Боксшыны дайындаудағы жалпы негізгі қағидалар Жаттығудын мақсатымен міндетері



бет2/4
Дата12.02.2023
өлшемі28,01 Kb.
#168401
1   2   3   4
Байланысты:
Боксшыны дайындаудағы жалпы негізгі қағидалар

Педагогикалық ережеде қайталану қағидасы аса манызды, яғни оқылған жаттығуларды нығайту және дамыту үшін.
Жаттығу кезінде ағзаға жалпы дамытушы және арнайы жаттығулардың қайталану нәтежесінде, боксшының функционалдық мүмкіндіктері кеңейіп, техникалық қабілеттіліктері жетіледі.
Рингтегі жекпе-жек қыйын және жылдам жағдайды ауыстырып тұрады: Боксшының барлық назары жекпе-жекте тактикалық әрекеттеріне құруына аударылады. Өз-өзін қадағалау үшін оған берік, дұрыс дағдыларды игере білу керек. Барлық негізгі жаттығулар техникалық әдістерін жаттығу кезінде нақты менгерілу керек. Тек осы жағдайда боксшының жекпе-жек кезінде, қыимылдары ұтымды да, техникалық жағынан дәл де болады және оған техникасын бақылауға аса мән берудін қажеті болмайды. Сондағана боксшы жекпе-жегінде саналы, сенімді және епті әрекет ете алады, оның жекпе-жектегі қыимыл әрекетері үнемді, тиімді болады.
Боксшы жаттығу кезінде үйренген әр түрлі, жекпе-жек қыр сырын, еркін жекпе-жекте біріктіреді. Дәл осы жерде үйреніп алынған дағдылар, жекпе-жек жағдайында сыналады, бекітіледі.
Боксшының барлық үйренген техника тактикалық әдістері, жұптасып қолғаппен, арнайы тапсырмамен еркін жекпе-жекте жетілдіріледі. Тапсырмамен шартты жекпе-жекте боксшылардың әрекетерін шектей отырып, жаттықтырушы олардың жекпе-жектегі техникасына назар аударады.
Қолжетімді қағидасы спортшының жеке қасиеттерін, мүмкіндіктерін, дағдыларың ескере отырып оған арнайы жеке жаттығуларды құрастыруға жаттықтырушыны міндеттейді.
Боксшының өзіне тән жекпе-жек жүргізу әдісі жаттығу мазмұнында аса манызды, оны белгілі бір жекпе-жек әдісін жүргізуге бейімдейді.
Боксшының мүмкіндіктері әр кезенде және жаттығудың дайындық кезінде бірдей болмайды. Жаттыққан боксшыға қарағанда жаттықпаған боксшыға қол жетімсіз болады.
Оқу-жаттығудан өткен спортшының ағзасы үлкен жүктемелерге онай төтеп береді, ал дайындығы жоқ спортшы, бұндай жүктемелерге шыдай алмайды.

ХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХх


Боксшының жекпе-жек кезінде өзіне сенімділігі ғана оның тәсілдік ойын жүзеге асыруына жол ашады. Шыдамды және әдіс шеберлігі жетілген боксшы ғана жекпе-жек үстінде ез қисындарына бақылау жасай алады. Жекпе-жектің әр кезеңіндегі жағдайды дүрыс бағалап, езінің әр қимылын бір жүйеге бағындырып, қарсыласының шабуылын тойтара отырып, жекпе-жек тізгінін өз қолынан шығармайды.
Қарсыластың дайындығының қандай деңгейде екеніне қарамастан әр жекпе-жекте өте сақ болған дұрыс. Қарсыластың мүмкіндігін дәл анықтай білу керек. Рингке шыққан қарсыласты әлсіз деп менсінбеуге немесе күшті деп қорғауға болмайды. Қандай жекпе-жек болмасын тыңғылықты дайындалып, күшті және әдіс-айлаларды дұрыс пайдалана білу қажет. Сонда ғана боксшы көздеген мақсатқа жетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет