Қаржылық құралдар ретінде танылмайтындар: өздерінің сипаты
бойынша келісім - шарттан тыс міндеттемелер (мысалы, бюджеттің және
бюджеттен тыс қорлардың алдындағы міндеттемелер), алдын ала жасалынған
төлемдер, операциялық жалдау, сондай - ақ қаржылық емес активтермен
байланысты келісім -шарттық құқықтар.
Халықаралық бухгалтерлік есеп жүйесінде қаржылық құралдардың есебін
жүргізу мен қаржылық қорытынды есепте көрсету қаржылық есеп берудің
халықаралық стандарттарымен (ҚЕХС) реттеледі:
32 «Қаржылық құралдар: ақпараттарды ашып көрсету және тапсыру» деп
аталатын қаржылық есеп берудің халықаралық стандарты 1995 жылы
қабылданды. Ол қаржылық құралдарды капиталдың немесе міндеттемелердің
құралы ретінде жіктеуге, осы құралдарға қатысты есеп саясаты жөніндегі
ақпараттарды қаржылық есептілікте ашып көрсетуге қатысты мәселелерді
анықтайды.
39 «Қаржылық құралдар: танылуы және бағалануы» деп аталатын
қаржылық есеп берудің халықаралық стандарты 2001 жылдан бастап
пайдаланыла бастады. Бұл стандартта қаржылық құралдарды тану (есепке
алу) және бағалау мәселелері қарастырылған.