Мен бүгін порталға кіріп қашықтықтан оқу барысында кәсіптік тәжірибиемді жалғастырдым .Бүгін біз егу бөлмесіндегі жұмыс тақырыбын жалғастырдық.Соның ішіндегі көк тамырға дәрі дәрмектерді тамшылатып жіберу ерекшеліктері, системаны құрастыру техникасынмен толығымен таныстық.Ең алдымен көк тамырлық иньекция мен көк тамырға тамшылатып құю тәсіліне тоқталсақ Көк тамырлық инъекциялар көбінесе венепункция (инені көк тамырға тері арқылы енгізу), кейде венесекция (көк тамырды кесу) арқылы жүргізіледі. Көк тамырлық инъекциялар тері астылык және бұлшық еттік инъекцияларға қарағанда өте жауапты шара. Оны әдетте дәрігер немесе арнайы оқытылған мейірбике орындайды, өйткені көк тамырға енгізгеннен кейін дәрілердің қандағы мөлшері, дәрілерді енгізудің басқа түрлеріне қарағанда, анағұрлым тез өседі. Көк тамырлық инъекция жүргізгендегі кателіктердің салдары науқас үшін өте қатерлі болуы мүмкін.
Көк тамырлық инъекциялар көбінесе шынтақ бүгісі көк тамырына, білек пен саусақтың беткей көк тамырларына, кейде аяқ көк тамырларына жасалынады. Содан кейін Көк тамырға иньекцияны орындау,
сұйықтықты көк тамырға тамшылатып құю үшін бір рет қолданылатын жүйені құрастыру,сұйықтықтарды көк тамырға тамшылатып енгізуді орындау алгоритімдерін өттік.