Болатын теориялық және методологиялық мәселелер қарастырылды



Pdf көрінісі
бет88/169
Дата14.01.2022
өлшемі1,12 Mb.
#129321
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   169
Байланысты:
Karzhylyk-esep-2-Baiboltaeva
Основные понятия ОС Linux, 35 тақырып, ~$ қазақша, 33.Metod Web 44.03.01 2017 (1), ФИНУЧЕТ (каз), 1 аралық бақылау тапсырмалары Банк қызметінің автоматтандырылған жүйелері, Қаржы нарықтары және делдалдары Тлегенова Айнагуль, схемы, Статья2021, Нугманова Г.Н., СРСП-новый, Бағалы қағаздардың есебі, 1515570698, тарих тест, ПТП ЭН 19
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
                                 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
97 
 


8.1 
Табыс салығын есепке алу. БЕХС №12 «Пайдаға салынатын салық»
            
        
          
Шаруашылық жүргізуші ұйымдар Қазақстан Республикасының «Салық 
және  бюджетке  төленетін  басқа  да  міндетті  төлемдер  туралы»  Кодексімен 
реттелетін  корпоративтік  табыс  салығы  бойынша  бюджетпен  есеп  айырысу 
операцияларын жүзеге асырады. 
          
Корпоративтік  табыс  салығының  төлеушілері  болып  Қазақстан 
Республикасының  аумағында  өзінің  шаруашылық  қызметін  жүзеге  асырып, 
одан  табыс  алушы  заңды  тұлғалар  (резиденттер  және  резидент  еместер) 
танылады. 
 
Корпоративтік  табыс  салығы  салықтың  кең  тараған  түрі  ғана  емес, 
сонымен  бірге  ол  салықтың  ең  маңызды  түрі  –  табыс  салығының  ставкасы 
салықтың  басқа  түрлерімен  салыстырғанда  ең  жоғарғы  болып  табылады, 
сонымен бірге ол күрделілігімен де ерекшеленеді.  
 
Корпоративтік  табыс  салығы  бюджет  кірісінің  негізгі  көзі  болып 
табылады.  90-шы  жылдардың  басында  пайдаға  салынатын  салық  (ол  кезде 
солай  аталған)  салық  салынатын  пайданың  55  пайызына  дейін  жеткен 
болатын.  Кейінгі  уақытта  ол  20  пайызға  дейін  төмендеді  және  кәсіпкерлік 
қызметтің барлық субъектілері үшін бірегей ставка болып қалыптасты  
1995  жылдың  1  шілдесінен  бастап  Салық  кодексінің  қолданысқа  енгізілуі 
Қазақстанда бухгалтерлік есептің салық салу жүйесінен заңды түрде бөлінуін 
туындатты. Осыған байланысты бір уақытта есептің екі түрін: бухгалтерлік 
есепті және салық есебін жүргізу қажеттілігі пайда болды.  
 
Бухгалтерлік  есептің  негізгі  мақсаттарының  бірі  -  өнімдердің 
(қызметтердің,  жұмыстардың)  өзіндік  құнын  және  кәсіпорынның 
шаруашылық  қызметінің  нақты  қаржылық  нәтижесін  (табыс  немесе  зиян) 
анықтау. Ал салық есебі салық салынатын табысты анықтауға арналған. 
          
Халықаралық бухгалтерлік есеп тәжірибесінде табыс салығының есебін 
жүргізу  және  қаржылық  есептілікте  көрсетудің  әдістемесі  12  “Пайдаға 
салынатын  салық”  деп  аталатын  қаржылық  есептіліктің  халықаралық 
стандартымен реттеледі.  
         
Бухгалтерлік  есеп  пен  салық  есебіне  қойылатын  талаптардағы 
өзгешеліктердің  нәтижесінде  бухгалтерлік  табыс  пен  салық  салынатын 
табыстың  арасында  айырмашылықтар пайда  болатындықтан,  салық  төлемін 
дұрыс  анықтау,  оны  бухгалтерлік  есеп  пен  қаржылық  есеп  беруде  дұрыс 
көрсету және бақылау жасаудың маңызы зор.  
         
Салық  төлемі  дегеніміз
  - 
қаржы-шаруашылық  қызметтің  нәтижесі 
жөніндегі қорытынды есепте көрсетілген табыс салығының сомасы.  
         
Төленуге  тиісті  табыс  салығы
  - 
салық  салынатын  табыс  сомасынан 
есептелген, есепті кезең үшін төленуге жататын салық сомасы.
 
 
Корпоративтік  табыс  салығының  ағымдағы  есебін  бухгалтерлік  табыс  пен 
салық  салынатын  табыстың  арасындағы  айырмашылықты  ескере  отырып, 
Ұлттық және халықаралық стандарттардың талабына сай дұрыс жүргізу мен 
оларды  қаржылық  есептілікте  дұрыс  көрсету  әрбір  отандық  кәсіпорынның 
98 
 


есеп саясатын құруда шешімі табылуға тиісті негізгі мәселелердің бірі болып 
табылады.  
         
Бухгалтерлік  табыс  дегеніміз
  – 
заңды  тұлғаның  табысынан  алынатын 
салық  төлемін  алып  тастағанға  дейінгі  кәдімгі  қызметінен  және  кездейсоқ 
жағдайлардан алынған табысы немесе шеккен зияны.  
         
Салық  салынатын  табыс
  -  
салық  заңына  сәйкес  анықталған  есепті 
кезеңдегі табыс (зиян) сомасы.  
         
Салық  заңының  талаптарының  бухгалтерлік  есепке  қойылатын 
талаптардан айырмашылығы бар. Соның нәтижесінде бухгалтерлік табыс пен 
салық салынатын табысты анықтауда айырмашылық туындайды. 
         
Пайда болу себептеріне байланысты айырмашылықтар 
тұрақты
 
немесе  
уақыттық
 
(уақытқа 
байланысты) 
болуы 
мүмкін. 
Тұрақты 
айырмашылықтың
 
туындау  себебі  бухгалтерлік  табсыты  есептеуде 
ескерілетін  табыстар  мен  шығыстардың  кейбір  баптары  салық  салынатын 
табысты есептеуде ескерілмеуінен болады.  
Тұрақты айырмашылықтарға жататындар: 
а)  валюталық  шот  бойынша  және  шетелдік  валютамен  орындалатын 
операциялар бойынша бағамдық айырмашылықтар; 
ә) бюджетке төленетін айыппұл; 
б) кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес шығыстар; 
      
в)  Қазақстан  Республикасының  үкіметі  бенлгілеген  нормадан  жоғары  іс 
сапар  шығындарының  және  сол  сияқты  шығындардың  орнын  толтыруға 
жұмсалған шығындар.  
    
Тұрақты  айырмашылықтар  табыс  салығы  бойынша  шығыстардың 
жиынтық  сомасын  есептеумен  байланысты.  Тұрақты  айырмашылықтар  тек 
қана  табыс  салығының  жиынтық  сомасына  әсер  етеді,  және  де  есептер 
кезеңдер  бойынша  міндеттемелерді  немесе  салықтық  талаптарды  бөліп 
таратуда  теориялық  жағынан  да  практикалық  жағынан  да  ешқандай  мәселе 
туындатпайды.  
    
Уақыттық  айырмашылықтардың
 
(уақытқа  байланысты  сәйкессіздіктің) 
пайда  болу  себебі:  бір  есептік  кезеңде  бухгалтерлік  табысты  есептеуде 
ескерілетін  табыстар  мен  шығыстардың  кейбір  баптары  салық  салынатын 
табысты есептеуде басқа кезеңде ескеріледі. Сөйтіп белгілі бір есепті кезеңде 
пайда болған айырмашылықтар келесі есептік кезеңдерде жойылады. 
    
Бухгалтерлік  және  салық  салынатын  табысқа  енгізілетін  табыстар  мен 
шығыстардың  жалпы  сомасы бірдей болады,  бірақ  есепті  кезеңдер  әр  түрлі 
болады.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   169




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет