Боксшыны дайындаудағы жалпы негізгі қағидалар Жаттығудын мақсатымен міндетері


Бокс тәсілі жекпе-жектің ерекшелігіне байланысты



бет3/4
Дата12.02.2023
өлшемі28,01 Kb.
#168401
1   2   3   4
Байланысты:
Боксшыны дайындаудағы жалпы негізгі қағидалар
Ізгілік іздеп келемін...(тәрбие сағаты)
Бокс тәсілі жекпе-жектің ерекшелігіне байланысты. Шаршы алаңда екі боксшы сынға түсіп жатыр делік. Олардың екеуі де жарысқа жақсы дайындықпен келген, екеуі де жылдам, епті, күшті, шыдамды. Әдісқойлық шеберліктері де шамалас. Соққылары дәл, қорғаныстары берік. Екі боксшы да рингтегі жекпе-жек үстінде тәсілдік дұрыс шешім тауып жүр. Сонда бұлардың қайсысы жеңіске жете алады?
Жекпе-жектің жүргізу тәсілі боксшының жалпы дайындығына, оның әдістерінің әртүрлілігіне, спортшының жігерлігіне, шыдамдыпығына, өзіне сенімділігіне, жекпе-жек үстіндегі тездігіне, соққыларының дәлдігіне және күшіне тығыз байланысты.
Жігерлілік. Боксшының жекпе-жек кезіндегі мінез-құлқы оның жігерлілігіне байланысты. Бірдей дайындықпен келген және шеберлігі де бір-бірімен тең қарсыластардың жекпе-жегінде, жеңіске деген жігері басым боксшы ұтады.
Өз күшіне және шеберлігіне сенімділік үздіксіз, ұзақ жаттығулардан кейін ғана келеді. Әдістік және тәсілдік шеберлігі, уақытты және арақашықтықты дұрыс есептей білу, жігерлілік, сенімділік жекпе-жекті табысты өткізуге мүмкіндік береді .
Бәсеке үстінде жекпе-жек тізгінін өз қолына алу және қарсыласын өз ыңғайына бағындыру боксшының ең негізгі міндеті. Рингтегі жекпе-жекте қарсыласын бас көтертпеудің, сөйтіп оның өзіне сенімсіздігін туғызудың маңызы зор. Рингтегі әр қимылдың жетілгендігі, қарсыласының шабуылға шығар кезін дәл анықтап, оған қарсы әдістер қолдану, күтпеген жерден және батыл шабуылға шығу боксшының айқын басымдылыққа ие болуына жағдай жасайды.
Әдістердің ерекшеліктері. Әдіс-айла ерекшеліктері, әр түрлі жан-жақты қимыл боксшыны жеңіске жеткізетін ең дұрыс жол. Мұндай кезде боксшы уақытты дәл есептей білуі керек. Шабуыл және қорғаныс әдістерін қолданғанда бір сәт кешігуге болмайды. Оның үстіне бүкіл жекпе-жек бойы өзіне ыңғайлы арақашықтықты ұстап жүрген жөн. Бұл да шабуыл мен қорғанысты ұйымдастыруда басты міндет атқарады. Әдіс-айлалардың кемшілігі жекпе-жек кезінде туған жағдайға байланысты ең дұрыс шешім таба білу әрбір қимылды дұрыс пайдаланып, пайдасыз қимылдарға күшті босқа жоғалтпау боксшының ең басты міндеттері болып есептеледі.
Бокстасу тәсілдерін әдіс негіздерімен бір кезде үйренген дүрыс. Боксшы арнаулы қимылдарды (соққылар мен қорғанысты) үйренген сәтте уақыт пен арақашықтықты дұрыс анықтай білуге дағдыланғаны жөн. Боксты үйретуді бастаған алғашқы қадамдардан-ақ әдіс пен тактиканы бірге пайдалануды ұмытпау керек. Бұл жаттықтырушы үшін де, боксшы үшін де басты қағида.
Боксшыға тек қана әдістерді үйретіп қоюға болмайды. Себебі әдістік шеберлігі толысқан спортшының үйренгендерін жекпе-жек кезінде дұрыс пайдалана алатынына көз жеткізу қиын. Ол жете меңгерген әдістерін үздіксіз қайталай беруі мүмкін. Бірақ кейде мұндай әдістердің оны жеңіске жетелеуі де екіталай.
Боксшының тәсілдік дайындығы жаттығулар үстінде жетілуі керек. Ол үшін жаттықтырушы әр жаттығу алдында шәкіртіне әр түрлі тәсілдік есептер беріп, оның дәл орындалуын қадағалап отыруы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет