Білім берудегі менеджмент. Педагогикалык менеджмент мақсаттары, міндеттері, кызметі



Дата07.02.2022
өлшемі18,41 Kb.
#85756
Байланысты:
1 дәріс


Білім берудегі менеджмент. Педагогикалык менеджмент мақсаттары, міндеттері, кызметі.
Менеджмент басқарудың мақсатына адамдардың еңбек белсенділігін ынта-ықыласы арқылы көтеріп, олардың тиімді жұмысының негізінде жетуді ұйғарады. Ғылымның бұл түрін білу барысында басқарудың мақсаттарын қою мен дәлелдеу үшін нақты білім және тәжірибелік дағды алуға болады, осы мақсаттарға жету жолында персоналдың күш-қуатын жинастыруға, ғылыми дәлелденген шешімдерді қабылдауға, кадрлар жұмысын жүйелеуге, кәсіпорындарды біртұтас жүйе түрінде басқаруға мүмкіндік береді.
Әртүрлі ғылымдар секілді менеджменттің де теориясы болады, онда осы пәнге тән қасиеттер, міндеттер, категориялар, заңдылықтар, принциптер, әдістер, функциялар және өзінің ізденіс жолы қамтылады.
Басқару адамдардың парасаттылық нысаналы іс-қызметінің көмегімен қоршаған әлемді бағындыру және тіртіпке келтіру жұмысынан тұратындығы бұрыннан белгілі.
Менеджмент – басқарудың маңызды құрамдас бөлігі, оның пәні басқару үрдісіндегі әлеуметтік қатынастардан тұрады. Сөйтіп, менеджменттің ғылым ретінде айналысатын пәні басқару үрдісінідегі адамдардың арасындағы қалыптасатын қатынастар.
Менеджментті кәсіпкерлік іс-қызметтің түрі деп қарастыруға да болады. Осы көзқарасқа қарай менеджментті алдын-ала белгіленген экономикалық нәтижеге жету үшін адамдардың күш-қуатын нысаналы түрде шоғырландыруды ұйғаратын іс-қызметтің бір түрі деп түсінген дұрыс.
Әр салада басқару іс-қызметтің жалпы қағидаларымен бірге өзіне тән ерекшелігі болады. Аграрлық сфераны алатын болсақ, онда басқару қатынастарының ерекшелігі ең алдымен оның іс-жұмысының көлеміне, сонымен бірге жұмыскерлердің санына қарай әрбір елдің экономикасының ірі салаларының бірі болып есептелетініне байланысты. Кәсіпорындар мен ұйымдардың іс-жұмысына өздерінің ықпалын тигізетін сыртқы факторлардың қатарына жататындардың бірін көрсетпесек те, келесілерді айтуға болады: халықтың төлем қабілеті бар сұранысты, өндірістің, тауарды сыртқа шығарудың және оны шеттен әкелудің, бәсекенің, табиғат пен ауа-райының демографияның жиі жағдайын. Сонымен қатар, бұл кәсіпорындардың және ұйымдардың іс-қимылы олардың қолындағы жердің, техниканың малдың, материалдық құралдардың және ақша қаржысының болуына ғана емес, сонымен бірге оларда ең алдымен жұмыс істейтін адамдардың барлығына байланысты.
Педагогикалық менеджмент − бұл білім беру процесін басқарудың кешенді принципі мен технологиялық тәсілдер, ол тек білім мекемелеріне тиімді басшылықтың творчествалық потенциялын көрсетіп қана қоймай, педагогтар, студенттер мен тыңдаушыларға да өзіне тән міндеттер ауқымын жүктейді. Кез-келген ғылымда, оның ішінде педагогикада да менеджмент сөзінің негізі антропоцентрлік көзқарасты құрайды, оған мына үш талап қойылады:
Өз қарамағындағы қызметкерлерге сыйластықпен қарау;
Оларға сенім білдіру;
Олардың іс-әрекетінде табысқа жету мүмкіндігін жасау.
Антропоцентрлік грек сөзі, аудармасы адам деген мағынаны білдіреді. Көзқарас дегеніміз басқару ісінің мақсаттары мен міндеттеріне мәнді түзетулер ендіруді білдіреді. Басқару қызметінің негізгі өзегі болып адамның творчествалық мүмкіндігін мейлінше өнімді пайдалану болып табылады. Осыған байланысты менеджменттік стратегияның жаңа қызметімен жүзеге асыруда мынадай базалық негізде арқа сүйейді:
-творчествалық топтарды іске тарту арқылы қабылдаған шешімнің сапасын арттыру;
-қызметкердің жауапкершілік сезімін күшейту;
-инженер - педагог қызметкерлер арасында ақпарат жариялылығы мен өзара сенімділікті арттыру арқылы оқу орнында дұрыс ахуал қалыптастыру;
-оқушылар мен өндірістік оқыту шеберлердің еңбектерін дер кезінде бағалап, оның шығармашылық идеялары мен инновациялық іс-әрекеттеріне қолдау көрсету;
-студенттер мен оқушыларды шешім шығаруға қатыстырып, оның оған жауапкершілігін арттыру.
Педагогикалық менеджмент міндеттері басқару мазмұнымен анықталады. Басқару мазмұны функцияланының мына төмендегі компоненттердің өзара үйлесімділігі:


Жоспарлау;
Ұйымдастыру;
Реттеу;
Бақылау;
Есеп жүргізу;
Талдау.
Педагогикалық менеджменттің негізгі міндеттеріне мыналарды жатқызуға болады (шешімді қабылдау мен орындауда):
-қарамағындағы қызметкерлердің жұмысын жоспарлау, яғни іс-қимыл стратегиясын әзірлеу;
-жиналыстар, педагогикалық кеңестер, семинарлар өткізу туралы нұсқаулар беру;
-басқару шешімдерін рәсімдеу, оқыту мазмұнына сәйкес бағдарламалар мен жоспарлар дайындау, оның орындалу мерзімі мен жауапты қызметкерлерін көрсету;
-басқару шешімдерін дайындау және қабылдау, кадрларды іріктеу және оның кәсіби біліктілігі мен психологиялық ерекшеліктеріне қарай өзара міндеттерін бөлісу, кеңестер беру, т.б.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет