмірлік жолы мен бағыт-бағдары айқындалады. Ақпараттың тасымалдану мен таратылуының жылдамдауын ықпал ететін технологиялар, көпшілік бұқараның өміріне енуі, оларлың мәдени деңгейін көтеріп, сауатын ашуда. Бұл дегеніміз бұрын баяу қозғалыстағы қоғамның бөлшегінің үрдістерін жылдамдататындығы сөзсіз.Ақпараттық дәуірде бірінші кезекте, БАҚ-тың тірегі ретінде «аудиовизуалды мәдениет». Кино әсіресе теледидар ықпалымен «экрандық мәдениет» деп аталатын құбылыс пайда болады. Соңғы он жылдардың ішінде көптеген ғалымдар, теледидарды «өмірдің басты ұстазы» деген ойды қолдауы бекер емес.
Қазіргі заманды ақпарттық кезең деп атайды, ақпарат қоғам өмірінде, оның өмір іс-әрекетінде маңызды бір элементі болып табылады. Ақпараттану ақпарттың қоғамға өту процесі ретінде адам өмірінің барлық саласына әсер еттіп шықты. Жаңа ақпарттық технологиялар ғылымның және ғылыми қоғамның дамуына жаңа беттерді ашты. Электронды пошта, компьютерлік конференциялар ғалымдардың тығыз байланысын қызықтырған мәселелерді интенсивті талқылауды қажет етеді. Ғылыми зерттеулердің ақпараттануы‑ зерртеу объектілері туралы дәл, дер кезінде толық білімді алуға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыру болып табылады.
Қазіргі таңда біздің қоғамда теледидар (эфирлік, кабельдік, спутниктік), баспа, радио, электронды пошта, ұялы телефон байланысы, интернет еркін коммуникациялық кеңістікке айналды. Бұның бәрі негізі ақпарат болып табылатын қоғам құрғанымызды айғақтайды.
Бүгiнгi жаңаша даму жолына түскен Қазақстан халқы мен экономикасы үлкен өзгерiстердi басынан өткеруде. Демократиялық жаңғарулар тереңдетiлiп қоғамды жалпы трансформациялау процестерiнiң қажеттi шарттары тұрақтандырылуда. Осындай өтпелi кезеңде БАҚ-нық қоғамдық санаға әсерi ,саяси әлеуметтiк күйi айқын байқалып отыр.
Егемен елде болып жатқан барлық оқиғаларға ақпарат құралдары тiкелей араласа отырып, қоғамның басқа салаларымен бiрге ақпарат қызметi де өз рыныгона шықты.
Меншiктiң әр алуандығы ақпарат қызметiн заң және экономикалық статусы және саяси- әлеуметтiк көзқарасы бағыт арқылы жiктелуде.
Ақпарат қоғам дамуының барысында, әр түрлi өркениет өкiлдерi тарих тағылымы мен болашақты бағамдау мүмкiндiктерi жөнiнде ежелден ойланып келедi.
Жас мемлекет алдындағы қоғамдық дамудың бүгiнгi кезеңде өркениеттiң жетiстiктерiн материалдық және рухани игiлiк ретiнде сақтау мәселесi туындап отыр.
Әр халық өз мемлекетiнiң iшкi мәдениетiн шешуде өмiр салтын , әдет ғұрпын дамыта отырып адамзаттық өзара түсiнiсуiнiң кепiлi бола алатын планетарлық ынтымақтастықты естен шығармауы тиiс.
Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ақпарат құралдарының қаражатпен және қажеттi техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету дәрежесiнде бүгiнде айтарлықтай айырмашылық жоқ. Мемлекеттiк ақпарат құралдарының бұл салада көрсеткiштерi жоғары болып келгенiмен, нарық жағдайында өзiне де көрерменін оқырманын да жоғалтпай, экономикалық қаражат қиындығынан шыға бiлген меншiктiң әр түрiндегi ақпарат құралдарының қәзiр кадрларды таңдап алу мүмкiндiгi басым түсiп отыр.
Бұл үрдiс республикалық ақпарат кеңiстiгiнде сөз бостандығынан туындайтын көптеген жаңа демократиялық нышандарды ала келдi.
Қәзiргi таңда Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдарына мемлекет монополиясы жойылып отыр.
Алайда ақпарат тарату, тасымалдау, байланыс, транспорт, баспаханалық жүйе секiлдi ақпарат қызметiнiң құрамдас салалары бойынша ресми билiктiң ықпал ету мүмкiндiгi сақталып отыр.
Тәуелсiз Қазақстанның демократиялық ақпарат кеңiстiгiн қалыптастыру барысында транзиттi қоғам басынан өткерiп отырған мұндай сапалық жаңа өзгерiстердi түптеп келгенде сол ортаға прогрессивтi қызмет етерi анық.
Республиканы мекендейтiн халықтардың рухани бiрлiгi демократиялық құндылықтар мен мәдениетiнiң қалыптастырып, саяси -әлеуметтiк және этнос аралық тұрақтылықты нығайту болып табылмақ.
Мемлекет пен ақпарат құралдары арасындағы қарым -қатынастың тағы бiр өзiндiк формасы айқын байқалатын қоғам өтпелi кезеңдегi саяси жүйелер олардағы ақпарат құраладарымен арақатынас сипаты бiршама өзгешелеу демократиялық негiздеуге бағыталғанымен өтпелi кезеңнiң қиындықтарынан шығу жолында авторитарлық форма тәсiлдерiн пайдалану мүмкiндiктерiнде жоққа шығармайды. Бүгiнде тәуелсiз Қазақстан тап осындай өтпелi кезеңдi бастан кешiрiп отыр. Ақпарат құралдарымен мемлекет арасындағы байланыс өзара қарым қатынас формалары мен мазмұны құқықтық негiздерi даму үрдiстерi әлi толық қалыптасып үлгерген жоқ.
Қәзiргi экономикалық қиындықтар жағдайында халықтың санасында үрей және пессимизм орын алғандығы белгiлi. Еркiн бәсекелестiк принциптi ұстанған ақпарат құралдары қәзiр меншiк төрiне үстанған әлеуметтiк саяси бағыты мен экономикалық мүмкiндiктерiне қарай бейiмделуде.
Ақпарат құралдарының қоғамдағы әлеуметтiк саяси қызметтері үнемi мемлекет мүдесiне сай қызмет ете бермейдi.
Қазақстан қоғамдағы демократиялық процестер БАҚ қызметiн түбегейлi өзгеруде. Ақпарат құралдары тақырып таңдауда, оқиғаларға баға беруде еркiн тәуелсiз бола түсуде.
Әлемдiк байланыс жүйесiмен коммуникация құралдарының техникалық шарықтау дәуiрiнде қашан да бiр қоғамда болсын жабық ақпарат кеңiстiгi саясатымен жан-жақты гүлдену оның өскелең рухани мәдени сұранысын толық әрi сапалы қамтамасыз ету қиын. Тап осы себептерге байланысты дербес ақпараттық саясаттың транзиттi қоғам ерекшелiктерiне сай әрi икемдi, әрi болып жатқан өзгерiстер үрдiсiне бейiм жүргiзiлуi үлкен роль атқарады. Бүгiнде тәуелсiз Қазақстан мемлекеттiлiгiн нығайту негiзгi факторлардың бiрi ақпараттық дербестiк болып табылады.
Бүгiнде республикамыз халықаралық деңгейде кең ауқымды ақпарат алмасу процесiне кiрiп отыр.
Қазақстанда сырттан ақпараттық экспанция мүмкiншiлiгi өте жоғары және ол болашақтан үлкен қауiп тудыруы да мүмкiн.
Жас тәуелсiз мемлекеттер көбiнесе сырттан таңылатын пiкiрлердiң қатал қысымына ұшырайды нәтижесiнде өз қисыны бар аса күрделi iшкi процестер сырт көзқараспен бағаланып, көбiнесе үстiрт, ал кейде бiр жақты түсiндiрiледi. Бұл көптеген мемлекеттердiң шынайы тәуелсiздiктi нығайту жолында өзiндiк кедергiге айналды. Алайда сыртқы ақпарат көздерiн жабу бiз үшiн өзiмiздi -өзiмiз оқшаулау болар едi. Қоғамдық рухани келiсiм қарапайым адамдық өзара түсiнiсу этносаралық қатынастың жеткiлiктi жоғары мәдениетiнсiз жүзеге аспайды.
Ақпараттық прогресс адамның тұрмыс бiтiмiн өзгертiп бiлiм, ғылым, мәдениет салаларын басым бағытқа айналдырып қана қоймай қоғам мүшелерiнiң ой санасын солай қарай бұрады.
Ақпараттық қоғам түрлi идеялар мен iлiм, бiлiм сан алуан өркениет пен құндылықтарды саралап адамдардың ой санасын кеңейтуге белгiлi бiр идеялар төңiрегiнде топтасуға, оларды тереңiрек түсiнiп бiлуге ықпал етедi.
Достарыңызбен бөлісу: |