Болат Ғасыр Топ: II емдеу ісі



бет53/65
Дата07.02.2022
өлшемі103,66 Kb.
#92149
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   65
Байланысты:
Күнделік

06.06.2020

Мен бүгін порталға кіріп қашықтықтан оқу барысында кәсіптік тәжірибиемді жалғастырдым .Бүгін біз егу бөлмесіндегі жұмыс тақырыбын жалғастырдық.
АИТВ-ға қан алу,сақтау,тасымалдау ережелеріне тоқталдық. ВИЧ инфекциясына диагноз қою,эпидемиологиялық қадағалау, берілген емге мониторинг жүргізу және бағалау СПИД-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтардың басты міндеті. Бұл міндетті орындау Қазақстан Республикасында СПИД қызметінің өзекті мәселесі
болып саналатын зертханалық зерттеу жұмысының сапасына
тікелей байланысты.
Зертханалық зерттеу жұмысы 3сатыдантұрады. 1.Преаналитикалық
2.Аналитикалық
3.Постаналитикалық
Преаналитикалық саты «зертханалық кезеңге дейінгі» және «зертханалық кезең» деп бөлінеді. Зертханалық кезеңге дейінгі саты-дайындық сатысы және негізгі сатыдан тұрады. 
Преаналитикалық этап, Преаналитикалық зертханалық кезеңге дейінгі этап, Зертханалық этаптың дайындық сатысы
Лабораториялық этапқа дейінгі негізгі саты сияқты этаптардан тұрады.










08.06.2020

Мен бүгін порталға кіріп қашықтықтан оқу барысында кәсіптік тәжірибиемді жалғастырдым .Бүгін біз егуден кейінгі болатын асқынулар тақырыбын өттік.Тері
астына,бұлшықетке егу жасағаннан кейін болатын асқынулар және инфильтрат,гематома,анафилактикалық шок туралы толығымен білдік.
Тері астына және бұлшықетке егу жасағаннан кейін болатын асқыну: Инфильтрат пайда болу себептері:
а.инъекция үшін өткір емес инені қолдану;
б. бұлшықет ішілік инъекция үшін тері асты немесе тері ішіне инъекцияларын орындауға арналған қысқа инемен егу жасау нәтижесінде
Инфильтрат
Т ері астына және бұлшықетке жасалған инъекциялардан кейін жиі кездесетін асқынулар.
Инфильтрат пайда болуының негізгі себептері:
а) инъекция үшін өткір емес инені қолдану;
б) Бұлшықет ішілік инъекция үшін тері асты немесе тері ішіне инъекцияларын орындауға арналған қысқа инемен егу жасау нәтижесінде
в) Инъекция орнын дұрыс анықтамау және егулерді әрдайым бір жерге орындау, сонымен қатар асептика ережелерін сақтамау инфильтрат пайда болуын тудырады.
Асқыну емі: Инфильтрат болған жерге қыздыру компресі, жылытқыш қою
Абсцесс
Жұмсақ ұлпалардың іріңді қабынуы, қуыс пайда болып,оның ішінде іріңнің жиналуы. Абсцесс пайда болуының негізгі себептері инфильтрат туғызушы себептерге ұқсас. Бірақ бұл кезде асептика ережелерін бұзу себебінен жұмсақ ұлпалардың инфекциялануы.
Майлы эмболия
Тері ішіне және бұлшықетке егу жасаған кезде иненің кездейсоқ тамырға түсуі нәтижесінде немесе майлы ерітінділерді қателікпен көктамырға енгізгендн пайда болатын асқыну.
Тромбофлебит
Көктамырдға егулерді бір жерге қайталап жасау немесе өткір емес инелерді қолдану салдарынан онда тромбтың пайда болуы. Тромбофлебит белгілері тамырдың жүрісімен ауырсыну,тері қанкернеуі (гиперимия), инфильтраттың вена бойымен пайда болуы
Гематома
Венопункцияны дұрыс орындамау салдарынан тері асты қызаруы мен қан ұйылуы байқалады,бұл көктамырдың екі жақ қабырғасы зақымданып қаннық тері астына тіндеріне кетуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет