Болатын теориялық және методологиялық мәселелер қарастырылды


Жалдау шартын кестеде көрсетуге болады.  Ең төменгi жалдық төлемдi есептеу



Pdf көрінісі
бет37/169
Дата14.01.2022
өлшемі1,12 Mb.
#129321
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   169
Байланысты:
Karzhylyk-esep-2-Baiboltaeva
Основные понятия ОС Linux, 35 тақырып, ~$ қазақша, 33.Metod Web 44.03.01 2017 (1), ФИНУЧЕТ (каз), 1 аралық бақылау тапсырмалары Банк қызметінің автоматтандырылған жүйелері, Қаржы нарықтары және делдалдары Тлегенова Айнагуль, схемы, Статья2021, Нугманова Г.Н., СРСП-новый, Бағалы қағаздардың есебі, 1515570698, тарих тест, ПТП ЭН 19
 
Жалдау шартын кестеде көрсетуге болады. 
Ең төменгi жалдық төлемдi есептеу 
 
Кезең  Жабылмаған 
жалдық 
мiндеттемелер 
Ең төменгi 
жалдық 
төлемдер 
Қарастырылған 
пайыздық ставка 
бойынша сый-
ақы – 12,5 
Жалдық 
мiндеттемелердi 
жою үшiн 
жасалынған 
төлемдер (бағана 3-
бағана -4) 





1-
шi жыл 
2-
шi жыл 
3-
шi жыл 
4-
шi жыл 
5-
шi жыл 
х 
100000 
75000 
59375 
41797 
22022 
х 
25000 
25000 
25000 
25000 
25000 
125000 

9375 
7422 
5225 
2978 
25000 
25000 
15625 
17578 
19775 
22022 
100000 
 
         
Келтiрiлген  мысалға  сәйкес  жалға  алынған  мүлiк  үшiн  жалға  алушы 
125000  теңге  мөлшерiнде  ең  төменгi  жалдық  төлемдi  жыл  сайын  25000 
теңгеден төлеп отыруға кепiлдiк берген. 
Сый ақыларды төлеу бойынша шығыстар қарастырылған немесе  әрбiр есептi 
кезеңнiң  жойылмаған  жалдық  мiндеттемелерiнiң  құндарына    қолданылатын 
өспелi  пайыздық  ставка  негiзiнде  (жалдау  келiсiм  –  шартын  жасаған  кезде 
қайсысының  пайдаланылғандығына байланысты )анықталады. 
Мысалы:  жоғарыдағы  кестеде  келтiрiлген  мәлiметтер  бойынша  (төртiншi 
бағана) қарастырылған пайыздық ставка негiзiнде төлем мерзiмдерi бойынша 
сый-ақы төлеу былайша есептелiнедi: 
 
2-
шi жылда – 9375 теңге (75000*12,5):100 
3-
шi жылда – 7422теңге (59375*12,5): 100 
4-
шi жылда – 52225 (41797*12,5): 100 
5-
шi жылда – 2978 (22022*12,5)=2978 
42 
 


 
Жалдау кезiнде қарастырылған пайыздық ставка – ең төменгi жалдық 
төлемдi    айқындау  үшiн  жалдаудың  бас  кезiнде  мүлiктiң  дисконтталған 
құнын    сонымен  бiрге  жалдаудың  бас  кезiнде  ағымдағы  құны  бойынша 
кепiлдендiрiлген қалдық құнды анықтаушы дисконт ставкасы. 
 
Егер  қарастырылған  пайыздық  ставканы  анықтау  мүмкiн  болмаса, 
жалдаушы қарызға алған капиталға өспелi пайыздық ставка пайдаланылады. 
Жалдаушының  қарызға  алған  капиталына  өспелi  пайыздық  ставка  осы 
сияқты жалдау үшiн жалдаушы төлеуге тиiстi пайыздық ставка алу кезеңiнде 
несиенi  пайдаланғаны  үшiн  жалдаудың  бас  кезiнде  жалға  алушы 
қабылдайтын ставка. Мысалы, жалға алушы мүлiктi өз меншiгiне ағымдағы 
құны  бойынша  –  100000  теңгеге    сатып  алу  үшiн  банктен    10  пайыздық 
жылдық төлеммен несие алды. 
Жалдау  келiсiм  –  шартын  жасау  кезiнде  ең  төменгi  жалдық  төлемдердi 
анықтау үшiн қарастырылған пайыздық ставканы айқындау мүмкiн болмады. 
Сондықтан жалдау келiсiм-шартында 10 пайыз мөлшерiнде жалға алушының 
қарызға алған капиталына өспелi пайыздық ставканы пайдалануға болады. 
Жалдық  мiндеттемелердi  жою  (жабу)  үшiн  жасалынатын  төлем
 
ең 
төменгi  жалдық  төлемдер  мен  сый-ақы  төлеу  бойынша  шығыстардың 
арасындағы айырма ретiнде анықталады. Мысалы, жоғарыдағы «Ең төменгi 
жалдық төлемдi есептеу» кестесiндегi 5-шi бағананың мәлiметтерi бойынша  
тиiстi  кезеңдердегi  жалдық  мiндеттемелердi  жою  үшін    мынадай  төлемдер 
жасалынды: 
2-
шi жылда – 15625 теңге (25000-9375) 
3-
шi жылда – 17578теңге (25000-7422) 
4-
шi жылда – 19775теңге (25000-5225) 
5-
шi жылда – 22022теңге (25000-2978) 
 
Жалға  алынған  активтер  бойынша  тозуды  есептеудi  жалға  алушы 
жүзеге    асырады.  Амортизация    және  сый  –  ақы  төлеу  бойынша  шығыстар 
жалдаудың бүкiл мерзiмiндегi әрбiр  кезеңде есепке алынады. 
 
Егер  жалдау  мерзiмiнiң  аяғында  меншiк  құқығы  жалға  алушыға 
ауысатындығына жеткiлiктi сенiм болмаса, онда активтi жалдау немесе оның 
тиiмдi  пайдалану  мерзiмдерiнiң  ең  қысқасының  iшiнде  актив  бойынша 
тозудың  барлық  сомасы  есептелуге  тиiстi.  Мысалы,  «Мерей»  ЖШС-гi 
«
Арай»  акционерлiк  қоғамының  жабдығын  5  жыл  мерзiмге  жалға  алды. 
Келiсiм-шарттары  бойынша  жалдау  қаржыландырылған  жалдау  ретiнде 
танылады.  Жабдықтың  тиiмдi  пайдалану  мерзiмi  8жыл.  Келiсiм  –  шартта  
меншiк құқығы жалға алушыға ауысатындығы қарастырылмаған сондықтан 
тозу  жалдау  мерзiмi  ішінде  жабдықтың  баланста  есепке  алынған  құнына 
(100000теңге)  және  жалдау  мерзiмiне  бiрқалыпты  есептеу  тәсiлi  бойынша 
жылына 20 пайызбен  есептеледi.  
Жалға  алушыда  қаржыландырылған  жалдауға  алынған  активтер  2410 
«Негізгі құралдар» шоттының  (аралық шоттарды  көрсете отырып) дебетiнде  
және 4150 «Жалдау бойынша ұзақ мерзімді борыштар» шотының кредитiнде 
көрсетiледi. Жалға алынған активтер үшiн төленуге тиiстi  сый-ақы (пайыз) 
43 
 


сомасына  7320  «Қаржыландырылған  жалдау  ройынша  пайыздарды  төлеу 
шығыстары»  шоты  дебеттелініп    4160  «Төленуге  тиісті  ұзақ  мерзімді 
сыйақылар» шоты кредиттелiнедi 
 
Тиiстi  қаражат сомасы әрбiр есептi кезеңде жалға берушiге аударылған 
кезде  4150  шоты  –  жалға  алынған  мүлiктiң  құнын  өтеуге  қатысты  сомаға, 
4160 
шоты  –  сый  ақы  төлеу  бойынша  шығыстар  сомасына    дебеттелiнедi 
және «Ақша қаражаттары»  бөлiмшесінiң шоттары кредиттелiнедi. 
Қаржыландырылған  жалдау  шарты  бойынша  жалдаушы  жалға    алынған 
активтiң  тозуын  есептеудi  жүзеге  асырады.  Жалға  алынған  активтiң 
кәсiпорынның  шаруашылық  қызметiнiң  қай  салада  пайдаланылатындығына 
байланысты  есептелген  тозу  сомасына    мына  шоттар  дебеттелiнедi:  8410– 
егер  негiзгi  құралдар  өндiрiс  саласында  пайдаланылатын  болса,  7110-  егер 
негiзгi  құралдар  сатып-өткiзу  процессiне  пайдаланылатын болса,  7210-  егер 
негiзгi құралдар жалпы шаруашылық және әкiмшiлiк басқару мақсаттарына 
пайдаланылатын  болса  және  2420  «Негізгі  құралдардың  амортизациясы» 
шотының тиiстi аралық шоттары кредиттелiнедi. 
Қаржыландырылған  жалдау  операцияларының  есебін     төмендегi  мысал 
арқылы қарастырып көрейiк. 
 
Шаруашылық  жүргiзушi  субъектiлердiң  арасында  құрал  –  жабдықты 
жалдау бойынша  төмендегi келiсiм-шарт жасалынды: Құрал жабдық  5 жыл 
мерзiмге жалға алынды; жалдық төлем бойынша есептеулер әрбiр  жылдың 
аяғында  жүзеге  асырылады;  жалдаудың    бас  кезiнде  жабдықтың  ағымдағы 
құны  –  220000  теңгенi,  бастапқы  құны  –  230000теңгенi,  жинақталған 
амортизация  сомасы-10000теңгенi  құады;  жалдаушы    қарастырылған 
проценттiк  ставка  8  пайызды  құрайды;  жалдау  мерзiмiнiң  аяғында 
жабдықтың  дисконтталған  құны  –  250000  теңгеге  тең  болады;  жалдау 
мерзiмiнiң  басында  анықталған  жабдықтың  кепiлдiк  берiлген  қалдық  құны  
20000  теңгенi  құрайды;  жалдау  мерзiмiнiң  соңында  жабдықтың  жалға 
берушiге  қайтарылуы  көзделедi;  жалға  алушының  есеп  саясатында  тозуды 
бiрқалыпты  әдiс  бойынша  есептеу  қарастырылған.  Төмендегi  кестеде  екi 
жақты келiсiм шарт қарастырылған. 
Шарттар  бойынша  жалдық    төлемдердiң  және  сый-ақылардың  сомасын 
анықтаймыз: 
 
Кезең 
Жабылмаған 
жалдық 
мiндеттеме- 
лер 
Ең 
төменгi 
жалдық 
төлемдер 
Қарастырыл-
ған пайыздық 
ставка бойын-
ша сый-ақы – 
8% 
Жалдық мiндет-
темелердi жою 
үшiн  жасалынған 
төлемдер 
(бағана3-бағана4) 
Есептелген 
амортизация 
сомасы 
1-
шi жылы 
2-
шi жылы 
3- 
шiжылы 
4-
шi жылы 
5-
шi жылы 
200000 
166000 
129280 
89622 
46792 
50000 
50000 
50000 
50000 
50000 
16000 
13280 
10342 
7170 
3208 
34000 
36720 
39658 
42830 
46792 
40000 
40000 
40000 
40000 
40000 
Барлығы: 
 
250000 
50000 
200000 
200000 
44 
 


Келiсiм шартқа сәйкес жалға алынған мүлiк үшiн жалдаушы кепiлдендiрген 
250000  теңге  ең  төменгi  жалдық  төлем  сомасы  жыл  сайын  50000теңге 
мөлшерде төленедi. 
Бұл операциялар бойынша жалға алушының бухгалтерлiк есебiнде төмендегi 
бухгалтерлiк жазулар орындалады: 
 
 
Реттiк 
номерi 
Шаруашылық операцияларының мазмұны 
Сомасы 
теңге 
Шоттар 
кореспонденциясы 
ДТ 
КТ 





1. 
Бес жыл мерзiмге жалға алынған құрал жабдық 
қабылданды: 
-
 
құрал-жабдықтың келiсiм бағасына 
 
 
 
 
 
 
220000 
 
 
 
 
 
 
2410 
жалға  
алынған 
негізгі 
құрал-
жабдық 
аралық 
шоты 
 
 
 
4150 
 
 
 
2. 
Жалдау  келiсiм-шарты  бойынша  сый-ақы 
(процент) есептеледi: 
 
 
5000 
 
 
 
7320 
 
4160 
 
3. 
 
Жалға  берушiге  жалдық  төлем  сомасы 
аударылды  
 
200000 
 
 
 
 
4150 
 
 
 
1030 
 
 
4. 
 
Жалға  алынған  құрал-жабдық  үшiн  сый-ақы  
(жалдық  процент)  сомасы  жалға  берушiге 
аударылды: 
 
 
50000 
 
 
 
        4160 
 
 
 
1030 
 
 
5. 
Жалға  алынған  құрал-жабдық  бойынша 
жалдаудың  барлық  кезеңiне  амортизация 
есептелдi 
 
200000 
 
8410 
 
2420 
6. 
Жалға  алынған  құрал-жабдық    жалға  берушiге 
қайтарылды: 
-
 
есептелiнген амортизация сомасына 
-
 
кепiлдендiрiлмеген қалдық құн сомасына 
 
 
200000 
20000 
 
 
 
         2420 
         4150 
 
 
2410 
2410 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   169




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет