Болашақта өркениеті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет



Дата11.03.2022
өлшемі25,17 Kb.
#135015
түріБағдарламасы
Байланысты:
ариптер алеми


Түсінік хат

Болашақта өркениеті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. 
Сондықтан оқушының шығармашылық қабілеті мен сөйлеу тілін, ой ұшқырлығын дамытуға мүмкіндік беру керек. 
«Әріптер әлемі » бағдарламасының мақсаты: әріп бейнені ауызша оқып көруге, көркем жазуға, өз беттімен жұмыс жасауға, кеңістікте заттарды орналастыруға, бастырып сызуға, сурет бойынша мәтін құрастыруға қалыптастыру. 
«Әріптер әлемі» бағдарламасы бастауыш мектептің мектепалды даярлық тобына мектеп компонентіне арналып жасалынды. Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасы Мемлекеттік білім стандарты мен оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып құрастырылды. 
Бағдарлама 32 сағатқа арналған. 
Бағдарлама 4 бөлімнен тұрады. Олар: «Тіл мен сөйлеу», «Сөз. Сөйлем», «Дыбыс. Буын», «Мәтін».
Бұл бағдарламаның базалық бөлімнен өзгешелігі: Мектеп бағдарламасына енбеген тақырыптар қамтылған. Сюжетті суреттер арқылы тұлғаның тілін дамытады, ауызекі байланыстырып сөйлеу дағдысын, сөз, сөйлем, буын, дыбыс туралы ұғымдарды нақты мысалдар арқылы практикалық жолмен түсіндіру көзделеді. 
Әр тарауда берілген тақырыптар арқылы оқушылар дұрыс сөйлей білуге, жоғалған әріптің орын табуға, сауатты жазуға, адасқан сөздерді тауып, буынды ажыратуға, сурет бойынша мәтін құрастыруға, сұраққа жауап беруге, жұмбақты тез шешуге талпынады. Барлық тарау бойынша оқушылардың білімін есепке алу үшін тест жұмысы алынады.
Сонымен қатар «Әріптер әлемі» бағдарламасының жұмыс дәптері бар. Жұмыс дәптерінде болашақ өмірде кез- келген тығырықтан шығу мен проблемаларды шешудегі өмірлік құзыреттіліктерін қалыптастыруға арналған тапсырмалар мен қамтылған .
Демек қазіргі қоғамның талабына сай жан – жақты жеке тұлғаны тәрбиелеуде мектептің орны ерекше.


Пәннің оқыту мақсаты мен міндеттері

Мақсаты:

Болашақ ұрпаққа терең білім мен өнегелі тәрбие бере отырып, адамгершілік пен ізгілікке, ұлтжандылық пен отансүйгіштікке, әдептілікке, білімін шыңдауға, сана-сезімін оятуға, тіл байлығын молайтуға, ой-өрісін кеңейтуге тәрбиелеу.


Міндеттері: 

- сюжетті сурет бойынша еркін әңгіме құрастыруды үйрету;

- сурет арқылы оқушы өз ойын жүйелі жеткізе алуын қалыптастыру;

- сауатты жазуға, адасқан сөздерді табуға, буындарды ажыратуға дағдыландыру;

- сұраққа жауап беруге, жұмбақты тез шешуге талпыну;

- баланың ойлау, қиялдау, елестету, есте сақтау қабілеттерін дамыту, 
шығармашылық дағдысын қалыптастыру;

- шығарманың көркемдік мазмұнын сезіну және көркемдік 
мазмұнын қабылдай білуге үйрету; 

- әңгіме, ертегілерді өз бетімен құрастыра білуге дағдыландыру; 

- зерделеуге қиялын ұштастырып, білімін шыңдай түсуге бағыт беру; 

- ана тілін жетік білуге құштарлық және оны сүйіп -құрметтеу;

Пәнді меңгерту деңгейінің талаптары
- оқушыларды сөз өнеріне баулу;

- сөйлеу мәдениетінің талаптарын меңгерту;

- оқушыларды еркін сөйлеуге, сөздік қорын молайтуға жаттықтыру;

- жұмбақ, мақал-мәтел, жаңылтпаштар жаттауға дағдыландыру;

- Әріптер әлемі дәптеріндегі тақырыптық жүйе мен берілген тапсырмаларды орындай білу;

- тілдегі дыбыстарды анық, таза, дұрыс айтып, бір-бірінен ажырата білу;

- әңгіме, ертегілерді өз бетінше құрастыруы тиіс;

- жеке тұлғаның дүниетанымдық көзқарасын кеңейту және сөз байлығын молайту;

- сурет бойынша әңгіме құрастыруға дағдыландыру;

Оқу тақырыптық жоспар
1-сынып. Барлығы: 33 сағат. Аптасына: 1-сағат.

р/с Сабақтың тақырыбы сағат
саны мерзімі
I-тарау Тіл және сөйлеу 10
1 Оқу құралдары 1
2 Сөйлем. Әңгіме. 1
3 Аа,Әә әрпі. Алма. Әліппе 1
4 Оо,Өө әрпі. Орақ. Өрік. 1
5 Рр әрпі. Бал ара 1
6 Лл әрпі. Лақ. 1
7 Шш,Щщ әрпі. Шие. Щетка 1
8 Сс әрпі. Бес саусақ. 1
9 Уу әрпі. Уық. 1
10 Ыы,Іі әрпі. Ыдыс. Ілгіш. 1
II-тарау Сөз. Сөйлем. 6
1 Дд әрпі. Делфин 1
2 Тт,Пп әрпі. Тауық. Піл. 1
3 Мм,Нн,ң әрпі. «Мақта қыз бен мысық» Нан 1
4 Гг,Ғғ әрпі. Ғарышкер. Гүл өсірем үйде. 1
5 Жж , Зз әрпі. Жау, жау жаңбыр. Сызғыш. 1
6 Кк, Ққ әрпі. Көгершін. Қамшы. 1
III-тарау Дыбыс. Буын 10
1 Ее,Ээ әрпі. Ешкі. Электр. 1
2 Бб,Вв әрпі.Балық . Автобуста. 1
3 Ии,й әрпі. Инелік. Қысқа й. 1
4 Ұұ,Үү әрпі. Ұшақ.Үйрек. 1
5 Һ,Хх әрпі. Айдаһар. 1
6 Яя,Юю әрпі. Ақ қоян. Ақ аю. 1
7 Фф,Цц әрпі. Телефон. Цирк. 1
8 Чч әрпі. Почташы. 1
9 Мен қалай оқуға бардым. (А.Байтұрсынұлы) 1
10 Әліппе деген алтын жол. (Ө.Тұрманжанов) 1
IV-тарау Мәтін 7
1 Жұмбақтар 1
2 Мақал - мәтелдер 1
3 Жаңылтпаш 1
4 Аңдар мен үй жануарлары 1
5 Көкөністер мен жемістер 1
6 Мақта қыз бен мысық (ертегі) 1
7 Қорытынды.Тест 1


Оқу курсының тақырыптық мазмұны:
Суретті әліппе
(Барлығы 33сағат. Аптасына 1 сағат).

І-тарау. Тіл және сөйлеу (10 сағат)
Тіл қарым-қатынас жасау құралы екендігін, сөйлеудің не үшін қажеттігін ұғындыруға мүмкіндік туғызу. Сюжетті суреттер бойынша сұрақ-жауап әдісімен балалардың бір-бірімен сөйлесуі, сөздерді буынға бөліп сызбасын салуы, әріптердің жазбаша түрін көшіріп жазу жұмыстары қарастырылады.


ІІ-тарау. Сөз. Сөйлем (6 сағат)
Сөз- белгілі бір мағынада айтылады. Дыбыстардан құралып, буынға бөлінуі қарастырылады. Сөйлем белгілі бір ойды бейнелейді. Сөздердің саны әр түрлі екені айтылады. Берілген суреттер бойынша сөйлем құрау, әр топтағы сөздерді орнына қойып сөйлем құрастыру, көп нүктенің орнына тиісті сөздер қою, жоғалған әріпті табу жұмыстары қамтылады.


ІІІ-тарау. Дыбыс. Буын (10 сағат)
Дыбыс- сөздің кішкене бөлігі . Буын – сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болатындығы үйретіледі. Берілген дыбыстардан әр түрлі сөздер құрау, суреттегі заттардың атын буынға бөлу, дауысты және дауыссыз дыбыстарды жазу, мақалдардың жалғасын табу, адасқан буындарды табу осы тарауда жүзеге асырылады.


ІV-тарау . Мәтін (7 сағат)
Мәтіннің жасалу жолын, құрылымын, байланысуын, сөйлемнен тіл бірліктеріннен айырмашылығын меңгерту. Мәтіндерді көшіріп жазу, жұмбақтардың шешімін табу, мақал-мәтелдердің ұйқасын табу, сурет бойынша мәтін құрастыру және өз ойын еркін жеткізе білуге талпынады.


Білімді меңгеру деңгейін бақылау және бағалау

Бастауыш мектептің 1 – ші сыныптарында білім алушылардың оқу жетістіктердің нәтежиелерінің сандық формасы ретінде баға болмайтын бағасыз оқыту жүзеге асырылады. Бағасыз оқыту барысында бақылау және бағалау білім алушының пәндер бойынша білім, білік және дағдыларды меңгеру деңгейі мен оның даму деңгейімен анықталатын оқу үрдісінің сапалық нәтижесін бейнелейтін мазмұндық – бағалық негізде құрылады.

«Суретті әліппе» таңдау пәні бойынша журналға баға қойылмағанымен тақырыпқа сай құрастырылған жұмыс дәптерінде берілген тапсырмаларды орындағанына байланысты әр түрлі геометриялық фигуралар бойынша бағаланады.


- өте жақсы 

-жақсы 

-қанағаттанарлық

Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер:


1. «Суретті әліппе» Атамұра
Авторы: Қ. Мырзалиев
2. «Менің алғашқы әліппем» Алматы 2001 жыл
Авторы: Қадыр Мырза Әли
3. «Ізгілік әліппесі» Алматы мектеп 1998 жыл 
Авторы: С. Ғаббас
4. «Тіл дамыту» Алматы кітап ААҚ 2004 жыл.
Авторы: (Ә.С.Әмірова,Қ.А.Анартаева)
5. «Әліппе серігі» Алматы кітап 2008 жыл
Авторы: Ұ. Ботабаева, М. Қ. Сұлтанғазина
6. «Көркем әдебиет» 
Авторы: (Д.З.Жүсіпова, С.Ж.Андабекова)
7. «Суретті қазақ тілі» Аруна баспасы 2006 жыл
Авторы: Б. Салықова, А. Рауандина
8. «Жан-жануарлар қалай дыбысталады» 
Авторы: С. Кенжеахметұлы
9.Өлеңдер жинағы «Керек кітап» Шикула Шымкент 2005жыл
Авторы: Ө. Ақыпбекұлы

Қосымша әдебиеттер:

1. «Суретті дәптер» оқулық (Ф.Н Жұмабекова,
Л.Т.Сейілова) Алматы кітап ААҚ 2004.
2. «Әліпби» «Ойыншықтар әліппесі» Аруна 2007 жыл
Авторы: Е. Өтетілеуұлы, Ж. Қалжанова, А. Байғабылова
3.«Әріптер әлемі» Аруна
Авторы: А. Байғабылова
4. «Сиқырлы әріптер мен сөздер әлемінде» Шикула Шымкент 2005 жыл 
5. «Суретті жазу» Аруна баспасы
Құрастырушы: Г. Үсембаева
6. «Қазақ ертегілері» Шукила және К 1998 жыл
Құрастырушы: М. Мадихожаев
7. «Мен оқимын, ойлаймын, ойнаймын» Арман-ПВ баспасы 2003 жыл
Авторы: Р. Б. Нұртазина, А. Д. Сейсенова
8. 777- жұмбақ
Авторы Ә. Ысқақов
9.Мақал-мәтелдер жинағы
10. «Жұмбақтар»
Авторы: (М.Әбуова,Р.Сатаева)
11. «Балдырған» журналы 2008 жыл.
12. «Бала би» журналы 2007 жыл. 
13.”Қуырмаш” журналы 2011 жыл.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет