Инъекция жасайтын жерді анықтаңыз (бөксенін жоғарғы-сыртқы бөлігі).
Инъекция жасайтын жерді саусақпен басып тексеріңіз түйін және тығыздалу болмау керек.
Антисептикті қолданып қолыңызды тазартыңыз.
Қолғапты киіңіз.
Шприцті құрастырыңыз(стандартты қара).
Тағайындалған дәрілік ерітіндіні шприцке сорып алыңыз: шприцті бір рет қолданылатын ораудын ішіне салыңыз. (стандартты қара).
Спирттелген екі мақта шариктерімен инъекция жасайтын жерді тізбектілікпен тазартыңыз: ең үлкен аймақты, сосын тұп-тура инъекция жасайтын жерді. Спирттелген үшінші мақта шаригін сол қолдың IV және V саусақ арасына салыңыз.