Мақсат: ауыруды шақырған қоздырғышты анықтау .
Қажетті заттар: мақталы дәкелі бекігішпен тығыз бекітілетін зарарсызданған пробирка , пробиркада жіңішке сым болады ,ол пробирканың тығынынан өткізіледі , сымның ұшына домалақталған мақта оралған Крафт – пакетте зарарсызданған щпатель. Штатив, пробиркаларды тасымалдайтын бикс. Стеклограф
Процедураға дайындау
1.Науқасқа тексеру мақсатын және тексеру барысын түсіндіріп келісімін алу .
2.Мұрын қуысын тексеріп , таза екеніне көз жеткізу .3.Қолды өңдеу , маска және қолғапты кию .4.Пробиркаларға стеклографпен номерлеу , жолдамасы номермен сәйкес болуы қажет :мұрын-2пробирканы штативке орнату .
5. Наукастың бетін жарық жаққа отырғызу , ал медбике науқасқа бетпе –бет отыру қажет .
Процедураны орындау
- Сол қолдың 3, 4, 5, саусақтарымен Мұрын -2 белгіленген жабық тұрған пробирканы алады , ал оң қолмен пробиркадан тампонды алады .
-Сол қолдың үлкен саусағымен мұрын ұшын жоғары көтеру , ал оң қолмен тампонды мұрынның оң қуысына сосын сол қуысына 1,5-2 см тереңділікке енгізіп жабынды алу .
-Тампонды мұрын қуысынан алу .
-Тампонды пробиркаға салып бетін тығыз бекіту .
-Пробирканы штативке орнату , бикске салу және жақсылап жабу .
Процедураны аяқтау
-Перчатканы масканы шешіп , дезинфекциялық ерітінділермен зарарсыздау .
-Қолды жуу және кептіру . Бактериологиялық лабораторияға жолдаманы толтырып пробирканыжеткізу
-Мұздатқышта пробирканы 2-3 сағат артық сақтауға болмайды .