Оқушыларды шығармашылық ізденіске жетелейтін жол - проблемалық оқыту мен кейс технологиясы деп білемін. Яғни, білімді дайын түрде баяндап бермей, оқушылардың алдына проблемалық міндет қоя отырып, соңғы шешімді оқушы өзі іздестіруіне ықпал етемін. Менің проблемалық және кейс әдісімен оқытудағы мақсатым – оқушыға ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгертіп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолын меңгерту, таным дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту. Осы әдістер арқылы оқу мен оқытуда оқушылардың ойлау, талдау, қорытындылау, ізденіс әрекеті, проблемалық ситуация мен танымдық қызығушылығын іске асырамын.Проблемалық оқытуды ойдағыдай іске асыру үшін оқушыларға проблемалық сұрақтар ұсынамын. Проблемалық сұрақтың жауабын оқушы міндетті түрде өзі іздеуі шарт. Ол сұрақ баланың сана-сезімінде қиындық туғызуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |