Болашақ физика бакалаврының педагогикалық ЖҰмысқа кәсіби даярлығын қалыптастыру



бет2/5
Дата25.01.2022
өлшемі148 Kb.
#114156
1   2   3   4   5
Байланысты:
Блум
10 сынып-Кадыр Мырза Али, витамины
Болашақ физика бакалаврының даярлығын қалыптастырудың әдістері мен факторлары. Болашақ педагогтардың дайындығын қалыптастыру дегеніміз жеке тұлғаның педагогикалық еңбекті табысты жүзеге асыруын қамтамасыз ететін, мамандық үшін мәнді қасиеттерді игеру үдерісі. Педагог тұлғасының кәсіптік дайындығын анықтайтын асыл қасиеттер мен сипаттамалардың ішінде аса көрнектісі ретінде ұстаздық қызметке дәлелді - құндылықты көзқарас аталады.

Педагогтың өз мамандығына деген оң көзқарасының ең жоғарғы дәрежедегі көрінісі түріндегі ұстаздыққа құштарлықтың даму динамикасына арналған зерттеулерде оның қалыптасуына мына төмендегілердің қажеттігі дәлелденген:

1. Жастардың арасында педагогикалық мамандықтың артықшылықтарын көрсететін, оның беделінің артуын көздейтін жұмыстар жүргізу. Жаз айларына сәйкес келетін төленбелі екі айлық демалыс пен емделу-сауықтыру жәрдем ақысы әзірге кез келген мамандық иесін қызықтырады.

2. Қоғамның экономикалық, әлеуметтік, педагогикалық және психологиялық талаптарын ескеріп, жастарды педагогикалық ЖОО-на үгіттеу, кәсіптік бағдар беру мен таңдап алудың әдістемелері мен ғылыми негіздерін қорыту.

3. Білімгерлермен ЖОО-да атқарылатын жұмыстардың мақсат - міндетін, мазмұнын және түрін олардың кәсіптік - педагогикалық мақсат, ниетін есепке ала отырып, жекешелеп жүргізу.

4. ЖОО-да жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарының барлық жүйесін білімгерлердің педагогикалық бағытталуын қалыптастыруға сәйкестендіру қажет. Кәсіптік - педагогикалық бағытталу педагогикалық мамандыққа құндылықты көзқарас ретінде мыналарды қамтиды: болашақ педагогикалық қызмет жәйлі анықталған ұғымға ие болу; айқындалған және тұрақты кәсіптік - педагогикалық қызығушылықтың болуы; педагог жұмысына өзін дайындауға ұмтылыс; қоғамдық - педагогикалық қызметтің әрбір түрінде өз күш-жігерін салмақтау негізінде мамандықты игеру мүмкіндігіне сенімділік; педагог еңбегіне қабілеттілік таныту.

5. Білімгерлердің педагогикалық ЖОО-да оқуын және ұстаздық жұмысқа бейімделуін оларда педагогикалық шеберліктің артуына және мамандыққа қанағаттануына мүмкіндік жасайтын жағдайда өткізу керек.

Осы оқу орнын бұрын бітіргендердің қатысуымен жас мамандардың мектепке қалыптасуына қатысты тәжірибе алмасудың өтіп тұруы аса пайдалы, мұндай шаралар білімгерлер үшін әсіресе практика алдында ерекше маңызды, себебі оларға педагогтың жұмысы туралы әртүрлі сипаттағы ақпаратты білу өте қажет. Тіптен педагогикалық практикадан алған әсерлерін есеп беру мәслихатында бөліскен ІІІ және ІV курс білімгерлерінің қиындықтары осында арнайы шақырылған төменгі курс білімгерлеріне үлкен көмегін тигізді [2].

Білімгерлердің педагогикалық қызметке кәсіптік даярлығын қалыптастыру үдерісінде ғылыми-зерттеу жұмыстары маңызды функция орындайды. Білімгерлердің ең алғашқы ғылыми-зерттеу жұмыстарына курстық жұмыстарды жатқызуға болады.

Мектеп өмірі жас айырмашылығы және құрамы әртүрлі үлкен ұжымнан тұратындықтан, онда дау-жанжал болмай тұрмайды. Сондықтан, болашақ педагогтардың даудың психологиялық табиғаты, оның құрылымы мен динамикасы және оны шешудің тиімді тәсілдері жәйлі мағлұмат алуы қажет. Жанжалды жағдайға тап болған педагог өз белсенділігін жанжалды шешуге немесе оның алдын алу үшін себепші адамды терең түсінуге, не өзінің психологиялық күйін реттеуге бағыттайды.

Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде көп жазылғандай, болашақ педагогтардың жұмысын жеке және топтық түрде ынталандыру шараларын қолдану аса маңызды. Моральдық және материалдық ынталандырудың тәсілдері мен құралдарының арнайы реттелген жиынтығы – мадақтау болып табылады. Кез келген мадақтаудың педагогикалық негізделуіне, мақсатқа сәйкес орынды болуына, ұжым алдындағы ең басты міндетті шешуде табысқа жету үшін бағытталғандығына көңіл болу қажет.Болашақ педагогтардың кәсіптік дайындығын одан әрі қалыптастыру күрделендірілген педагогикалық міндетті орындауды міндеттейтін іс-әрекеттерді ұйымдастыруға жалғасады (алдын ала жоспарланбаған сабаққа қатысу, үлгерімі нашар сынып оқушыларын үлгерушілер қатарына шығару, мәслихаттарда тәжірибе алмасу мақсатында сөз сөйлеу, ашық сабақ өткізу және басқалар).

Педагогикалық қызмет кезіндегі қиын жағдайларды зерттеу әлі де өзекті мәселе болып қалуда. Ю.Козловски педагогтардың қорғану реакциясын зерттеп, оның бірнеше түрлерін көрсетті: ұтымды реакция, көңіл-күйлік сезім реакциясы, агрессивті реакция, жұмысты тырысып істеудің төмендеуі, қорқытушы жағдайлардан аулақ жүру, өз кемшіліктерін біреуге телу. Сонымен бірмезгілде ол педагогтың сәтсіздікке реакциясының құрылымын көңіл-күйлік және моторлы реакция, қайғыруға зияткерлік тексеріс түрінде анықтап берді [3].

Педагог үшін ЖОО-да алған жас адамға лайық құрмет-қасиетті берік ұстануға мүмкіндік туады. Өмір салты, өзін анықтаудың сипаты, кәсіптік дайындықтың деңгейі педагогикалық жүйенің орнықтылығының критерийі бола алады. Осы жерде, шынымен нақты мысалда оқу бітірушілердің білімділік және тәрбиелілік деңгейін бақылауға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет