Боксшыны дайындаудағы жалпы негізгі қағидалар Жаттығудын мақсатымен міндетері



бет1/4
Дата12.02.2023
өлшемі28,01 Kb.
#168401
  1   2   3   4
Байланысты:
Боксшыны дайындаудағы жалпы негізгі қағидалар
Ізгілік іздеп келемін...(тәрбие сағаты)

Боксшыны дайындаудағы жалпы негізгі қағидалар


Жаттығудын мақсатымен міндетері
Боксшының оқу-жаттығу үрдісі жалпы педагогиалық ережелермен қағидаларға негізделген, спорттық бәсекелестік жағдайында спорттық (жауынгерлік) кабілеттіліктің жоғары деңгейіне жетуіне бағытталған.
Бұл үрдіс Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорттың алдында тұрған негізгі міндеттер: Денсаулықты нығайту, спортшылардың жалпы дене дайындығын жан-жақты дамыту, олардың бойында қажетті қозғалыс дағдыларын және қазақтың ұлтық тәрбиесін қалыптастыру.
Бокс спорт түрінің оқу-жаттығу жүйесі, әдістерімен тәсілдерді ұйымдаструымен ерекшеленеді.
Боксшының жаттығу кезінде ағзасындағы болып жатқан барлық өзгерістерінде, ғылыми ұстанымды да басшылыққа алу қажет. Осыларға байланысты бокс спортында нәтежелерге жетуге болады деп сенеміз:
а) жан-жақты жалпы дене дайындығын дамыту (жылдамдық, күш, ептілік және төзімділік);
б) әр түрлі техникалық дайындықтары;
в) тактикалық дайындықтары;
г) рингтегі жекпе-жекте үлкен маңызы бар, (белсенділік, сенімділік, батылдық, табандылық), ерік жігер қасиетерін тәрбиелеу.
Бұл міндеттердің барлығы боксшының жаттығу кезінде бір-бірін байланыстырып, толықтырып тұрады.
Боксшының жаттығу негіздері
Боксшының жаттығуы негізгі дидактикалық қағидалардан құралады: жаттығудың тәрбиелік сипаты, жан-жақтылық, саналы түрде, белсенді, көрнекілі, жүйелі, бірте-бірте, қайталану, сапалы, қолжетімді. Бұл негіздер бір-бірінен ажырамайды тығыз байланыста болуымен ерекшеленді.
Боксшының жаттығуы тәрбиелік сипатта болу керек.
Негізгі педагогикалық талаптарды алдынала ала отырып, спортшының жалпы дене дамуы, техника-тактикалық дайындығы, Қазақстан Республикасының нағыз патриоты, адамгершілігі мол, ерік жігер қасиеттерін тәрбиелеу, оқу-жаттығу жүйесінің бір тұтас түрінде ұймдастырылу керек.
Көпшілік спортық жарыста, спортшыдан ковердағы немесе рингтегі жекпе-жек сияқты жан-жақты дамуды талап етпейтін шығар. Мұнда жалпы дене дайындығы, ерік күш жігер қасиетерін, жан-жақты техника-тактикалық дайындықтың қыр-сырын менгеру керек. Осыған байланысты жаттығуларда әр-түрлі спорттық және көмекші жаттығулары қолданылады.
Спортшы бокстағы спорттық шеберліктің мәнін, жаттығулардың мазмұнын, міндеттері мен құралдарын түсініп, алда оны елестете алу керек.
Жаттықтырушы үнемі спортшыларды жаттығуларға үлкен жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу керек. Жаттығу басталмай тұрып спортшыларға оның міндеттерін таныстыру керек.
Саналы түрде жаттығуларға қарайтын боксшылар, жаттығуларды өз бетінше құрастыра алады. Бұндай боксшылар рингтегі жекпе-жекте саналы түрде мақсатқа жету үшін әр-түрлі тәсілдерді қолдана алады.
Оқу-жаттығу жүйесінің табысты болуына, спортшының белсенділігі, шығармашылығы манызды болып табылады.
Әр жаттығу барысында жаттықтырушы спортшыларды жаттығуға қызықтырып, ынталандырып, белсенділігін арттырып отыру керек.
Жаттығудағы белсенділікті арттыру маныздылығы, спортшылырдың өз бетінше тапсырмаларды орындауында. Бұл тапсырмалар жаттығудағы ұйымдастырудың негізі болуы керек. Сонымен қатар жаттықтырушы көшбасшылық рөлін ұмытпау керек.
Оқу-жаттығу жүйесінде көрнекіліктің маңызы өтте зор. Жаттығушыларға бокс техникасы мен тактикасының әдістерінін толық дұрыс қарапайым көрсету керек.
Көрнекілік оқытудағы негіздерге мыналарды жатқызамыз: жаттықтырушының техниканы тактиканы көрсетуі, бейне таспадан жекпе-жектерді, кино филімдерді қарау. Жарыстарды барып қарау, басқа клубтармен жаттығу, оқу-жаттығу жыйындарың өткізу т.б.
Осындай жан-жақты көрнекілік құралдарды пайдалану арқасында, жаттықтырушы спортшыларға боксшы шеберлігінің жан-жақты, қыр-сырын түсінігін қалыптастыра алады.
Оқу-жаттығу үрдісінін жүйелігі, жаттығу құралдарын, үйлесімді, ұтымды, құрастырып пайдалануда. Жаттығудағы жүйелі енгізілген жалпы дамытушы және арнайы жаттығулар боксшының жан-жақты дене дайындығын қалыптастырады.
Оқу-жаттығудағы ен маныздылық кезендігі, жоғарғы жұмыс қабілетілігін артыруға бағытталған. Әсіресе ол дайындық кезеңіне қатысты; алма кезек жұмыспен демалысты ұтымды пайдалануда, бірте-бірте ағзаға дене жүктемелерін, жекпе-жек әдістерін қыйындатып, жаттығу қарқындылығы және көлемі көбейтіледі. Бұл жүйеде ағза үлкен жүктемелерге бейімделеді, үлкен дене жүктемелер арқасында спортық формаға қалыпқа келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет