Кәсіптік тәжірибе оқу процесінің құрамдас бөлігі болып табылады және студенттердің кәсіби қызметтің барлық түрлерін кешенді игеруін, базалық және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруын мақсат етеді.
Әдістемелік жетекші: 1. КТ кезінде студенттермен қашықтықтан байланысты қамтамасыз ету үшін әдістемелік жетекші топ атауымен чат құрады. MOODLE платформасында бұйрық, КТ өту кестесі, КТ бағдарламасы, студенттер үшін күнделікті жеке тапсырмалар, практикалық дағдылардың алгоритмдері, чек парақтар, сілтемелер бар әрбір топ үшін папканы қалыптастырады.
2. Әдістемелік жетекші студенттерге диплом алдындағы тәжірибеден өту бойынша ақпарат (видео, презентациялар, нұсқаулықтар) дайындайды.
3. Әрбір әдістемелік жетекшінің және студенттің платформаға кіру үшін жеке логині мен паролі бар.
4. Кәсіптік практикадан өту туралы бұйрық, КТ өткізу кестесі, кәсіптік практика бағдарламалары, сондай-ақ мемлекеттік Д.Қалматаев атындағы жоғары медициналық колледждің ресми сайтында орналастырылған.
5. Студенттер күн сайын практика бағдарламасына сәйкес тапсырмаларды орындайды, ресімделген беттерді көрсетілген поштаға жібереді (ситуациялық тапсырмаларға жауаптар, практикалық дағдылардың алгоритмдері, бейнероликтер).
6. Әдістемелік жетекші күн сайын студенттердің сабаққа қатысуын бақылайды, мониторинг жүргізеді, сабаққа қатысуды есепке алу табелін толтырады, студенттер үшін онлайн режимде топтық және жеке консультациялар ұйымдастырады және өткізеді.
7. Күн сайын 14.00-19.00 әдіскер MOODLE платформасында студенттермен жұмыс істейді.
8. Диплом алдындағы практика қорытындысы бойынша әдістемелік жетекші есеп дайындайды.
Білім алушы: 1. Тәжірибе бағдарламасы бойынша берілген тапсырмаларды күн сайын толық және өз бетінше орындайды;
2. Тәжірибе күнделігінде орындалатын жұмыстың сипаты, алгоритмдер, жеке тапсырмалар туралы жазба жүргізеді және практика әдістемелік жетекшіге күнделікті уақытында тексертуге жібереді.
3. Тәжірибелік дағдыларды алгоритм бойынша үйренеді, коммуникативтік дағдыларын жетілдіреді. Бейнероликтерді түсіреді және әдістемелік жетекшінің көрсетілген электрондық поштасына жібереді.
4. КТ өту кезінде студент оқулықтармен, конспектілермен жұмыс істейді,интернет ресурстарын, сілтемелерді, электронды оқулықтарды пайдаланады.
5. Кәсіптік тәжірибе аяқталған сон әдістемелік жетекші ген күнделікті өткізеді.
6.Тәжірбиелік дайындықтың аттестациялық кітапшасына әрбір тәжірибенің түрі бойынша әдістемелік жетекшіге әрбір тапсырмалар мен тәжірибелік дағдыларға сұрақтар тізімі бойыншажауап беріп баға қойдыртады.