Болашақ физика бакалаврының педагогикалық ЖҰмысқа кәсіби даярлығын қалыптастыру



бет3/5
Дата25.01.2022
өлшемі148 Kb.
#114156
1   2   3   4   5
Байланысты:
Блум
10 сынып-Кадыр Мырза Али, витамины
Болашақ физика бакалаврының кәсіби даярлығын қалыптастырудың деңгейлері. Білімгерлердің педагогикалық міндеттерді оқу үдерісінде шешуге дайындығын табысты қалыптастырудың маңызды алғышарттарының бірі оның қалыптасуының деңгейін айқындап білу. Деңгейлерді ерекшелеп бөлектегенде біз жеке тұлғаның сапасының дамуындағы кезеңдік (деңгейлік) сипатты, сонымен бірге берілген деңгейден басқа деңгейге өтудің құрылымдық - функциялық табиғатын ашып көрсететін теориялық қағидаларды есепке алдық: қалыптасушы сапаның, оның функциясының құрылымы өзгеріске ұшырайды. Қалыптасатын сапа келесі жоғары деңгейге ауысқан кезде өткен деңгейдің қасиеті жоғалмайды, тек қана түрленеді.

Біз жүргізген зерттеулердің көрсетуі бойынша кәсіби дайындықтың дамуын оның динамикасының төрт көрсеткіші сипаттайды, бұл сонымен бірге болашақ педагогтар жетуге тиісті деңгейлерді көрсетеді. Кәсіптік дайындық деңгейлерін талдауды бастағанда әдебиетте көбінесе жалпы педагогикалық қызметтің тиімділігінің көрсеткіштері қарастырылады.

Болашақ педагогтардың дайындығын әзірленген үлгінің негізінде зерттеу нәтижесінде деңгейлер ауқымы айқындалды: олар жоғары, жеткілікті, орташа және төменгі болып белгіленді.

Тәрбие жұмысына дайындығы төменгі деңгейдегі болашақ физика бакалавры ЖОО мен мамандықты кездейсоқ таңдауымен, ұстаздық қызметке жауапсыз қарауымен, педагогикалық мамандықтың мәнін толық сезінбеуімен, өздігінен білім алуға тұрақты ұмтылыстың жоқтығымен ерекшелінеді; өз еңбегін жоспарлау мен ұйымдастыруда жетіспеушілік тән, өзіндік тексеріс те бола қоймайды; физиканы оқыта тәрбиелеу бейімділігі репродуктивті деңгейде, білімі өзара байланыспаған, жүйеленбеген, жинақталмаған; өз күшін өте қиындықпен жинақтап бағыттай алады. Бұрынғы игерілген білімін жаңа жағдайға қолдану өте сирек, әрі кейбір кәсіби мәселелер шеңберінде ғана жүзеге асырылады. Олардың дайындық деңгейінің жетілуі мақсат ұстана бағытталған байсалды іс - әрекетті қажетсінеді. Физиканы оқыту үдерісінде тәрбиелік элементтердің қолданылуы жәйлі түсінігі төмен, келешек жас ұрпақты тәрбиелеудің қоғамдық маңыздылығына сенімі жұтаң, әртүрлі тәрбиелік шараларды ұйымдастыруға қызығушылық танытпайды, алған білімін тәрбие үдерісіне және ғылыми-зерттеу жұмыстарында пайдалануға ынталанбайды, ұлттың болашағы саналатын жастар тәрбиесіне жауапкершілігі мен мақтаныш сезімі төмен.

Тәрбие жұмысына дайындығы орташа деңгейдегі болашақ физика бакалавры педагогикалық қызметке қызығушылық танытады және қабілеттілік көрсете алады. Бұл топтағы білімгерлерді тәрбие жұмысы тартады, бірақ физиканы көбірек ұнатады, мамандықтың қоғамдық мәнін жеткілікті дәрежеде сезінбейді. Олардың педагогикалық борышқа көзқарасын көп жағдайда тек жауапкершілік ретінде бағалауға болады. Өздігінен білім алуға ұмтылысымен ерекшелене отырып, олар көбінесе физиканы оқумен шектеледі. Олар өзінің еңбек үдерісін жоспарлауға және ұйымдастыруға бейімділіктерінің белгілі бір жиынтығын игерген; физиканы оқыта тәрбиелеуі репродуктивті - шығармашылық сипатпен ерекшелінеді. Бұл адамдардың білімі физика шеңберінде жеткілікті жүйеленген, бірақ іс жүзінде оны жинақтап бір бағытқа жұмылдыру қиындықсыз өтпейді. Осы адамдардың бір бөлігінде ғана жаратылыстану пәндері бойынша бұрын жинақталған білімді жаңа игерілген біліммен салыстырып түзеу байқалады. Физиканы оқыту үдерісінде тәрбиелік элементтердің қолданылуы жәйлі ұғымы бар, келешек жас ұрпақты тәрбиелеудің қоғамдық маңыздылығына аса мән бермейді, әртүрлі тәрбиелік шараларды ұйымдастыруға қызыққанымен, меңгеруге ынтасы тұрақсыз, алған білімі, іскерлігі, дағдысы жеткіліксіздіктен тәрбиені ұйымдастыруда, ғылыми-зерттеу жұмыстарында оқытушы көмегіне сүйенеді, ұлттың болашағына – жастар тәрбиесіне жауапкершілігі шамалы.

Тәрбие жұмысына дайындығы жеткілікті деңгейдегі болашақ физика бакалавры педагогикалық мамандықтың қоғамдық мәнін терең сезінеді, олар кәсіптік іс-әрекетке, оның тиімді болуының алғышарттарына жоғары қызығушылық көрсетеді. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету бұл адамдар үшін қажеттілік саналады. Олар физикадан меңгерген білімдерін үнемі жетілдірумен айналысады, олардың білімі жаратылыстану пәндері шеңберінде жүйеленген; физиканы оқыту үдерісінде тәрбиелік элементтердің қолданылуын меңгерген, келешек жас ұрпақты тәрбиелеудің қоғамдық маңыздылығын жақсы түсінеді, әртүрлі тәрбиелік шараларды ұйымдастыруды терең меңгеруге ынталанады, алған білімін, іскерлігін, дағдысын тәрбие үдерісінде, ғылыми-зерттеу жұмыстарында еркін пайдаланады, еліміздің келешегін – жастарды тәрбиелеуге жауапкершілігі жүйесіз қалыптастасқан.

Тәрбие жұмысына дайындығы жоғары деңгейдегі болашақ физика бакалавры өзінің оқу-тәрбие үдерісін жоспарлауға, жүзеге асыруға, өзіндік тексеруге қажетті кәсіби бейімділіктердің көпшілігін игерген. Олар педагогикалық міндеттерді шешудің тәсілін бір жағдайдан екіншісіне оңай алмастыра алады; өздері игерген білімді күрделі қиын жағдайларда оңай әрі шешімді түрде жинақтауға қабілетті; жаңа және бұрынғы игерілген білімді өзара байланыстыра алады, дербестік танытуда, шеберлікпен әрекет етуде, іс-әрекетті шығармашылықпен орындауда қиналмайды. Физиканы оқыту үдерісінде тәрбиелік элементтердің қолданылуын жетік меңгерген, келешек жас ұрпақты тәрбиелеудің қоғамдық маңыздылығына сенімі мол, әртүрлі тәрбиелік шараларды ұйымдастыруға жоғары қызығушылықпен атсалысады, алған білімін, іскерлігін, дағдысын өздігінен дербес ізденіс арқылы толықтырады, ғылыми-зерттеу жұмыстарында шығармашылықты шебер пайдаланады, ұлттың болашағы – жастар тәрбиесіне жауапкершілігі аса жоғары.

Болашақ физика бакалаврының кәсіби дайындығының жеткіліксіз қалыптасуының себептері:

1) ЖОО-дағы оқу үдерісінде кәсіптік бағытталуға жеткілікті дәрежеде көңіл бөлінбейді. Оның мүмкіндіктері болашақ педагогтарға білім беру мен тәрбиелеуге, оларда кәсіптік дайындықты қалыптастыруға толық қолданылмайды.

2) Педагогикалық-психологиялық пәндер циклі болашақ педагогтарды кәсіптік дайындаудағы өзінің маңызды рөлін барынша орындамайды (оқытылатын пәндер мен арнайы курстардың жеткілікті бағыт ұстанбағандығы нәтижесінде де).

3) Жоғары оқу орнындағы оқу жоспарының негізгі бөлігін құрайтын арнайы пәндер білімгерлерді педагогикалық қызметке кәсіптік дайындауды қалыптастыру үшін әлсіз қолданылады. Мамандыққа сай пәндік курсты оқытқан кезде оның әдістемелік тұрғыдан түсіндірілуін және сұралуын бір жүйеге келтіру қажет.

4) Педагогикалық практиканың әрбір түрлері: қоғамдық, педагогикалық және басқалары – нақты оқытушылық сипатта бола бермейді және оны өткізу кезінде тәрбиелік мүмкіндіктер толығымен қамтылмайды. Ол үшін педагогикалық практика алдында білімгерлерге тапсырмалар кешенін жасақтап, бағдар беру ұсынылады.

Болашақ физика бакалаврының педагогикалық қызметке кәсіби дайындығының қалыптасуын сипаттайтын негізгі көрсеткіштерге оның мазмұны мен құрылымы жатады. Педагогикалық қызметке кәсіптік дайындық ретінде жеке тұлғаның, педагогтың сан-салалы жұмысын толық, әрі табысты орындауына бағытталған барлық іс-әрекеттерінің тұтас көрінісін жатқыза аламыз. Педагогикалық қызметке дайындық дегеніміз негізіне ұстаздық мамандыққа ұстанған оң мақсат-тілегі мен дәлел-себептері, игерген құндылықтары жататын күрделі құрылымдық үдеріс. Осы дайындыққа сонымен бірге мінез-құлықтың мамандыққа маңызды қасиеттері, педагогикалық қабілеттілік, ұстаздық кәсіпке қажетті білімнің, бейімділік пен дағдының жиынтығы және осыларды практикада қолданатын белгілі бір мөлшердегі құзыреттілік те кіреді. Педагогикалық жұмысқа дайындық кәсіптік қызметке деген бағыт ұстаушылықпен және еңбекке деген тұрақты мақсат тұтушылықпен ажырамас бірлікте біте жасасады. Осындай дайындықтың мән-мағынасы педагогикалық іс-әрекеттің мақсатына, міндетіне, себеп-дәлеліне сәйкес әрбір педагогикалық жағдайға сәйкесінше ең тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік бере алатындығында болып отыр.

Кәсіби даярлық мәселесі педагогтың барлық іс-әрекетінің реттелу және өздігінен реттелу үдерісі. Реттелудің физиологиялық және психикалық механизмдер негізінде, сөз-ойлау, көңіл-күй-ерік және себеп-дәлел деңгейге дейін жете өтетіндігі белгілі. еңбек ету жағдайында даярлық мидағы үлкен жарты шар қыртысының белсенді күйіне сәйкес іс-әрекетті реттегіштің қызметін атқара алады.

Осы айтылғандар педагогтың кәсіптік даярлығының функциялық тұрғысына да қатысты, бұл өз кезегінде оның іс-әрекеті жеке тұлғаның тұрақты қасиеттеріне, сеніміне, көзқарасына, мінез-құлқының сипатына және тағы басқаларына, сол сияқты жекелеген жағдайға байланысты психикалық күй мен үдерістерге (қанағаттану, ниеттену, шешім қабылдау және т.с.с.) сәйкес реттеп отырады.

Н.В.Кузьминаның пайымдауынша, педагогикалық қызметке дайындықты педагогтың ұйымдастырушылық, конструктивтік, коммуникативтік, гностикалық іс-әрекетіне, оған қолданбалы және педагогикалық техниканы қолдануынан жетістікке жеткізетін, табыс әкелетін құраушылар қырынан қарастыру керек.

Кәсіби дайындық – кең мағынадағы кәсіби дайындықтың, яғни кәсіптік бағдар беру, мамандықпен танысу, кәсіптік өздігінен анықталушылық және кәсіптік ұқсастыру үдерістерінің заңды нәтижесі екенін атап кеттік; ол кәсіптік білім алу мен кәсіптік өздігінен білім алудың, кәсіптік тәрбиелеу мен кәсіптік өзін-өзі тәрбиелеудің нәтижесі. Кәсіптік дайындық педагогикалық қызметке мақсат тұтумен (ниеттенумен) өз ара байланысты. Кәсіптік мақсат тұту педагогикалық қызметке кәсіптік дайындалудың құрамына кіреді.

Болашақ педагогтың кәсіптік дайындығының мазмұнын құраушы элементтер: оның жоғары рөлі мен әлеуметтік жауапкершілігін сезінуі, кәсіптік міндеттерді белсенді (өз бетімен дербес, шығармашылықпен) орындауға ұмтылуы, жеке тұлғаның сапалық қасиеттерін, білімін, бейімділігін, дағдысын (тәжірибесін) өзектілендіруді және жинақтап жұмылдыруды мақсат тұту (ниеттену).

Зерттеулер кәсіптік дайындықтың құрылымын біртұтас құбылыс ретінде қарастырып, оның бес негізгі кұраушыдан тұратындығын тағайындады:

- дәлел - себептік (педагогикалық қызметтің мамандыққа мәнді қажеттілігі, қызығушылығы, дәлел-себептері);

- бағдарлаушы - танымдық-бағалаушылық, яғни мамандық мазмұны мен кәсіптік рөлдер талаптары және кәсіптік-педагогикалық міндеттерді шешу тәсілдері жәйлі білім мен ұғымдар; кәсіптік дайындықты өзінің бағалауы;

- көңіл-күйлік - еріктік (педагогикалық қызметтің нәтижесі үшін жауапкершілік сезімі; өзін-өзі тексеру, педагогтың кәсіптік міндеттерін орындауға жетелейтін іс-қимылдарды басқаруға бейімділік);

- операциялық - әрекеттік (жеке тұлғаның мамандыққа мәнді қасиеттерін, кәсіптік білім, бейімділік және дағдыны жұмылдыра жинақтау және өзектілендіру, кәсіптік рөлдердің талап-тілектеріне және педагогикалық қызметтің шарттарына икемделу);

- тағайындаушы - мінез-құлықтық (педагогтың саналы жұмысқа ниеттенуі).

Аталған құраушылардың тұрақты ажырамас бірлігі мен жоғары деңгейі педагогикалық қызметке кәсіптік дайындықтың іштей қабыса жасақталып қалыптасуының белгісі бола алатындығың білдік [4].

Жүйелі жүргізілген зерттеулер мен педагогикалық-психологиялық әдебиеттерді талдау білімгерлердің педагогикалық қызметке кәсіптік дайындығы көрсеткіштерінің кешенін анықтауға мүмкіндік берді:

1) білімгерлердің өз білімі мен бейімділігіне сенімділігі;

2) алға қойылған кәсіптік міндетке жетуге белсенді ұмтылысы;

3) көңіл-күй қозуының ең қолайлы деңгейі;

4) теріс бағыттағы жағымсыз әсерлерге қарсы тұрақтылық танытуы;

5) қиын педагогикалық жағдайларда өз іс-әрекетін, сезімін, мінез-құлқын салқын қандылықпен басқаруға қабілеттілігі.

Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс кәсіптік дайындықты құраушы сапалық көрсеткіштер жиынтығын гипотетикалық таңдау дұрыс болғандығын дәлелдеп берді. Дегенмен, нәтижелерді статистикалық өңдеу басқа да дәрежелі қатардың барлығына көз жеткізді, олардың ішіндегі маңызды айнымалыларға жататындарды атап кетейік:

1) педагогикалық қызметке себепші - дәлелдер; 2) педагогикалық қызметке жалпы дайындық; 3) білімді жұмылдыра түйіндеп жинақтау; 4) педагогикалық қызметті мақсат тұту; 5) білімгерлердің өзін жетілдіруге қажетсінуі; 6) жеке тұлғаның сапалық қасиеттері;

7) педагогикалық қызметке қанағаттану; 8) бейімділікті жұмылдыра түйіндеп жинақтау. Педагогтың кәсіби даярлығы оның идеялық-саяси, педагогикалық-психологиялық, жалпы ғылымдық, адамгершілік - әдептік, әдістемелік және дене тәрбиесіне дайындықтарынан жинақталады.

Кәсіби дайындық жеке тұлғаның барлық төменгі құрылымдары мен кәсіби белсенділіктің әртүрлілігін біртұтас бірлікте көрсетеді. Сондықтан, кәсіптік дайындықты танып білуде және оның қалыптасу жолдарын анықтауда болашақ бакалаврдың өзін-өзі тәрбиелеу жолдарын, кәсіптік іс-әрекеттің факторларын, іс-әрекеттің шарттары мен құралдарын, кәсіптік іс-әрекеттің психофизиологиялық механизмін зерттеу өте маңызды рөл атқарады [5].

Кәсіптік іс-әрекет әртүрлі және көпжақты функциялардан құралады. Педагогтың қызметін профессиографиялық талдау жеке тұлғаға қойылатын ерекше талаптарды, қажетті білімнің, бейімділіктің, дағдының көлемін тағайындауға мүмкіндік береді.

Осы орайда педагогқа қатысты Орта ғасырлық шығыстың ұлы ойшылдарының пікірлерінің бүгінгі күнде өзекті мәселелермен тұспа-тұс келіп жатқандығын аңғару қиын емес. Әл-Фарабидің ойынша адамдардың мінез-құлқын тәрбиелеуші адамның өзі көпшілігі педагогқа қойылатын қазіргі талаптармен астарласып жатқан он екі табиғи тума қасиеттерге ие болуы керек: адам мүшелерінің күші өзі орындауы керек іс-әрекеттерді іске асыруға қабілетті, жоғары жетілген болуы керек; айтушының ойын жете түсіну және өзінің ойын мейлінше әбден қорыта айтып жеткізу; түсінген, көрген, естіген және қабылдағандардың барлығын, осылардың бірін де ұмытпай, есте жақсы сақтау; тереңнен шымыр ойлай білу; ойлаған ойын айқын түсіндіруде көркем астарлы сөз құрастыру; ешбір қиындыққа мойымай, оқу мен танымға құмарлану; тамақ пен ішімдікке, басқа да ләззат берушілерде ұстамдылық таныту; шындықты және ол үшін күресушілерді жаны сүю, өтірікті жек көру; ар - намысты қадірлей білу, тәкаппарлықтан алшақ болу; ақша және басқа да материалдық байлыққа құнықпау; барлық адамға бірдей әділ бола білу, қыңырлық танытпау; қажеттігі айқындалған іс-әрекетті жасауда қайсарлық, батылдық байқатып, шешімділік таныту.

Әл-Фараби педагогтың әдептілігіне қатысты қағиданы былайша тұжырымдайды: «Оқытушының мінез-құлық нормасында шектен тыс қаталдық немесе жұмсақтық орын алмауы керек, өйткені алғашқысы оқушыны тәлімгерге қарсы салады, ал екіншісі оны сыйламауға, оның пәні мен оқытуына төзбеушілікке әкеледі». Әл-Фарабидің бұл талабы А.С.Макаренконың әйгілі тәрбие өрнегіне өте жақын: талап етушілікпен жымдасқан сыйласымдылық. Әл-Фарабидің осы қағидасын дамытқан Ибн Синаның пайымдауынша, мұғалім батыл, адал және тілектес адам болуы керек, оның оқушыны тәрбиелеудің әдістері мен мораль ережелерін жақсы білгені жөн.

Ол әрбір оқушының жан дүниесін зерделеп, ақыл - ойына бойлауға тиісті [6].

Оқушы мен педагог арасындағы өз ара қарым-қатынастың сипаты жәйлі Шығыстың ұлы педагогтарының осы қағидасы қазіргі өз ара сыйласымдық пен сенімге, ізгілікке негізделген бірлесе іс-қимыл жасау қағидасына сәйкесіп жатыр.

Кеңес педагогикасы заманында бастау алған оқыта тәрбиелеу қағидасы оқушыларға жаңа қоғамды құруға белсенді атсалысуға қажетті оң сапалық қасиеттерді дарытуға барлық күш-жігерді салуды талап етеді. К.Д.Ушинскийдің пікірінше, тәрбиелік міндеттерді шешпейтін оқыту нәтижесіз, өзіне жүктелген сенімді ақтамайды. Оқушыларға оқыту үдерісінің жекелеген бөліктері емес, ажырамаған тұтастығы көп әсер етеді [7].

Тәрбие жұмысына дайындық педагог қызметіне кәсіби дайындалудың құрамына кіреді. Болашақ педагог дайындығының мазмұнын құраушы элементтер: оның жоғары рөлі мен әлеуметтік жауапкершілігін сезінуі, кәсіптік міндеттерді өз бетімен дербес, шығармашылықпен орындауға ұмтылуы, жеке тұлғаның сапалық қасиеттерін, білімін, бейімділігін, тәжірибесін өзектілендіруді және жинақтап іске асыруды мақсат тұту.

Педагогтың кәсіптік дайындығын қалыптастыру моделін тұрғызғанда ескеру қажет:

- кәсіби дайындықтың мазмұны мен құрылымын;

- оны қалыптастырудың мақсаттары мен міндеттерін;- дайындықты қалыптастырудың қағидаларын, түрлері мен әдістерін;

- дайындықты қалыптастыру үдерісін жоспарлауды;

- білімгерлердің кәсіби дайындығын қалыптастырудың нәтижесін (деңгейлерін, көрсеткіштерін, факторлары мен шарттарын) оқып-зерттеуді;

- білімгерлердің дайындығын қалыптастыруға тиісті оқытушылардың өздерінің құзыреттілігінің болуын.

Зерттеулер тәрбие жұмысына дайындықтың құрылымын біртұтас құбылыс ретінде қарастырып, оның үш негізгі құраушыдан (себеп-дәлелдік – мақсаткерлік, құрылымдық – мазмұндық, ұйымдастыру – іс-әрекеттік) тұратындығын тағайындады.

Болашақ физика бакалаврының оқушыны тәрбиелеуге дайындығын қалыптастырудың моделі жоғарыдағы үш құраушылардан құралды (кесте 1) және соған сай өлшемдер мен көрсеткіштер арқылы сипатталды. Бұл А.Б.Абибулаева [8] мен С.С.Маусымбаевтың [9] болашақ педагогтардың тәрбие жұмысына кәсіби дайындау модельдеріне сүйеніп жасалынды.

Аталған құраушылардың тұрақты ажырамас бірлігі мен жоғары деңгейі педагогикалық қызметке кәсіптік дайындықтың іштей қабыса жасақталып қалыптасуының белгісі бола алады.

Бірақ, педагогикалық қызмет саласында табысқа жету үшін бұрыннан қалыптасқан, үйреншікті қасиеттерді, білім мен тәжірибені тасымалдап көшіре салу аздық етеді. Сондықтан, педагогтың кәсіптік дайындығының ең маңызды көрсеткіші ретінде жоғары оқу орнында қалыптасқан және практикалық икемделу кезінде шыңдалған кәсіптік дербестікті есептеу керек.

Кесте 1 – Болашақ физика бакалаврының оқушыларды тәрбиелеуге дайындығын қалыптастырушы модельдің құраушылары.ҚұраушыларӨлшемдерКөрсеткіштерСебеп-дәлелдік - мақсаткерлікЖалпыадамзаттық тәлім-тәрбиелік құндылықтарға дұрыс қарым-қатынас пен физика ғылымына қызығушылықтан туындайтын ұстаздық шеберлікті игеруге деген жоғары ынтызарлық- адами асыл қасиеттер мен сапалы кәсіби дайындықтың болуы, өзін тексеріп, үнемі жетілдіруі;- тәрбиелік іс-әрекетті басқаруға бейімділік танытуы, нәтижесіне жауапкершілік сезімі;- физиканы оқыту үдерісінде тәрбиелік элементтерді қолдануға қажеттілікті түсінуі;- физика мен педагогиканың тапсырмаларына қызығушылық танытып, ынталы орындауы;- ұстаздық кәсіпке тұрақты себеп-дәлелдің қалыптасуы;- физика ғылымы мен тәрбие құндылықтарын жандандырып, оны ұдайы терең меңгеруге сұранысы

Құрылымдық-мазмұндықФизика мен педагогика құндылықтарын ғылыми негіздеген білім мен құзыреттіліктің болуы және оны тәлім-тәрбиелік үдерісте пайдалану ерекшеліктері- физикалық білім мазмұнының тәрбиелік әлеуетін түсіне білуі; - физика мен педагогикадан жүйелі білімі, оқу бейімділігі мен дағдысы, құзыреттілігі;- ұстаздық кәсіптің мазмұны, құрылымы, талаптары мен міндеттері жәйлі білімі; - физиканы оқыту үдерісінде қолданылатын тәрбиенің негізгі түрлерінің мәні, мазмұны, құрылымы туралы білімі;- физиканы оқыту үдерісінде тәрбиелік элементтерді қолдану туралы терең біліміҰйымдастыру- іс- әрекеттік

Әлемдік тәлім-тәрбиелік құндылықтарды бағалауы және тиімді пайдалануы, физикадан меңгерген білімін оқу-тәрбие үдерісінде қолдану іскерлігі, физиканы оқыта тәрбиелеу әдістемесін білуі

- ұстаздық кәсіпке дайындығының деңгейін өзінің дұрыс бағалай білуі;

- күрделі педагогикалық жағдайда өзінің көңіл-күйін реттеуге қабілеттілігі;

- тәрбие түрлерінен физиканы оқыту үдерісінде қолданылатындарын сараптау іскерлігі;

- физиканы оқыта тәрбиелеу әдістемесін білуі;

- кәсіби міндеттердің шартына көндігіп, бейімделуі;

- физика мен тәрбие бағдарламаларына талдау жасай білуі;

- физиканы оқыту үдерісінде қолданылатын тәрбиелік элементті ақпаратты жинау, өңдеу және мазмұн құрау әдістемесі;

- оқушыларды тәрбиелеудегі болжам жасау мен нәтижені талдау іскерлігі.

Кәсіптік дайындықты қалыптастыруға және өзін-өзі тәрбиелеушілікке, педагогтың сапалық қасиеттері жаттығатын іс-әрекеттің түрлеріне адамның өзін арнауын, сонымен бірге болашақ кәсіптік іс-әрекетке жат қызығушылықтарға, талап-тілектерге, қажеттіліктерге ішкі қарсы тұрушылықты жатқызуға болады. Өзінің жауапкершілігін сезінудің негізінде білімгер өзінің кәсіптік дайындығын оңай қалыптастыра алады.

Өзін-өзі тәрбиелеу – өзімен табысты жұмыс істеуге қажетті әлеуметтік мәнді мақсат, себеп - дәлел, ынта - құлшыныс, сапалық қасиеттер қалыптасатын, сәйкес ыңғайлы жағдай туғызылатын, дұрыс ұйымдастырылған тәрбиенің нәтижесі, әрі шарты екені белгілі. Өзін - өзі тәрбиелеу ішкі және сыртқы көптеген факторлардың әсерімен тиянақталған күрделі үдеріс. Бұл факторлардың барлығы болашақ педагогты жеке тұлға ретінде сипаттайды. Негізгі сыртқы факторларға жататындар: әлеуметтік орта, тәрбие және кәсіптік қызметке қойылатын талаптар шоғыры.

Болашақ педагогтарды тәрбиелеу мен оның өзін - өзі тәрбиелеуі тығыз бірлікте және өзара байланыста жүзеге асады. Олардың ара жігін айқындау аса қиын. Тәрбие өзін-өзі тәрбиелеудің бастамасы немесе даму шарты ретінде қарастырылады. Өзін-өзі талдаусыз, өзінің жеке басының күш салуы мен әрекет етуінсіз тәрбие үдерісі біржақты болып қалыптасады.

Қоғамдық институттар ұжымы арқылы тәрбиелеу болашақ педагогтардың өзін-өзі тәрбиелеу үдерісіне әсер етеді де, төмендегілерді ретімен біртіндеп қалыптастырады: 1) мамандықты түсіне білу және оның талаптарына сай келуге тырысу; 2) педагогтың өзін жетілдіру жұмысына қажетсінуі; 3) өзіне тапсырылған жұмысқа саналы жауапкершілік таныту және оны үнемі жетілуге бағытталған шеберлікпен жоғары тиімділікте орындау.

Болашақ бакалаврлардың дайындығын зерделеу үнемі және жүйелі жүргізіледі. Бұл үшін әңгімелесуді қолданады, биографиялық мәліметтердің, практиканың, оқу және қоғамдық іс-әрекеттердің, ұжымдағы өзара қарым-қатынастардың және басқалардың нәтижелерін талдайды. Осы және басқа да тәсілдерді қолдану білімгерлердің жеке басының дамуы және кәсіптік дайындықтың даму деңгейі мен қалыптасу үдерісінің сапасын диагностикалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштерді тағайындау жәйлі жалпы ұсынысқа негізделеді.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ1.

Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы–2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы. – Астана, 2014. – Б.12.2. Томилова Г.А. Содержание и методика формирования профессиональной педагогической направленности у студентов университета.–Томск,1978. –128 с.3. Абдуллина О.А. Общепедагогическая подготовка учителей. – М.,1990. – С.28.4. Сластенин В.А. Формирование личности учителя советской школы в процессе профессиональной подготовки. – М., 1976. – С.28.5. Абдықалықов Қ. Студенттердің тәрбие жұмысына кәсіптік даярлығын қалыптастыру: Оқу құралы. – Қарағанды, 2002. – 236 б.6. Кубеев А. Педагогическое наследие Аль-Фараби. – Алматы, 1989. – С.154.7. Ушинский К.Д. Сочинения.т.2, изд. АПН СССР, 1978. – 235 с.8. Абибулаева А.Б. Теоретико-методологические основы профессиональной подготовки будущих учителей к воспитательной работе: Автореф.дисс.докт.пед.наук. – Алматы, 2004. – С.38. 9. Маусымбаев С.С. Жоғары оқу орнында болашақ жаратылыстану пәндері мұғалімін кәсіби даярлау теориясы мен практикасы: Автореф.дисс.докт.пед.наук.– Алматы, 2005.– Б.32.


ИНФОРМАЦИОННОЕ ПИСЬМО
о проведении МНПК «Результаты школьного образования: от ЗУН к функциональной грамотности», посвященной 70-летию д.п.н., профессора М.Ж.Жадриной

Конференция состоится 23 июня 2021 года в онлайн формате.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет