Үлестік қатысу әдісі төмендегі белгілерімен сипатталады:
1. Сатып алу сәтінде инвестиция сатып алу құны бойынша еспке
алынады;
2. Инвестиция салынған кәсіпорынның таза табысындағы (пайдасындағы)
инвестордың үлесін инвестициялардың баланстық құнының өсуіне, ал
зиянындағы үлесін – инвестицияның баланстық құнының төмендеуіне
жатқызады.
54
3. Алынатын дивидендтердің сомасын инвестор инвестицияның
баланстық құнының төмендеуіне жатқызады.
Үлестік қатысу әдісі бойынша инвестицияларды есепке алу 2210 «Үлестік
қатысу әдісімен есепке алынатын инвестициялар» шотында, ал инвестиция
салынған кәсіпорынның таза табысындағы (пайдасындағы) инвестордың
үлесін есепке алу 6410 «Қауымдасқан ұйымдардың пайдасындағы үлес»
шотында жүргізіледі
Мысалы: «Арман» АҚ 2009 жылғы 1 қаңтарда «Бөбек» АҚ- ның
айналымдағы акцияларының 25 пайызын, яғни 1800 акцияның 450- н 67500
теңгеге сатып алды.
Бұл операцияға төмендегі бухгалтерлік жазу орындалады:
Дт Кт
2210 1030 67
500 теңге
Жылдың аяғында «Бөбек» акционерлік қоғамы 40 мың теңге
мөлшерінде таза табыс алды және 15 мың теңге мөлшерінде дивиденд
есептелінді. Дт Кт
2210 6410 10
000 теңге
1030 2210 3750 теңге
Инвестицияны сатып алу сәтінде олар бухгалтерлік есепте сатып алу
құнымен көрсетіледі (67 500 теңге). «Бөбек» акционерлік қоғамының таза
табысындағы инвестордың үлестік қатысуы 10 000 теңгені құрайды (40 000 *
25% : 100). Осы сомаға «Арман» акционерлік қоғамы инвестицияларының
баланстық құны өседі және үлестік қатысудан алынған табыс ретінде
танылады. Дивидендтің хабарланған сомасы 3750 теңге (15 000 * 25% : 100)
инвестицияның баланстық құнын төмендетеді. Сөйтіп, 2010 жылдың 1
қаңтарына инвестициялардың құны 73 750 теңгені құрайды (67 500 теңге +
10 000 теңге – 3750 теңге).
Егер инвестиция салынған компания шаруашылық қызметінің
нәтижесін есепті жылы зиянмен аяқтаған болса, онда инвестор ол
компанияның зиянындағы өзінің үлестік қатысуын мойындайды, яғни есепке
алады. Мұндай кезде инвестиция салынған компанияның зиянындағы
инвестордың үлесіне инвестицияның баланстық құны төмендейді.
Мысалы: «Бөбек» АҚ 2011 жылғы 1 қаңтарға 20 000 теңгеге зиянды көрсетті.
Дивиденд есептелінген жоқ. «Арман» акционерлік қоғамы «Бөбек»
акционерлік қоғамының зиянындағы үлесінің сомасына 5 000 теңгеге
инвестицияның баланстық құнын азайтады және оны үлестік қатысудан
шеккен зиян ретінде 7610 «Қауымдасқан ұйымдардың зиянындағы үлес»
шотына есепке алады.
Бұл операцияға төмендегі бухгалтерлік жазу орындалады:
Дт Кт
7610
2210 5000 теңге
Сөйтіп, 2012 жылғы 1 қаңтардағы инвестицияның құны 68 750 теңгені
(73 750 теңге – 5 000 теңге) құрайды.
55
Егер қауымдасқан ұйымның зиянындағы инвестордың үлесі
инвестицияның баланстық құнына тең немесе одан жоғары болса, онда
зияндағы үлес инвестицияның баланстық құнын төмендетеді, ал
инвестицияның құнынан асып кеткен сома баланстан тыс көрсетіледі.
инвестор тәуелді серіктестіктің таза табысындағы өзінің үлестік қатысуын
тек таза табыстағы оның үлесі таза зияндағы үлесіне тең болғанда ғана
қайта көрсете алады.
Әділетті құн әдісі мен үлестік қатысу әдісін салыстыру.
2010 жылғы 2 – қаңтарда «Әділ» компаниясы «Мақсат»
компаниясынан әрқайсысының құны 100 теңге тұратын 4800 акцияны
(Мақсат компаниясының қарапайым акцияларының 20% - ы) сатып алды.
Әділетті құн әдісі:
Үлестік қатысу әдісі:
Дт Кт Дт Кт
2030 1030 480
000 т 2210 1030 480 000 тг
«Мақсат» компаниясының 2010 жылғы таза табысы 200 000 теңгені
құрады. «Әділ» компаниясының үлесі 20% немесе 40 000 теңге.
Бухгалтерлік жазу ДТ КТ
Орындалмайды 2210 6410 40 000 тг.
2010 жылдың 31 желтоқсанында «Мақсат» компаниясының 4800
акцияларының әділетті құны (нарықтық құны) бір акцияға шаққанда 120
теңге (немесе 576 000 теңге)
Дт Кт Бухгалтерлік жазу
2
030 6150 96000 орындалмайды
2011 жылдың 28 қаңтарында «Мақсат» компаниясы 100 000 теңге
мөлшерінде дивиденд төлейтіндігін хабарлады және төледі. «Әділ»
компаниясына 20 000 теңге немесе 20%дивиденд келіп түсті
Дт Кт Дт Кт
1030 6120 20 000 1030 2210 20 000
«Мақсат» компаниясы 2011 жылды 50 000 теңге зиянмен аяқтады.
«Әділ» компаниясының үлесі 20% немесе 10 000 теңге
Бухгалтерлік жазу
Дт Кт
орындалмайды 7610 2210 10 000
2011 жылдың 31 желтоқсанында «Мақсат» компаниясының 4800
акцияларының әділетті (нарықтық бағасы) бір акцияға шаққанда 110 теңге
болды (немесе 528 000 теңге)
Дт Кт Бухгалтерлік жазу орындалмайды
7330 2030 48 000
56
|