Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев«Мәңгілік ел» атты Қазақстан халқына жолдауында «Біз қолжетімді және сапалы білім беруді дамыту бағытын дәйекті жүргізудеміз», - деп атап көрсете келіп, білім мен кәсіби машық – заманауи білім беру, кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесінің негізгі бағдарларын айқындап берді. [6]. Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер әрбір оқушының өз мәртебесін, мүмкіндіктерін, шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруына жағдай жасап, жан – жақты дамуды көздейтін педагогикалық технологиялардың ролін арттырды. Әлемдік білім деңгейі талаптарына сай тұлға тәрбиелеу үшін мен күнделікті сабағымда жаңа технологияларды тиімді пайдалана отырып, құзыреттілік-әрекеттілік тұрғыда оқытуды жүзеге асырамын. [2]. Білім беру дегеніміз - оқыту, тәрбие беру және оны дамыту үрдісі. Оқу – тәрбие үрдісінде оқушылардың өз бетінше ойланып, әрекет етулері жеткіліксіз. Елбасымыз «Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез-келген азаматы әлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады,» – деп атап көрсеткеніндей, оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда және бәсекелестік тудыруда кейс әдісінің маңызы зор. [4,5]. Білім беруде жаңа технологиялардың бірі проблемалық оқыту мен кейс әдісін сабақтастырып өткіземін. Талапқа сай заманауи білімдендіру арқылы оқушылардың дәстүрлі және қашықтықтан кеңес алуын ұйымдастыра отырып, шығармашылыққа дайындаймын.