Боксшыны дайындаудағы жалпы негізгі қағидалар Жаттығудын мақсатымен міндетері



бет4/4
Дата12.02.2023
өлшемі28,01 Kb.
#168401
1   2   3   4
Байланысты:
Боксшыны дайындаудағы жалпы негізгі қағидалар
Ізгілік іздеп келемін...(тәрбие сағаты)
Шапшаңдылық. Рингте өтетін жекпе-жектегі жеңіс, боксшының бәсекені қарқынды өткізуіне байланысты. Ол бастапқыдағы қарқынды қимылдарын жекпе-жектің соңғы секундына дейін сақтауы керек. Себебі жекпе-жек уақыты ережеге сәйкес санаулы. Осындай қасиеттерді әр боксшы-ның бойына сіңіруге күш салған дұрыс. Рингтегі жекпе-жек жылдам және үздіксіз қимылдардан құрылуы қажет. Әр кездесуде боксшылар жекпе-жек тізгінің өз қолына алуға, қарсыласын өз ырқына көндіру үшін бар күшін сала-ды. Мұндай тез қимылдар, жан-жақты әдіс айлалар ерекше роль атқарады.
Шеберлігі жетілген, дәл соққылармен ұпай жинап жүрген қарсыласты талдырып жеңем деп күш салу мүмкін емес. Қазіргі бокста жекпе-жек үстінде туған жағдайды дәл анықтай білу, шабуыл мен қорғанысты жылдам ұйымдастыра алу ең басты құрал болып отыр.
Боксты үйренуді жаңадан бастағандар алғашқы жекпе-жектерін өз мүмкіндіктеріне қарай өткізеді. Олардың осы кезде әдістік және тәсілдік әдістерді толық пайдалануын қадағалау қажет. Шеберлігі толысқан сайын оның жылдамдығы да артады, әр әдісті тез қолдана алатын халге жетеді. Осындай шыдамдылық боксшының әдісқойлығына ешқандай нұқсан келтірмейді,
Дәл соққылар
«Соққы бәрін шешеді!». Өз тәсілінде қатты соққыларға ерекше мән беретін боксшылар бұрын осылай дейтін. Уақыт өтті, онымен бірге бокс та өзгерді.
Біз жекпе-жек үстіндегі соққылардың күші маңызын жойды деуден аулақпыз. Күшті соққы әр боксшының басты қаруы болып қала берді. Бірақ оның өте дәлдігі аса қажет, Дәл соққылар боксшының ұпайды көп алып, жеңіс-ке жетуіне мүмкіндік береді.
Күшті соққылар кебіне боксшыға басымдық әпереді. Нысанаға дәл тиген ауыр соққылар қарсыласының басын айналдырып, оның күшінің азаюына, сөйтіп бақылауының әлсіреуіне жағдай жасайды. Сондықтан да боксшы мұндай соққыларды дарытпау үшін шебер қорғана білуі, осындай қиын сәттерде де ұпай ала білуі керек.
ХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХ

Боксшының спорттық жетілуі кезінде жаттықтырушы оз шәкіртінің кушті. сонымен қатар осал жақтарын анықтап, оның шеберлігіне нұқсан келтіретін кемшіліктерді жоюға арналған жаттығулар белгілеуі керек. Жаттықтырушы бұл кезде нақты жаттығулар белгілеп, оның орындалу мерзімін анықтайды. Егер ауыр салмақтағы боксшы икемсіз болса, жаттықтырушы оның жылдамдығың ептілігін арттыратын арнаулы жаттығулар белгілейді. Егер жеңіл салмақтардағы боксшылардың бұлшық еттері әлсіз болса, оған бұлшық етті жетілдіріп, күшті толтыратын жаттығулар тағайындайды. Шәкіртінің қорғаныстағы осал жақтарын байқаған жаттықтырушы, оған тәжірибелі боксшымен арнаулы жаттығу жекпе-жектерін өткізуді тапсырады. Боксшыларда мұнан да басқа кемшіліктер байқалуы мүмкін. Олар бокс жабдықтарымен және әріптестерімен өткізілетін жаттығуларда жойылуы керек.


Боксшының спорттық шеберлігін арттыруға дұрыс басшылық жасау үшін жаттықтырушының езі де осы шеберліктің сырын толық меңгеруі және түсінуі, сондай-ақ жаттығулардың жүйелерін жете білуі қажет. Жаттықты-рушы мен боксшы бірлесе жұмыс істеп, бірін-бірі жақсы түсінгенде ғана боксшы өзінің күшті және осал жақтарын жақсы білетін болады. Сонда ғана сол олқылықтардың орнын толтыруға күш салынады.
Боксшыға арнап белгілеген жаттығуларды жаттықтырушы жаттығу жүйе-сінде кездесетін педагогикалық мақсаттарымен ұштастыруы қажет. Бұларада ұсынылып отырған жаттығулардың боксшы белгілі бір қасиетін да-мытуға ғана бағытталуын қадағалаған дұрыс.
Жаттығулардың көбі құрал-жабдықтардың көмегімен жасалса, онда бұл боксшының жан-жақты дамуына көмектеседі. Мысалы, түрлі қашықтықтарға жүгіру боксшының жылдамдығы мен шыдамдылығын арттырады. Бірақ мұның бәрі, әрине, жаттықтырушы арнайы жоспар жасап, онда жаттығудың мерзімін және қашықтықты дәл белгілеуі керек. Егер боксшы жаттығудың әсерін сезінбесе немесе шаршаса, онда оның пайдасы аз болып шығады. Сондықтан арнаулы жаттығу белгілегенде де спортшының мүмкіндігін естен шығармаған жөн.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет