Мақсаты: ауруды шақырған қоздырғышты анықтау .
Қажетті заттар : мақталы-дәкелі бекігішпен тығыз бекітілетін зарарсыздандырылған пробирка , пробиркада жіңішке сым болады , ол пробирканың тығынынан өткізіледі , сымның ұшына домалақтанған мақта оралған Крафт пакетте зарарсызданған шпатель , штатив пробиркаларды тасымалдайтын бикс , стеклограф .
Процедураға дайындау .
1.Науқасқа тексеру мақсатын және тексеру барысын түсіндіріп келісімін алу .
2.Қолды өңдеп , маска және қолғаптарды кию .
3.Науқастың бетін жарық жаққа отырғызу , ал медбике науқасқа бетпе-бет отыру қажет .
4.Пробиркаларға стеклогафпен номерлеу , жолдамасы номермен болу керек : жұтқыншақ пробирканы штативке орнату
5. Сол қолға шпательді және белгіленген пробирканы алу .
Процедураны орындау
1.Медбике аузын ашуды сұранып , аузына шпательді кіргізіп тілін басады .
2.Оң қолмен пробиркадағы зарарсызданған тампоны бар сымды шығарып ,ауыз қуысынан жағынды алу оң бадамшаны , оң таңдайдан , тілшеден , сол таңдайдан , сол бадамшадан және жұтқыншақтың артқы қабарғасынан алады.
3.Ауыз қуысынан шпательді алу, дезинфекциялық ерітінділермен зарарсыздандыру.
4.Ауыз қуысының кілегей қабатына тигізбей тампонды алу .
5.Тампонды пробиркаға салып бетін тығыз бекіту .
Процедураны аяқтау.
1.Пробирканы штативке орнатып бикске енгізу ,биксті жауып қою қажет .
2.Маска және перчатканы шешіп дезинфекциялық ерітіндімен тазалау.
3.Қолды жуып шаю , кептіру .
4.Жолдаманы ,пробиркаларды бактериологиялық лабараторияға жіберу .
5.Пробиркаларды арнайы мұздатқышта 2-3 сағаттан артық сақтауға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |