Болашақ мұғалімдерді заманауи білім беру технологияларын зерттеу негізінде кәсіби даярлау» тақырыбы бойынша талдау


Конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізуі



бет4/4
Дата13.05.2020
өлшемі47,58 Kb.
#67773
түріҚұрамы
1   2   3   4
Байланысты:
Анализ кафедра инф по науке

Конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізуі

2012-2013 оқу жылының 20-қараша айында «Мультимедиалық технологиялардың дидактикалық мүмкіндіктері» тақырыбындағы ақпараттық технологияларды меңгеруді жетілдіру мақсатында қазіргі таңдағы ақпараттық технологияларды оқытудың әдістері мен қолданылатын мультимедиалық құралдарының мүмкіндіктері семинары өткізілді.

2013 жылдың 15-наурыз айында информатика кафедрасының аға оқытушылары Байзакова С.С., Шонгалова К.С., Абдибекова Л.М. жетекшілігімен 1-3 курс студенттеріне «Студенттердің ақпараттық технологиялармен сауаттандыруларын қалыптастыру» тақырыбында ғылыми әдістемелік семинар өтті.

2013 жылдың 12-сәуір күні информатика кафедрасының меңгерушісі, аға оқытушы Алматова А.М. жетекшілігімен кафедра оқытушылары мен студенттер арасында «Заманауи ақпараттық технологиялар мүмкіндіктерін қолданудың ерекшеліктері» тақырыбында конференция өтті.

Информатика кафедрасында «Паскаль» үйірмесі жұмыс істейді. Оның мақсаты бағдарламалау тілдері бойынша студенттердің білімдерін жетілдіру, қызығушылықтарын арттыру. Үйірме жетекшілері оқытушы Абдибекова Л.М. және аға оқытушы Валиуллов М.Р. Үйірме жұмысында пәндер бойынша маңызды сұрақтар талқыланып, мәселелердің шешу жолдары қарастырылады. Үйірме мүшелері көтерілген мәселелер бойынша ғылыми баяндамалар жасайды, рефераттар жазады, конференцияларға мақала дайындайды. Үйірмелердің жұмыс жоспары жасалынып, соған сәйкес мәжілістері өткізіліп тұрады.



2013-2014 оқу жылының қараша айында кафедраның аға оқытушылары Ж.Е.Ахатова, К.С.Шонгалова, Г.С.Алиева «Ақпараттық технология мүмкіндіктерін қолдана отырып, MS Excel-де математикалық есептерді шығару жолдары» атты ғылыми-әдістемелік семинар, аға оқытушылар А.М.Алматова, А.Б.Утельбаева, А.Б.Конусова «Инновациялық технологиялардың әдіс-тәсілдерінің ерекшеліктері» тақырыбындағы ақпараттық технологияларды меңгеруді жетілдіру мақсатында қазіргі таңдағы ақпараттық технологияларды оқытудың әдістері мен қолданылатын мультимедиалық құралдарының мүмкіндіктері атты ғылыми-әдістемелік конференция, аға оқытушылар Долин Қ.Ж., Абдибекова Л.М., Уайсова М.С. ұйымдастыруымен мектеп мұғалімдеріне «Мектеп курсындағы бағдарламалау негіздерін жаңа ақпараттық технологиялар арқылы оқыту» тақырыбында дөңгелек үстөл өткізді.

2014-2015 оқу жылын 1 семестрінде 1 дөңгелек стол, 1 конференция жоспарланған. 2014 жылдың қарашасында «Мектептегі информатика пәнінің оқытылу жағдайы (программалар, кабинет, оқу құралдары, т.б.)» тақырыбындағы ақпараттық технологияларды меңгеруді жетілдіру мақсатында қазіргі таңдағы ақпараттық технологияларды оқытудың әдістері мен қолданылатын мектеп мұғалімдерімен дөңгелек үстел өткізілді.

Аға оқытушылар А.Б.Утельбаева, К.С.Шонгалова, оқытушы А.Сундетбаева «Заманауи ақпараттық технологияларды оқу үрдісінде қолдану ерекшеліктері» тақырыбындағы ақпараттық технологияларды меңгеруді жетілдіру мақсатында қазіргі таңдағы ақпараттық технологияларды оқытудың әдістері мен қолданылатын мультимедиалық құралдарының мүмкіндіктері атты ғылыми-әдістемелік конференция өткізді.





Оқытушының аты - жөні

Тақырыбы

1

А.Б.Утельбаева

К.С.Шонгалова

А.Сундетбаева


«Заманауи ақпараттық технологияларды оқу үрдісінде қолдану ерекшеліктері»

2

Алматова А.М.

Утельбаева А.Б.



Алиева Г.С.

«Мектептегі информатика пәнінің оқытылу жағдайы (программалар, кабинет, оқу құралдары, т.б.)»


Кафедра меңгерушісі: Алматова А.М

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет