Бойынша бірнешеу, атап айтсақ, психологияның зерттеу объекті мінез-құлық пен оның қалыптасуы; ойлау үдірістері



бет2/3
Дата07.02.2022
өлшемі181,54 Kb.
#84783
1   2   3
Байланысты:
Кластер по педагогике

Философия (кейде "Пәлсапа", грек. φιλοσοφία, philosophia, мағынасы: Даналықты сүю) — жалпы және фундаменталды сауалдар туралы зерттеу болып, ол болмыс, болу, білім, құндылық, ақыл, зерде және тіл секілді өзекті проблемаларға бағытталады. Мұндай сауалдар көбінесе зерттелуді, немесе шешілуді күткен проблемалар ретінде ортаға қойылады. "Философия" термині алғаш Пифагордан (бзд. 570 - 495 жж) басталған болуы мүмкін. Философиялық әдістерге сауал, сыни пікірталас, ақылды аргумент және жүйелі пайымдау қатарлылар жатады
Тарихта философия барлық білім жүйелерін қамтыды. Ежелгі грек философы Аристотельден бастап ХІХғ-ға дейін "табиғат философиясы" астрономияны, медицинаны және физиканы қамтыды. Мысалы, Исаак Ньютонның 1687 жылғы "Табиғат философиясының математикалық қағидалары" атты кітабы кейін физика кітабы ретінде жіктелді.



Педагогика


Социология


Әлеуметтану — қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым. Әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының институты.
"Әлеуметтану" сөзін тұңғыш рет Огюст Конт озінің "По­зитивтік философия курсында" позитивті философияның бір бөлігін құрайтын ауқымды әлеуметтік ғылымның атауы ре­тінде пайдаланды. Конт бірінші болып осы ғылым элементтерін көлденең материалдар, идеялар мен әдістер атаулыдан тазарту қажеттігін айқын көре біліп, бірінші болып барлық шынында да қажетті элементтерді бір ұғымға біріктірді. Пла­тон мен Аристотель саясатты этикадан немесе саясат ғылымын саясат өнерінен ешқашан ажыратқан емес. XVIII ға­сырда саясат ғылымы революциялық рухпен біржола біріктіріліп жіберілді. Гоббс та, Монтескье де, экономистер де қоғамды оның барлық түрлерінде зерттеген жоқ




Педагогика


Мектеп гигиенасы


Жасқа сай физиология және гигиена пәні ғылымның екі саласын қамтиды: адам организмінің, жеке мүшелердің және мүшелер,жүйелерінің қызметтерінің жас ерекшеліктерінің заңдылықтарын, даму жолдарын қарастыратын жасқа байланысты физиология, және адамның денсаулығын сақтауға қажетті жағдайларды қарастырса ал екіншісі гигиена ғылымдары. Жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиенасы -жоғары оқу орындарында жеке оқылатын пән, мұның оқытатыны балалар мен жасөспірімдердің физиологиялық ерекшеліктері; олардың жекеше дамуының қалыптасу зандылықтары және тәрбие жұмысының әсерінен пайда болатын физиологиялық функциялардың ерекшеліктері. Бұл пән ең алдымен өсу мен даму, жоғары жүйке әрекетінің заңдылықтары және балалар мен жастардың жүйке жүйесінің жасына байланысты ерекшеліктері жатады.



Педагогика


Физиология


Физиология (грекше φυσις, physis, "табиғат,тек-тамыр"; және λόγος, logos, "ғылым") тірі ағзаның механикалық, физикалық және биохимиялық функциясының ілімі.
Әдетте физиология өсімдік физиологиясы және адам мен жануар физиологиясы деп бөлінеді. Дегенмен қандай да болмасын ағза қарастырылу үстінде болса да, физиологияның принциптері жалпыға ортақ. Мысалы, ашытқы жасушасын зерттегенде алынған физиология мәліметтері адам жасушасына да қатысты болуы мүмкін
Физиология - тірі ағза мен физиологиялық жүйелердің, ағзалардың, тіндердің, жасушалардың қызметін зерттейтін ғылым.Ол жүйелермен ағзалардың бір-біріне әсерін, өзара байланысын және сыртқы ортамен қарым-қатынасын тексереді. Физиологияның мәселесі адам ағзасының жұмысын түсіну,оның әр бөлігінің мәнін анықтау, олардың қалай байланысатынын түсіну, олар қалай әрекеттеседі және сол қатынасу нәтижесінде қалай ағзаның жалпы жұмысы атқарылады. Физиология анатомия, циталогия және гистологиямен байланысты.Физика мен химияның жетістіктері физиология үшін өте маңызды, кибернетика мен компьютерді айтпағанда.



Педагогика


Тарих


Тарих (көне грек. ἱστορία —сұрастыру, зерттеу) — адамзат баласының өткенін зерттейтін қоғамдық ғылым.
Тарихтың негізгі пәні ретінде - адам рухы қарастырылады, соған байланысты тарихтың мақсаты адамдарға тек өткенін ғана білгізу емес, рухани дүниесін қалыптастыру екенін айта кеткен жөн. Тарих - үздіксіз даму үстінде болатын ғылым. Өткенін білмей қазіргісі мен болашағын бағалау мүмкін емес, қоғамның дұрыс бағытта дамуы үшін азаматтардың тарихи сауаттылы мен белсенділігі орасан зор маңызға ие.Халықсыз - тарих жоқ,тарихсыз - халық жоқ деген нақыл бекерге айтылмаса керек. Тарихи зерделеу арқылы тарихи сана, мәдениет, дәстүр, ұрпақтар сабақтастығы қалыптасады. Тарих болып жатқан оқиғаларды жан-жақты әрі тереңінен көре білу қасиетін дамытады және болашаққа дұрыс қадам жасауға жәрдемдеседі.




Педагогика


Кибернетика




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет