Бағалау критериі: «5» бағасы – тәжірибелік дағды толық және дұрыс орындалса;
«4» бағасы – тәжірибелік дағды толық орындалса, бірақ аздаған қателіктер жіберілетін болса;
«3» бағасы – тәжірибелік дағды орындалса,бірақ нақты қателіктер жіберілетін болса;
«2» бағасы – егер студент дағдыны теориялық деңгейде білсе, бірақ тәжірибені іс жүзінде көрсете алмаса қойылады.
Тәжірибенің қорытындысы бойынша аттестациядан кейін тәжірибелік дайындық кітапшасына директордың ОТЖ бойынша орынбасары жалпы бағаны, қолын қояды. Бұл Қорытынды Мемлекеттік Аттестацияға жолдаманы растайды.
Аттестацияда қанағаттанарлықсыз баға алған студенттер Мемлекеттік емтихинға жіберілмейді және колледж басқармасының бекітілген тәртібіне байланысты оқудан шығарылып, қайтадан қалпына келтіру құқығына ие болады.
Күнделіктің барлық беттері, титулдық парақтан басқа нөмірленуі тиіс (титулдық парақ бірінші болып саналады, бірақ нөмірленбейді). Есеп мәтіні Word-те компьютерді пайдалану арқылы дайындалып, А4 форматындағы ақ қағаздың бір жағында басылып шығарылуы тиіс. Әріп түсі-қара, жоларалық интервал — дара, гарнитура-Times New Roman, қаріп өлшемі — 14 кегль.
6. Санитарлы – ағарту жұмыстарының ақпараты, жаңа хаттамалар мен бұйрықтар.
7. Ситуациялық есептер
Күнделік тәжірибенің әр бөліміне жүргізіледі. Күнделіктің басында тәжірибе бағдарламасына сәйкес өндірістік тәжірибенің күндері мен күндер саны толтырылады, жүргізілген еңбекті қорғау инструктажы бойынша белгілеу жүргізіледі.
Күнделікті “Жүргізілген жұмыс көлемі мен мазмұны” бағанында студент тәжірибе бағдарламасымен сәйкес жүргізген өзіндік жұмысы жазылады.
Күнделікті жазбаларда нақты белгілеу керек:
а) студент не көрді және байқады;
б) өзіндік жасалған жұмыстар.
Білім алушы емдеу мекемеде тәжірибе жетекшісімен бірге жұмыс бойынша сандық есеп шығарады.
Бес балдық жүйе бойынша баға қоймас бұрын, жүргізілген жұмыстың саны мен сапасы, тәжірибе мерзімінде алғаш жүргізілген манипуляциялардың толық жазылуы мен дұрыстығы, байқаулары және т.б күнделікте жазылған материалды білуі, нақтылық, ұқыптылық, жасалынған жазбалардың уақыттылығы есепке алынады. Баға емдеу мекеменің тәжірибе жетекшісімен күнделікті қойылады. “Баға мен тәжірибе жетекшісінің қолы” бағанында күнделік жүргізу нұсқауламасын орындау бойынша есептелінеді, білім алушы жүргізген өзіндік жұмыстарының сапасына баға беріледі.
Тәжірибе аяқталған соң білім алушы жүргізілген жұмысы бойынша есеп құрастырады. Тәжірибе нәтижесі бойынша есеп екі бөлімнен тұрады: а) мәтіндік; б) сандық.
Мәтіндік есепте студент тәжірибенің оң және теріс жақтарын белгілейді, тәжірибе кезінде қандай дағдылар мен білім алынды, колледжде тәжірибелік және теориялық дайындықты жақсартуға, тәжірибелік базаларда тәжірибені жүргізу әдістері мен ұйымдастыруына ұсыныстары, емдік процесс пен мекемеге қандай көмек көрсетті.
Сандық есепке тәжіибе мерзімінде жүргізілген, тәжірибе бағдарламасымен қарастырылған өзіндік тәжірибелік жұмыстар (манипуляциялар) көлемі қосылады. Есепке қосылған сандар күнделікте көрсетілген сандарға сәйкес келуі керек.