Жаттығу «Психологиялық қыздыру»
|
Айтылған пікірлерге келіссеңіздер келесі қимылдарды орындайық:
Егер балаларыңыз тіл алмау әрекеттерін көрсеткен болса, үш рет онда қол шапалақтайық.
Егер сіз балаңызға мадақтауды жиі қолдансаңыз, онда мұрныңыздың ұшына қолыңызды тигізіңіз.
Егер сіз өзіңізді үлгілі ата-анамын деп санасаңыз, кеудеңізді жұдырықпен соғыңыз.
Егер сіз балаңызбен қарым-қатынасыңыз дұрыс болмай, түсіністік туындаса көзіңізді жұмыңыз.
Сіз балаңызды жазалағанда отбасының басқа мүшелері Сізді тым қаталдығыңыз үшін наразылық тудырса, онда аяқтарыңызбен жерді топылдатыңыз.
Бала тәрбиесінде ересектің үлгісі басты деп ойласаңыздар, онда қолыңызды көтеріңіз.
Балаңыз үшін барлық жағдайды жасап, әрқашан қолдау көрсететін болсаңыз, өзіңіздің басыңыздан сипап қойыңыз.
|
Өз ойларымен бөліседі.
|
Теориялық кезең
|
Неліктен жеткіншектерде депрессия немесе анорексия, жыныстық нормаға қайшы белгілері немесе зорлық-зомбылық бар? Неліктен жеткіншек әрдайым жата береді және оған ештеңе ұнамайды? Неліктен бала 11-12 жасқа толған отбасында оқу, тұрақсыздық, тәртіпсіздікке байланысты қақтығыстар жиі болады? Баланы ауыстырған секілді. Мүлде олай емес. Сіздің балаңыз өсіп келе жатқан ересектік жолға қадам бастады. Жеткіншектік шақ-тұлғаның физфкалық және ақыл-ой деңгейінде өзгерістер пайда болатын даму кезеңі. Бұл өтпелі кезеңнен өту үшін 4 міндетті жолдан өтуі керек:
Ата-аналардан бөлініп шығуы(сепарация) (мен)-(10-12 жас)
Индивидуализация (Мен кіммін? Кім мен үшін?) (12-14 жас)
Жаңа байланыстардың қалыптасуы (Кім үшін мен- кім үшін?) – (14-17 жас)
Өзінің жаңа тұтастығын интеграциялау, өмір жолын таңдау (Мен кіммін? Кім менімен бірге? Менің ролім қандай?) (17-21 жас)
Ерте жеткіншектік шақта қандай өзгерістер пайда болады? Мұнда екі негізгі нәрсе бар: дене және ата-ана. Бұл кезеңде, жеткіншекте алғашұы проблемалар пайда болады: ойлау жылдамдығы өзгереді, жазуы нашарлайды, денесінде жағымсыз иіс пайда болады. Өзі өзгерістердің бәрі тітіркендіреді, қорқытады, ашуландырады. Жеткіншек өзінің денесін қабылдауға мәжбүр болады. Дене өзгерістермен қатар, басқалармен қарым- қатынастың өзгеруі басталады. Ата-аналар жеткіншектің өмірінде маңызды тұлға болма қалады. Ең оңай таңдау жолы-агрессия. Агрессия адамдардың арасына іріткі салады. Горманалды ұйытқулар, физикалық өсу, ішкі және сыртқы өзгерістерді қабылдай алмау, оның үстіне оқу керек үлкендердің атқанын орындау . Осының бәрі шаршатады, апатия мен негативті эмоцияларды тудырады.
Егер сіздің балаңызда ешқандай дағдарыс жоқ, ол сабақта тәртіпті болса, телефонмен ұзақ ссөйлеспейді, әлеуметтік желіде отырмайды, айтқаныңызды мүлтіксіз орындаса, қуануға асықпаңыз. Сіздің балаңыз жеткіншектік шаққа жетпеген, психикалық дамуы артта қалған, немесе балада депрессия болуы мүмкін.
Кезеңдерді жеңуге болады:
-жеткіншектің барлық мұндарын, оқиғаларды, күйзелістерді, қобалжуларды талқылатын достары бар болса;
Егер ата-ананың жеткіншекке қарым-қатынасы сенімділікпен ересек ролін меңгертсе, баланы түсінсе;
Жеткіншекке қолдау сөзін жиі айтып, өзіне сенетінін білдірсе, қойылатын талаптар жас ерекшелігіне сай болса;
Жеткіншектің кез-келген мәселесін шеше білсе.
Дабыл қағатын жағдай.
Жеткіншектің достары, араласатын құрдастары болмаса, ата-анасы тұрақты қарым-қатынасқа кедергі жасаса, ата-анасы сенімділік білдірмесе.
|
Ата-аналар өз ойларымен бөліседі.
Ата-аналар өз ойларымен бөліседі.
|
Практикалық бөлім
Рефлексия
|
«Жарыс жаттығуы»
Барысы: топтан екі ата-ана шығып жылдамдықпен пазлдардан сурет құрастырады.
Мақсаты: Баланы өзге баламен салыстырып, жарысып тәрбиелеудің мәнің түсіну. Әр бала өз алдына жеке тұлға деп қабылдап, сол балаға өзіндік ықпал жасау қажет.
«Шығыршықтан өту» шеңбер жаттығуы.
Барысы: Барлық ата-аналар шеңбер бойымен қол ұстасып тұрады. Шеңбер бойында обруч орналасады, ата-аналар шеңберді қолдарын үзбей, өтуі қажет.
«Нұрлы су» жаттығуы
Барысы: Ойынға қатысушысының біреуі шығарылады. Екі стақан су әкелінеді. Біреуіне тілектер айтылады. Қатысушы ең жұмсақ, дәмді суды табады.
Рефлексия. Қорытындылау
|
Ата –ана өз ойларын ортаға салып, ой бөліседі.
|